Пəннің мазмұны Кіріспе
Пəннің нысаны – бастауыш оқыту педагогикасы мен əдістемесі мамандығы бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сəйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жоғары педагогикалық кəсіптік білімінің құрамдасы ретіндегі «Бастауыш мектептегі тəрбие жұмысының теориясы мен əдістемесі» оқу курсының мазмұны.
Пəні –тəрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің білім, білік, дағдыларын қалыптастыру үрдісі.
«Бастауыш мектептегі тəрбие жұмысының теориясы мен əдістемесі» пəні студенттерге тəрбие жұмысының теориясы мен əдістемесі саласындағы білім, білік, дағдыларын, нақты тəрбиелік міндеттерді шығармашылық тұрғыдан шеше білу, сынып жетекшісі қызметін жүзеге асыру мен ұйымдастыруда тəрбиенің дəстүрлі жəне қазіргі жаңа технологияларын қолдана алу біліктілігінигерту мақсатын көздейді.
Осы мақсатқа орай мынадай міндеттер қойылады:
студенттерге болашақ педагог ретінде бастауыш сынып оқушыларының тəрбие деңгейі мен оқушы ұжымының дамуын кешенді психологиялық əдістер арқылы арқылы анықтай білуге үйрету;
мектептің тұтас педагогикалық үрдісіндегі сынып жетекші іс- əрекетінің ерекшелігі жайында студенттерді теориялық жəне практикалық біліммен қамтамасыз ету;
мектептің тұтас педагогикалық үрдісіндегі тəрбие жұмысын басқаруды, тəрбиенің қазіргі жаңа технологияларын қолдануды, ұйымдастыру, жоспарлау дағдысы мен тəжірибелік біліктілікті қалыптастыру;
оқушының жəне балалар ұжымының жеке, жыныстық жəне жас ерекшелігін есепке ала отырып, тəрбиенің дəйекті міндеттерін ұсына білуге дағдыландыру;
оқушы ұжымын жəне жекелеген оқушыны тəрбиелеуде тəрбиенің түрлері, əдістері мен тəсілдерін ұйымдастыруды жоспарлай білуге үйрету;
бала тəрбиесінде мұғалімдердің, ата-ананың, жұртшылық қызметін үйлестіре алу іскелігін дамыту;
студенттерді өзіндік шығармашылық мүмкіндіктерін көтеруге, кəсіби қабілеттері мен шеберлігін, білімін өз бетімен жетілдіру дағдыларын қалыптастыру.
Пəнді оқытуда сөздік əдістер (түсіндіру, дəріс, əдебиеттермен жұмыс істеу), интербелсенді əдістер (пресс конференция, дəріс-консультация, кейс-стади, пікірталас т.б.), практикалық əдістер жəне көрнекілік əдістер пайдаланылады.
«Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тəрізді» - дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мəпелеп күтіп, үзбей тəрбиелеуді керек етеді.
Тəрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тəн қасиет.
Тəрбие жеке тұлғаның санасына, мінез – құлқының дұрыс қалыптасуына əсер ететін құрал.
Тəрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тəжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым – қатынасын, өмірге көзқарасын жəне соған сай мінез – құлқын қалыптастыру құралы.
Олай болса, тəрбие көптің ісі. Тəрбие мəселесімен қоғамдық ұйымдар, мекемелер жəне жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана ол нəтижелі болмақ. Соған сай тəрбие туралы ұғымға тар мағынада емес, кең мағынасында, бір жақты емес, кең көлемде, яғни табиғат жəне əлеуметтік ортаның, мектеп пен ата – аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде ықпалы, өзара əрекетінің нəтижесі ретінде қараған жөн.
Сондықтан да тəрбиенің мəнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін – оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым – қатынас жасай білуге үйрету.
Олай болса тəрбие процесі деп – қоғамның талап – тілектеріне сай əрбір жеке тұлғаның ақыл – ойын, сана сезімін, ерік – жігерін, мінез – құлыұ ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тəрбиешілер мен тəрбиеленушілердің өзара бірлескен əрекетін айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |