Қазақстан республикасы білім жəне ғылым


Оқу өндiрiстiк комбинаттары базасында мамандандыру мəселелері



жүктеу 5,38 Mb.
бет8/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

Оқу өндiрiстiк комбинаттары базасында мамандандыру мəселелері


1970 жылдардың басында сол кездегі мектепаралық оқу- өндірістік комбинаттар (ОӨК) жүйесінiң даму шеңберінде оқушыларды əртүрлi бағыттағы кең таралған жұмысшы кəсіптерге дайындаумен қатар, жоғары сынып оқушыларын есептеуіш техника саласына кəсіби дайындау бойынша мамандандыру пайда бола бас- тады. Осыған сəйкес тəжiрибелiк-эксперимент 1971 жылы Мəскеу қаласының Первомай ауданындағы оқу-өндірістік комбинатында ба- сталды.


Ғылыми-əдістемелік басқару қызметі КСРО-ның педагогикалық ғылымдар Академиясындағы оқытудың мазмұны мен əдiстерiн
зерттейтiн ҒЗИ-дiң С. И. Шварцбурд басқаратын қолданбалы ма- тематика зертханасына жүктелiп [44], кешенді автоматтандыру орталық ғылыми-зерттеу институтының есептеу орталығы базалық кəсіпорын болып белгіленді.
Кейінiрек, 1972 жылы Мəскеуде кең танымал болған №1 Ок- тябрь оқу-өндірістік комбинаты құрылды. 1984 жылға дейін Октябрь ОӨК-ның базалық кəсіпорны – КСРО-ның электрондық басқару ма- шиналары институты болса, 1984 жылдан бастап КСРО-ның Ғылым Академиясының жаңадан ұйымдастырылған информатика пробле- малары институты болды [45].
Сол кезде есептеу техникасы мен программалау бойынша маман- дандыру еліміздің барлық қалалық, аудандық ОӨК-тарда ашыла бас- тады. Қысқа мерзім ішінде, көптеген, Ленинградтың, Свердловскі, Новосібір жəне де басқа да қалалардың ОӨК-терінің оң тəжірибелі жұмыстары белгілі болды. Қамқорға алушы қуатты кəсіпорындардан қолдау көретін ОӨК-тердегі сəйкес мамандандырулардың програм- малау бойынша факультативтерден айырмашылығы, əдетте, басы- нан бастап олар түбегейлі оқу-материалдық базамен жəне дайын кадрлармен қамтамасыз етілді. Осының салдарынан олар мектеп- ке жаңа информатика жəне есептеу техникасы негiздерi курсын енгізудің алғашқы кезеңінде оның практикалық бөлігін қолдайтын мектепаралық орталықтарға айналды.
ОӨК-ы базасында оқушыларды есептеу техникасын оқып- үйрену мен оны қолдануға байланысты мамандықтар бойынша бірқатар еңбекке даярлау бағытында ЭЕМ операторы, ЭЕМ үшін қажетті мəліметтерді дайындайтын құралдары операторы, ЭЕМ-нің сыртқы құрылғыларын жөндейтiн электромеханик, электрондық аппараттарды ретке келтіруші, программалаушы-лаборант, есептеу жұмыстарының операторы сияқты мамандықтар ашыла бастады.
Көпшілік қолданатын (дербес компьютерлер, шағын ЭЕМ- дер базасындағы көптерминалды кешендер, сұхбаттық есептеу кешендері жəне т.б.) ЭЕМ-дердің таралуына байланысты ОӨК- де «компьютерлiк» мамандықтарды дайындаудың түрлері мен мазмұнын қайта қарап, анықтауды жəне көпшілік қолданылатын ЭЕМ-нің функционалдық мүмкіншіліктеріне (қолданбалы программалардың дамыған пакеттерімен жабдықталғандығына, за- манауи программалау жүйелерінің басым қолданылатындығына) сəйкестендіруді талап етеді.
1990 жылдардың басында мемлекеттің экономикалық жүйесін қайта құру барысында, жұмыссыздыққа жəне өз уақытында ОӨК- ның материалдық базасын құрып, қолдау көрсеткен ғылыми- өндірістік кəсіпорындардың құлауы кезеңінде ОӨК орта мектептің білім беру қызметінің бір түрі ретінде түгелге дерлік жоқ болып кетті. Тек олардың салыстырмалы аз ғана бөлiгi қандайда бір өз материалдық базасын жəне педагог мамандарды сақтап қалғандары ғана мектепаралық негізде информатика курсын қолдауды жалғастырып келеді.

    1. жүктеу 5,38 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау