Түзету принципі. Кез-келген адам өзінің практикалық әрекетінде қате жібермеуден сақтанбағандықтан, қандай да бір себептерге байланыссыз (қателердің саны, уақыты және жіберген жері т.б.) мұқиятты түрде психологиялық мазасыздануды және жағымсыз эмоцияларды түсіре отырып, кәсіби сөйлесу арқылы өзара түсіністікпен өзінің қатесін түзетуі қажет.
Басқару мәдениеті аксиологиялық, технологиялық және тұлғалық- шығармашылық компоненттерінен тұрады.
Мектеп жетекшісінің басқару мәдениетінің аксиологиялық компоненті
мектепке жетекшілік етуге маңызды және мәні бар басқару – педагогикалық
құндылықтардың жиынтығы болып табылады. Оған тиімді басқаруға мүмкіндік беретін идеяларды, тұжырымдамаларды алуға болады.
Мектеп директорының басқару мәдениетінің технологиялық компоненті педагогикалық процесті басқару жолдары мен тәсілдерін қамтиды. Мектепішілік басқару технологиясы арнайы педагогикалық міндеттері жүзеге асыруды қарастырады. Осындай міндеттерді атқару менеджер- жетекшінің педагогикалық талдау мен жоспарлау, ұйымдастыру, педагогикалық процесті бақылау мен реттеу бірліктерін меңгеруге негізделеді.
Мектеп директорының басқару мәдениетінің тұлғалық-шығармашылық компоненті педагогикалық жүйелерді басқаруды шығармашылық акт түрінде негіздейді. Басқару іс-әрекеті шығармашылық сипатты, басқару құндылықтары мен технологияларын меңгеру негізінде ұйымдастырылатын іс-әрекет ретінде түрлендіріледі, өзгереді. Мұндай түрлендірулер мен өзгерулер жетекшінің тұлғалық ерекшеліктеріне де, басқару объектілерінің ерекшеліктеріне де байланысты.
Қызметкерлерді бағалау. Қызметкерлерді бағалау олардың лауазымға сәйкестігін тексеру үшін жүзеге асырылады.
Кәсіби біліктілікті көтеру принципі – мектептің дамуының бірден-бір жолы. Мектеп басшысы үнемі оқу-тәрбие процесіне жаңалық ендіруге құлшыныс жасап, оны жүргізуге мұғалімдерді ұдайы тартып отыруы тиіс. Мектеп менеджері мұғалімнің өзінің біліктілігін ұдайы, үздіксіз көтеруге ұмтылдыруы қажет.
XX ғасырдың 80 жылдары А.А.Бодалев, В.Я.Ляудис педагогикалық қарым-қатынасты педагогика ғылымының жаңа саласы деп көрсетті.
Педагогикалық қарым-қатынас – коммуникацияны орнату, дамыту, ұйымдастыруға бағытталған ортақ іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұнына байланысты туындайтын педагог пен оқушы арасындағы өзара түсіну және өзара әсер ету процесі.
Педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынас – бұл оқу міндеттерін шешу құралы, оқу процесін әлуметтік-психологиялық қамтамасыз ету; оқыту мен тәрбиенің тиімділігіне әсер ететін педагог пен балалардың өзара қарым- қатынасын ұйымдастыру.
Қарым-қатынас – топ не ұжым мүшелері арасындағы өзара байланыс жүйесі; адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс.
Педагогикалық басқару әдістері көзделген мақсаттарға жету және басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |