Жақсылықова Күлəй Бəймендіқызы
Алматы қаласының жергілікті атқарушы
органдарындағы іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру жөніндегі
дайындық шараларына талдау жасасын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Алматы қаласы əкімінің
орынбасары
Аспандияр Əденұлы Өмірбековке
жүктелсін.
Алматы қаласының əкімі ___________ Есімов Ахметжан Смағұлұлы
қолы
Хаттама бөлімінің
меңгерушісі ___________ Рыскелдива Гүлдария Дəулетқазықызы
қолы
Əкімшілік хатшысы____________ Шимаева Салтанат Мұсаханқызы
қолы
131-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Хаттама мазмұн-мақсатына қарай құжаттың қай түріне жатады? 2.
Хаттаманың құрамына қандай мəліметтер кіреді? 3. Оның негізгі бөлімінде не
жазылады? 4. Мəжіліске қатынасқандар туралы қандай мəлімет беріледі? 5.
Хаттаманың қаулы шешімінде, «қаулы» деп аталатын бөлігінде не жазылады?
6. Хаттаманың «тыңдалды» деген бөлігінде не жазылады? 7. Ал «жарыссөз»
деп аталатын бөлігінде не жазылады? 8. Хаттама жазылатын мəжілісті кім
жүргізеді, хаттамаға кімдер қол қояды?
|