Кибернетикалық тəсіл. Информатика мен кибернетика ара- сында тығыз байланыс бар. Кибернетиканың негізін 1940 жылда- ры американ ғалымы Норберт Винер салды. Кибернетика қазіргі информатиканың негізі ретінде рөл атқарды. Қазіргі таңда киберне- тика информатиканың құрамды бөлігі ретінде енген.
Кибернетика күрделі жүйелермен байланысты: машиналар, тірі ағзалар, қоғамдық жүйелер. Бірақ ол олардың ішкі механизмін түсіндіруге ұмтылмайды. Кибернетиканы осындай жүйелер не- месе олардың компоненттері арасындағы өзара əрекет үдерістері қызықтырады. Мұндай өзара əрекетті басқару үдерістері ретінде қарастыра отырып, кибернетиканы тірі жəне өлі жүйелердегі басқару үдерістерінің жалпы қасиеттері туралы ғылым ретінде анықтайды.
Кибернетика тұрғысынан қарастырғанда кез келген басқару байланыс арқылы берілетін өзара сигналдар (символдар, белгілер) арқылы алмастырылатын басқарушы мен басқарылушы нысан- дар арасындағы ақпараттық өзара əрекеттер жолымен жүзеге аса- ды. Ақпарат осы сигналдардың мазмұны болып табылады. Дербес алғанда, қандай да бір тілдегі кез келген мəтін, графикалық неме- се акустикалық сигналдар ретінде қарастыруға болатын əріптердің (жазбаша түрде) немесе дабыстардың (ауызша формада) тізбегі.
Сигналдарды тасымалдау арнайы материалдық жəне энергетикалық шығындарды талап етеді. Мысалы, электр бай- ланыстарын пайдалануда сымдар мен электр энергиясы көздері қажет. Бірақ сигналдар мазмұны заттар немесе энергия шығынынан тəуелді емес. Сигналдар тізбектілігінде мазмұнын анықтайтын ар- найы мағыналық символдар кодталған. Бұл символдар қандай да бір тілдегі мəтін əріптері (мысалы: Морзе əліппесінде «-» белгісі «А» əрпін белгілейді) немесе бүтін түсініктерді (мысалы бағдаршамның қызыл түсі «тұр» дегенді білдіреді) білдіреді.
Ақпаратты өлшеу əдістері
Ақпаратты өлшеу мəселесі ақпарат анықтамасымен тікелей бай- ланысты, алдымен нені өлшеу керек екенін, содан соң мұны қалай
жасау керектігін, қандай бірліктерді қолдану қажеттігін анықтау қажет. Егер оқушының ақпарат туралы түсінігі көмескі интуитивті болса, онда ақпарат санына логикалық анықтама беру жəне оны өлшеу бірліктерін енгізу мүмкін емес. Сол себепті ең алдымен
«ақпарат» ұғымының мəнін, оның қайда кездесетінін қарастырып алу керек. Осыған байланысты ақпаратты қалай бағалайды, ол өзі не, оны өлшеуге бола ма деген сұрақтардың маңыздылығы арта түседі [3].
Қолданылатын оқулықтар қатарында ақпаратты өлшеу туралы сұрақты талқылау екілік код түріндегі ақпараттың компьютерлік түсінігінің сипаттамасымен байланыстырылады. Содан соң мұндай кодта ақпарат санының екілік цифрлар санына теңдігі туралы тұжырым жасалады.
Ақпараттың саны Н. Ермеков пен Н. Стифутинаның 7-сыныпқа арналған оқулығында хабардың ақпараттық көлемі деп қарастырған. Хабардың ақпараттық көлемі деп – хабардың ұзындығын, яғни ха- барды жазу үшін пайдаланылған символдар санын айтады [3].
Достарыңызбен бөлісу: |