Информатика мұғалімінің əдістемелік құзырлылығының тұжырымдамалық негіздері
Информатика мұғалімінің əдістемелік құзырлылығын болашақ мұғалімнің жалпы орта мектепте информатиканың үздіксіз кур- сын қазіргі заманғы оқытудың педагогикалық технологиялары негізінде оқытуға теориялық жəне практикалық дайындығы, білімді ақпараттандыру жағдайында педагогикалық сапасын арттыруға, кəсіби өсуге қабілеттілігі мен икемділігі деп түсінеміз.
Информатика мұғалімінің əдістемелік құзырлылығы құрылымында пəндік жəне метапəндік құраушыларды бөліп көрсетуге болады (2.1-сурет).
Пəндік құзырлылық пəнді оқу барысында пəндік дайындық кезінде қалыптасады, ол информатиканы ғылым ретінде оқуға жəне практикалық іс-əрекет саласына (алғашқы пəндік білім) бағытталған.
Əдістемелік құзырлылықтың метапəндік құраушыларына:
жалпыкəсіби – жалпы гуманитарлық, əлеуметтік- экономикалық жəне жалпы кəсіптік пəндерді оқыту барысында қалыптасуы;
базалық – əдістемелік курстарды оқыту жəне курстық жұмыстарды орындау нəтижесінде, оқу жəне негізгі мектептегі өндірістік практика барысында əдістемелік құзырлылықтың қалыптасуы;
кəсіби-бағытталған – жоғары мектепте өндірістік практика барысында пайда болатын əдістемелік құзырлылықты дамыту;
оқу-зерттеушілік – информатиканың педагогикалық қосым- шалары саласында оқушылардың оқу-зерттеушілік іс-əрекеттерін жандандыруға бағытталған.
2.1-сурет. Информатика мұғалімінің əдістемелік құзырлылығы
Қазіргі жағдайда информатика мұғалімінің жалпымəдени құзырлылығы мен тұлғалық əлеуетін (əлеуметтік мəдениетті əдіс) дамыту өзекті мəселе болып отыр, бұл жағдайда оның іс- əрекеті тұлғаға-бағытталған білім беру парадигмасын (тұлғаға- бағытталған əдіс) түсінуге негізделуі қажет. Кəсіптік қызметте АКТ- ны практикалық қолдану информатика мұғалімінің əдістемелік құзырлылығының интегративті құраушысы ретінде ақпараттық- коммуникациялық құзырлылыққа бағытталған [27].
Əдістемелік құзырлылықтың қалыптасуы мен даму нəтижесі ин- форматика мұғалімінің кəсіптік қызметке дайындығынан көрінеді, оның мазмұнын жобалау, ұйымдастыру жəне коммуникативтік біліктіліктерінің үш тобы арқылы анықтауға болады [2].
Информатика мұғалімінің жобалау біліктілігі білім беру үдерісін жобалауда көрінеді (білім беру алаңдарын бөлу, олардың кезеңмен іске асыру тəсілдерін негіздеу, білім беру үдерісінің қатысушыларының іс-əрекеттері мазмұны мен түрлерін жоспарлау).
Информатика мұғалімінің ұйымдастыру біліктілігі тобына:
мотивациялық біліктілік – оқушылардың информатикаға деген
тұрақты қызығушылықтарын дамыту, оқу дағдыларын қалыптастыру жəне проблемалық жағдайларды туызып жəне оларды шешу арқылы жеке ақпараттық ортаны ұйымдастыру тəсілдеріне оқыту;
ақпараттық-дидактикалық – білім ақпараттық ресурстар- мен жұмыс істей білу, ақпарат алу жəне оны білім беру үдерісінің мақсаты мен міндеттеріне сəйкес қайта өңдеу; қазіргі заманғы оқыту əдістерін, түрлерін жəне құралдарын қолдану;
дамытушы – əр түрлі оқу пəндерін оқытуда информатиканың əдістерін жəне АКТ құралдарын меңгеру мен қолдану арқылы танымдық тəуелсіздікке, интеллектуальдық жəне шығармашылық қабілеттілікке ынталандыру; алгоритмдік жəне жүйелі ойлауды да- мыту;
кəсіпке бейімдеушілік – еңбек нарығында талап етілетін əртүрлі салада ақпараттық іс-əрекет тəжірибелерін жинақтау;
рефлексивтік – мұғалімнің өзіне бағытталған, бақылау-бағалау іс-əрекетіне байланысты.
Информатика мұғалімінің коммуникативтік біліктілігі ақпа- раттың əр түрлі көздерін пайдалану арқылы танымдық жəне коммуникативтік есептерді шешу үдерісінде, информатика мен АКТ құралдарымен бірге іс-əрекет ету біліктіліктерінде көрінеді.
Əдістемелік құзырлылықтың жоғарыда аталған құраушыларына ие болу информатика мұғалімдерінің информатиканы оқытудың қазіргі заманғы түрлері мен əдістерін меңгерулеріне қажетті алдын ала жағдай туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |