педагогтермен бірге жоспардың жобасын құру;
ұжымдық жоспарлау (ресми мақұлданған, түзетілген, педагогтардың іс-қимылдарын тексеру, ұсыныстар жиынтығы, оқушы мен ата-аналар ойы);
жоспар жобасына педагогтардың ұжымдық жоспарлау нәтижесі есебінде жасалған түзетулерін енгізу;
тәрбие жұмысының жоспарын түпкілікті ресімдеу.
Тәрбие жұмысын жоспарлауда төмендегілерді ескеру қажет:
талдау барысында тәрбие жұмысының нәтижесі мен тұжырымын білу;
тәрбиелік және ұйымдастырушы-педагогикалық міндеттерді білу;
тәрбие жұмысы бойынша педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің сипаттамасы мен кеңестерін, материалдарын білу;
әр елдің, қаланың, мектептің озық тәжірибелерін білу;
ата-аналар мен көпшіліктің мүмкіндіктерін;
кәсіпорын, мәдениет мекемелерінің тәрбиелік қуаты;
оқу жылының дәстүрлі мерекелерін;
ел, қала, ауыл өміріне байланысты оқиғаларды, даталарды;
ұлы адамдардың өміріне байланысты оқиғаларды, даталарды;
мектептің дәстүрін;
педагогтардың, оқушылардың, ата-аналардың ұсыныстары.
Бұл міндеттерді шешу балалар іс-әрекетін дамытуға мүмкіндік береді. Іс- әрекет кезінде қарым-қатынас, салауатты өмір арқылы тәрбиеші дене және рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастырып, әрбір тұлғаның дамуына септігін тигізеді.
Е.В.Бондаревскаяның тұжырымдамасы бойынша оқушыларды тәрбиелеуде мектептердің алдында төмендегідей маңызды міндеттер қойылады:
жастардың философиялық ғылыми дүниетанымын дамыту, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық түбірлі өзгерістер жағдайында өмірдің мәнін түсінуге көмектесу, өмірге қарым-қатынасын қалыптастыру;
жалпыадамзаттық мәдени байлық мұраны пайдалана білуге баулу;
әрбір баланың табиғи нышанын дамытып, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
жалпыадамзаттық адамгершілік нормаларын қалыптастыру;
өз-өзіне баға беруге, басқаруға, сыйлауға, ішкі дүние еркіндігіне тәрбиелеу;
заңды құрметтеуге, ұжымдық өмір нормаларына, азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу;
өмірдің жоғары бағалылығы ретінде еңбекке, қарым-қатынасқа тәрбиелеу, шығармашылық еңбекке қажеттілікті дамыту, іскерлік қарым- қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.
салауатты өмір салтына тәрбиелеу, бақытты өмір сүріп, жақсы отбасы басшысы болуға баулу.
Сынып жетекшісінің тәрбиелік жұмыс жоспары – міндетті педагогтік құжат. Жоспарды оқу жылы басталар алдында мектеп директоры бекітеді. Сынып жетекшісі тәрбиелік жұмысты жоспарлау алдында не істеуі керек?
Достарыңызбен бөлісу: |