Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 5,38 Mb.
бет27/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

А. И. Сенокосов: «Мен «машина сезiмi» информатиканың іргелі негiздерiн оқығанда ғана келетiндiгiне күмəнданбаймын… Ешқандай мəтіндік редактор, мəлiметтер қоры, электрондық ке- сте алгоритмдiк ойлауды дамытатын «Лого-тасбақа» түрiндегi қарапайым орындаушыны алмастыра алмайды. Мектепте 7-9 базалық бағдарламасында бiрнеше жыл жұмыс iстеу маған мектеп бiтiрушiнi толық компьютерлiк сауатты деп есептеу үшiн Norton Comander, Windows, Word, Access жəне т.б да «ексел- мокселдердi» оқытудың түкке керек еместiгiн растау құқығын бередi».
А. С. Лесневский: «Компьютер күннен-күнге тұрмыстық бола бас- тады жəне ең бастысы, неғұрлым қолайлы құрал, оны программалық қамтамасыз ету қарапайым бола бастады. Сондықтан жалпы пай- далы ақпараттық технологиялар нарығында əлеуметтiк бейімделу мəселелерiн шешуде технологиялық компоненттiң орны неғұрлым қарапайым бола бастайды».
Е. К. Хеннер: «Технология жалпы бiлiм беретiн курспен қатар, технологияны оқыту жалпы бiлiм беру курсынан кейiн, техникалық кəсiптiк оқыту орындарында (ТКОО) мамандыққа дайындықтың бөлiгi ретiнде, бiрақ жалпы дамуды алмастыратын технология жоқ». Информатика – айқын іргелі компоненттерiмен ерекшеленген дербес оқу пəнi – мiне, мектеп осыған бағытталуы тиiс едi, бiрақ бұл үшiн ғылыми iзденiстiң белсендi жалғасы, бiлiм берудiң іргелі бөлiгi ретiнде осы пəннiң жалпы бiлiм берудегi орнын қайта ойлану керек. Информатика ғылымының іргелі қайнар көзiнiң анықталуына байланысты оқушыларға ақпараттық бiлiм беруге мақсат қоюдың маңызды аспектiсi Мəскеу бiлiм беру департаментiнде МИП- КРО ректоры – А. Л. Семеновтың жетекшiлiгiмен қабылданған кең тəжiрибелiк-эксперименттiк жұмыс негiзiнде қойылған.
А. Л. Семеновтың пiкiрi бойынша, мектептегi информатиканы келесi саладағы элементтер құрайды:

    • математикалық информатика;

    • ақпараттық технологиялар құралдарымен (АТҚ) жұмыс iстеудегi практикалық дағдылар, соның iшiнде компьютерге қандай да бiр кең таралған əмбебап программалау тiлiнде программа жазу шеберлiгi;

    • ақпараттық мəдениет, яғни қоршаған ортадағы ақпараттық үдерістер туралы, ақпараттардың қайнар көзi туралы, ақпараттық құралдар туралы, моральды этикалық жəне заңды нормалар жүйесi туралы жалпы түсiнiк, бағалы бағыт-бағдар [8].

Бұл жерде басты назар математикалық информатика сөз тiркесiне ауатындығы байқалады. А. Л. Семеновтың пiкiрi бойын- ша, “математикалық информатика ақпаратты өңдеу, сақтау, тасымал- дау үдерістерiнiң теориялық модельдерiн беретiн информатиканың іргелі ғылыми, жаратылыстану бөлiгi. Бұл өзiнiң обектiсi, ұғымы жəне əдiсi бар – математиканың бір саласы. Оны үйренудiң пəнi конструктивтi обьектiлер жəне алгоритмдiк сипатталған, яғни осы объектiлер арасында жүзеге асырылатын үдерістер болып табыла- ды” [7]. Компьютер пайда болмай тұрып табылған, математикалық информатиканың маңызды теоремалары мен анықтамаларын үйренудiң қажеттiгiн, абстракциялық қандай дəрежеде терең екендiгiн оқушыларға арналған тиiстi оқу материалы мəлiмдей ала- ды. А. Л. Семеновтың пiкiрi бойынша кеңес дəуiрiндегi информати- ка курсы, негiзiнен, математикалық информатика курсы болды. Ал Гильберт, Гедель, Тьюринг, Пост нəтижелерiмен не iстеуге болады? Немесе соңғы обьектiнiң колмогоровтық күрделiсi мен оның база- сында пайда болған ақпараттың алгоритмдiк теориясымен не iстеуге болады? Əңгiме мектеп информатикасына информатиканың іргелі негiзiн құрайтын жалпы бiлiм беру элементтерiн анықтап, енгiзу туралы болуы мүмкiн. Олар мұнда «математикалық информатика» терминiн қолданбаса да, бұл педагог-информатиктердiң ерекше қамқорлықтағы жұмысы болып табылады.
Ресей Бiлiм беру Академиясында (В. С. Леднев, А. А. Кузнецов, С. А. Бешенков) дамыған ғылыми бағыттар ауқымында жалпы бiлiм беру мазмұнына, яғни «негiзiнде ақпаратты өңдеу, сақтау, қабылдау жəне тасымалдау үдерістерi жататын өзiн-өзi басқару феноменiн оқып-бiлуге бағытталған» базалық кибернетикалық бiлiмдi анықтауға жəне енгiзуге көп көңiл бөлiнедi. Бұл кибернетикалық бiлiмнiң базалық ядросы, ғалымдардың пiкiрi бойынша мектеп ин- форматика пəнiнiң негiзiн құрауы тиiс.
Төменде жалпы бiлiм беретiн мектептерде информатиканы оқытудың жобаланған мақсаттарының толық сипаттамасы жоғарыда көрсетiлген тəсiлдердi қолданудың нəтижесi ретiнде келтiрiлген [37].


    1. жүктеу 5,38 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау