Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 157,84 Kb.
бет71/123
Дата26.01.2022
өлшемі157,84 Kb.
#35229
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   123
типовой 2016

Түсінікхат


Білім беру жүйесінің алдында қойылатын міндеттер əр тарихи кезеңде үлкен өзгерістерге ұшырап отыратыны белгілі. Бүгінгі Қазақстан мектебінің негізгі міндеттерінің бірі – прогресті жəне өркениетті даму дəуіріне аяқ басу. Бұл кезең жастар тəрбиесіне айырықша назар аударуды қажет етеді. Сондықтан əр ұстаздың міндеті – тəрбие ісінің шеберлігін меңгеру, оның түрлері мен əдіс-тəсілдерін ұйымдастыру. Тəрбие жұмысының нəтижесіне қанағаттану, оқушылармен қарым-қатынас, кəсіби жетістік, ұстаздың шеберлігіне, тəжірибесіне байланысты.

Осыған орай қазіргі таңда жас ұрпақты тəрбиелеудің жаңа əдістерін іздеу өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Əлеуметтік институт ретінде заманауи инновациялық типтегі мектептер үшін тəрбие үрдісін ұйымдастыру мəселелері үлкен маңызға ие. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш мектеп оқушыларын тəрбиелеудің жаңа құралдары мен жолдарын іздестіру маңыздылығы арта түсуде. Қоғамдаға болып жатқан өзгерістер мен талаптарға сай жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сыныптарындағы тəрбие жұмыстарының əдіс-тəсілдері сарапталып, тəрбиелеу үрдісін ұйымдастырудың əдістемесі жаңаша қарастырылуда.

Қоғамның жаңа сатыға, жаңа сапалық жағдайға көтерілуі еліміздің əлеуметтік-экономикалық саласында жаңа міндеттерді, жаңа талаптарды шешуді жүктеп отыр. Егерде қоғамның əлеуметтік саласында қайта құру міндеті жүктелсе, яғни ол жалпы орта білім жəне тəрбие беретін мекемелер алдына жаңа сатыдағы сапа жағынан жаңа міндеттерді шешудің объективтік қажеттілігі туындағанын көрсетеді.

«Педагогика ғылымы тəрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, əділетті қоғамды өз қолымен құратын жəне оны қорғай алатын адамзат етіп тəрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің жəне ақыл-ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек.

Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту идеясы ертедегі Грек мемлекетінде пайда болып, өткен дəуірдегі алдыңғы қатарлы прогресшіл ойшылдарды терең толғантты. Педагогикалық жəне философиялық еңбектерден «жан-жақты дамыту» идеясы туралы көзқарастар қайта өрлеу дəуірінен бастау алғанын байқаймыз. Олардың негізінде дене жəне рухани сұлулықтың үйлесімді дамуын айта келе, оған жету тек адамдардың өнермен, гимнастикамен айналысуы жағдайында ғана жүзеге асады деп дəлелдейді. Мұндай көзқараста еңбек қызметінің маңызы қарастырылмаған. Себебі еңбек қызметі тек құлдарға ғана тəн болған.

Аристотель дене, адамгершілік жəне ақыл-ой тəрбиесін тұлғаның жан- жақты дамуы ретінде қарастырса, қайта өрлеу дəуірінде гуманистер Витторино да Фелбтре, Ф.Рабле, М.Мантень, Э.Роттердамскийлер өз идеяларын жан-жақты дамыта отырып, тұлғаның эстетикалық дамуы қажеттілігіне назар аударады. Кейіннен жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуы жайында пікірлер социал-утопистер Томас-Мор, Т.Кампанелла, Р.Оуэн,

Сен-Симон еңбектерінде де дұрыс көзқарасқа əрі толық мазмұнға ие болды. Олар қоғамның барлық мүшелері қатысқан еңбек пен оқытудың бірлігін жан- жақты даму деп қарастырады. Алайда қанаушы тапқа бөлінген қоғам жағдайында бұл ойды жүзеге асыру мүмкіндігі болмады. Сондықтан да бұл арман утопистік сипатта қала берді.

ХVІІІ ғасырдағы француз философ-ағартушылары Гельвецию жəне Дидро еңбектерінде бұл ойдың негізіне ақыл-ой мен адамгершілік тəрбиесін қарастырды. Ж.Ж.Руссо бұл пікірге терең талдау жасап, табиғатпен дұрыс қарым-қатынас жасай білетін барлық балаларды еңбекке тарту қажеттігі жайында өз пікірін уағыздайды.

Жан-жақты дамыту идеясын орыстың революцияшыл-демократиялық педагогикасының негізін қалаушылары Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбовтар да қолдады. Н.Г.Чернышевский тəрбиенің мақсаты жайлы – қоғамдық идея жағынан ұстамды күрес адамын, революционерді тəрбиелеу, халық мүддесін ойлайтын «азаматтық істерге» араласа алатын, адал ниетті адамдар тəрбиелеу деп жаңа қоғам үшін күрескерлерге қажетті қасиеттер жөнінде өз көзқарасын білдіреді.

Маркстік философияның негзін қалаушылар К.Маркс пен Ф.Энгельс тұлғаның жан-жақты дамуы жайлы пікірлерінде ақыл-ой тəрбиесімен дене тəрбиесін бірлікте қарастырып, жастардың практикалық қызметін техникалық оқумен ұштастырады.

К.Маркс пен Ф.Энгельстің пікірлеріне терең талдау жасап, Ленин адам баласының бойындағы таланттың сырын ашып, оған жағдай жасайтын күш мектеп екендігіне, тұлғаны жан-жақты дамытуда мектептің негізгі құрал болатындығына көз жеткізе дəлелдеді. Бұл ретте Мағжан Жұмабаевтың айтқан

«Тəрбиедегі мақсат – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару» деген пікірі маңыздылығын жойған жоқ.

Келешек ұрпақты жан-жақты тəрбиелеуде, жаңа заманда көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматты тəрбиелеу ұзақ əрі күрделі үдеріс болып табылады. Сондықтан бұл мəселе бүгінгі таңда өткір қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр. Аталмыш мəселені шешуде көптеген ойшылдар мен ғалымдар өз үлестерін қосқан.

Отбасы тəрбиесі мəселелері Шығыстың ұлы ойшылдары Əл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.Иассауи, М.Қашғари, классик педагогтар Я.Коменский, К.Ушинский, И.Песталоцци, қазақ ағартушылары Абай Құнанбаев пен Ы.Алтынсарин еңбектерінде, кеңес педагогтары В.Сухомлинский, А.Макаренко, Н.Крупская, қазақ зиялылары М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Əуезов жəне т.б. еңбектерінде кеңінен орын алады. Бүгінде отбасы тəрбиесі мəселелері қазақстандық ғалымдар С.Ғаббасов, Р.Қоянбаев, Г.Байделдинова, В.Лысенкова, Р.Төлеубекова жəне т.б. тарапынан зерттелініп келеді. Ал мектеп пен жанұяның бірлігі мəселесі бойынша Гиппенрейтер Ю.Б., Дереклеева Н.И., Карнеги Д., Кипнис М., Минияров В.М., Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А., Хухлаева О. еңбектерін атап көрсетуге болады.

Бүгінде тəрбие берудің ауқымы кең, талабы жоғары. Соған сай заман талабы бүгінгі отбасына үлкен жауапкершілік пен жоғары білімділікті жүктеп отыр. Жеке тұлғаның қалыптасуына ықпалы ерекше болғандықтан, отбасы тəрбиесіне философиялық, əлеуметтанушылық, психологиялық жəне педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөлінген. Бүгінге дейін отбасы жəне ондағы бала тəрбиесін ұйымдастыру мəселелері қазақстандық ғалымдар Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев, Л.Лысенко, Р.Төлеубекова, Г.Байдельдинова, Ж.Əбиев жəне т.б. тарапынан зерттеліп келді. Олар өз зерттеулерінде ұлттық ділді ескере отырып қоғам талабына сай бала тəрбиесін ұйымдастырудың жолдарын көрсетуге тырысады.

Олай болса, жасөспірім бойына халқымыздың салт-дəстүрлерін, əдет- ғұрыптарын, имандылық пен ізгілік нұрын сіңіруге баса назар аудару, бүгінгі таңда басты мақсат-мұраттарымызға айналып отыр. Ол үшін өз елін, өз жерін сүйетін, өз халқының тарихын, тілін, мəдениетін қадірлеп-қастерлейтін азаматты тəрбиелеу, ұлттық санасын дамыту – мектептердің басты міндеті екені даусыз.

Бүкіл тəрбие үдерісі баланың жеке тұлғасын дамытуға, ұстаздар мен оқушылар қарым-қатынасын демократияландыруға, ізгіліктендіруге, ата- аналар қауымымен ынтымақтаса жұмыс істеуге бағытталған. Еліміздің əлеуметтік-экономикасын жетілдіру кезеңі мен нарық экономикасы жағдайында адам факторы жаңа негізде қаралып, жаңа адамды қалыптастыру тың мəселе болмақ.

Осы тұрғыда тəрбие үрдісін ұйымдастырудың əдістемесін жаңаша қарастырып, тəрбие əдістері мен тəсілдерін талдап, жоспарлаудың нақты əдістемесін қарастырудың маңызы зор. Бұл міндетті жүзеге асыруда 5В010200 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен əдістемесі мамандығы бойынша білім алушылар үшін «Бастауыш мектептегі тəрбие жұмысының теориясы мен, əдістемесі» курсы ерекше мəнге ие.

«Бастауыш мектептегі тəрбие жұмыстарының теориясы мен əдістемесі» пəні «Жалпы педагогика» курсының логикалық жалғасы болады жəне педагогикалық іс-тəжірибемен іштей байланысты. Оның негізгі мақсаты – болашақ педагогтарды мектептегі тəрбие жұмыстарын ұйымдастыра білуге дайындау, оларды топ жетекшісі ретінде қалыптастыру.

«Бастауыш мектептегі тəрбие жұмысының теориясы мен əдістемесі» пəні арнайы пəндер модуліндегі міндетті компонентке жатады.

«Бастауыш мектептегі тəрбие жұмысының теориясы мен əдістемесі» курсын меңгеру жалпы кəсіби цикл пəндері «Кəсіби мамандыққа кіріспе»,

«Педагогика», «Жалпы психология», «Жеке тұлғаның психология- педагогикалық диагностикасы», «Этнопедагогика» жəне əлеуметтік- гуманитарлақ циклінің «Əлеуметтану», «Философия» пəндерімен тығыз байланыста оқытылады.

«Бастауыш мектептегі тəрбие жұмысының теориясы мен əдістемесі» курсының меңгерілу нəтижесі алдыға қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізу болып табылады.

Курстың соңында студент бастауыш мектептегі тəрбие жұмысының əдістемесін жақсы білетін, қазіргі тəрбиеші- құзыретті маманға қойылатын талаптарға сай кəсіби білім, білік, дағдыларын меңгеруі қажет.

Пəннің мазмұнын оқып-үйрену нəтижесінде болашақ маман:


  • тəрбие жұмысы əдістемесінің негізгі ұғымдарын;

  • тəрбие жұмысының гуманистік педагогикасымен үйлесімділігін;

  • сынып ұжымы мен оқушылардың жеке тұлғасын, əлеуметтік ортасын диагностикалау əдістерін;

  • бастауыш сыныптағы тəрбие жұмыстарын жоспарлауды,

  • бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін тəрбие жұмыстарының түрлерін, əдіс-тəсілдерін;

  • бастауыш сынып оқушылары, олардың ата-аналарымен қарым- қатынас жасаудың формалары мен əдістерін;

  • сынып жетекші іс-əрекетінің бағыттары мен жүйесі туралы;

  • атқарылған тəрбие жұмыстарының нəтижесін талдай жəне бағалай


жүктеу 157,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   123




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау