Қазақстан республикасы білім жəне ғылым


Информатиканың қазіргі кездегі əлеуметтік қырлары



жүктеу 5,38 Mb.
бет173/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

Информатиканың қазіргі кездегі əлеуметтік қырлары


Əлеуметтік информатиканың кілттік ұғымдары: ақпараттық ре- сурстар, ақпараттандыру, ақпараттық қоғам, ақпараттық мəдениет, ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық құқық болып табылады. Бұл ұғымдар толығырақ [1-3] оқулықтарда қарастырылады.




Тақырыпты оқытуға арналған əдістемелік нұсқаулар




Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Ақпараттық ресурстар.

  2. Ақпараттық қоғам.

  3. Ақпараттық мəдениет.

  4. Ақпараттық құқық жəне қауіпсіздік.

Базалық курста əлеуметтік информатика мəселелерімен та- нысу пропедевтикалық сипатта. Толығырақ жоғарғы сыныптарда информатиканың бейіндік курсы аясында оқып-үйретіледі.
Бұл тақырыпта ақпараттық ресурстар ұғымы негізгі болып табылады. «Ресурс» сөзіне синоним «жинақ», «артық» сөздері. Адамзат қоғамы материалдық ресурстарды (тағам өнімдері, киім, тұрғын үй, транспорт жəне т.б), энергетикалық ресурстарды (мұнай, көмір, электр энергиясы жəне т.б.) пайдаланбай өмір сүре алмай- ды. Кішкене дəрежеде адамзатқа ақпараттық ресурстар: кез келген түрдегі ақпаратты тасымалдаушыда сақталған білім, адамзат идеясы жəне олардың жүзеге асуы бойынша нұсқаулар қажет. Ақпараттық ресурстардың сақтаушысы мұрағат, мəліметтер қоры, Интернет сер- верлер жəне т.б.
Бұл тақырыпты сабақта талқылай келе, оқушылардың наза-
рын ақпараттық ресурстардың келесідей ерекшелігіне аудару ке- рек: ақпараттықтан басқа кез келген ресурс, оны қолданғаннан кейін жоғалып кетеді (мұнай, тағам, электр энергиясы жəне т.б. жұмсалады). Ақпараттық ресурстар көбейеді, яғни, олар үздіксіз өспелі жылдамдықпен артады. Бұл феноменді ақпараттық төңкеріс деп атайды. Қандай да бір ақпарат ескіреді жəне өзектілігін жоғалтады. Бірақ, оған қарамастан, өзекті ақпараттың көлемі артады. Бұл тақырып аясында оқушылар оқу үдерісінде қандай ақпараттық ресурстарды қолданатындығы туралы мəселені талқылау керек.
Ақпараттық ресурстарды сақтау, тасымалдау жəне өңдеуге арналған қазіргі құралдар АКТ болып табылады. Адамзаттың барлық іс-əрекеті аясына АКТ енгізу қоғамды ақпараттандыру деп аталады. Ақпараттандыруға байланысты ақпараттандыру іс-əрекеті аясына еліміздің тұрғындары араласуда, бұл ақпараттық қоғамды қалыптастыруға əкеледі. Ақпараттық қоғамда адамдардың еңбек іс-əрекетінің түрі ақпараттық іс-əрекет болып табылады. Мұнда ақпараттық ресурстар қоғамдық прогреске əсер ететін маңызды ресурс түрінде айналады. Басқаша айтқанда, ақпараттық қоғамнан көшу, еліміздің жартысынан көп тұрғындары ақпараттық саламен жұмыс істегенде ғана мүмкін болады.
Елімізді ақпараттандыру дəрежесі туралы тұрғындардың пайда- ланатын компьютерлерінің санына, ауқымды желі серверлерінің са- нына жəне өндірісте жəне тұрмыста Интернетті пайдаланатын адам санына байланысты айтуға болады.
Келесі қарастырылатын тақырып «ақпараттық мəдениет». Жеке адамның ақпараттық мəдениеті оның АКТ саласындағы білімі мен біліктілігі, сонымен қатар осы саладағы құқықтық жəне этикалық нормалармен танысу жəне олардың сақталуымен анықталады. Информатиканың мектеп курсында болашақ ақпараттық қоғамның мүшелерінің ақпараттық мəдениетінің негізін қалыптастыру мақсат етілген.
Ақпараттандыру үдерісінің дамуымен барлық электрондық ресурстарға: программаларға жəне мəліметтерге авторлық құқықты қорғау, сонымен қатар құқық бұзушылардың қылмыстық əрекеттерінен ақпаратты қорғау өзекті мəселелер болып табылады. Бұл саладағы білімнің үлкен тəрбиелік мəні бар. Оқушылардың программалық өнімдер жəне мəліметтер қорының құқықтық мəртебесі: лицензияланған, шартты-ақысыз жəне тəуелсіз
таратылатындығы туралы түсініктері болуы тиіс. Ақпараттық са- лада құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары: ақпараттық құқық бұзушылық түрлері жəне олардың алдын алу тəсілдері туралы мəлімет, сонымен қатар осындай құқық бұзушылыққа қарсы жазалау түрлері туралы мəлімет болып табылады. Қысқаша жəне жеткілікті түрде мұндай мəліметтер [2, 3] оқулықтарда қарастырылған.
Аталған тақырыпты оқып-үйрену салдарынан шығатын тұжырым: барлық құралдармен ақпараттық ресурстардың қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз ету (программалық-техникалық, құқықтық) қауіпсіздіктің маңызды факторы болып табылады.
Оқыту нəтижесінде оқушылар:

    • «ақпараттық ресурстар», «ақпараттық қоғам», «ақпараттық мəдениет» ұғымдары, қазіргі қоғамда АКТ қолданудың негізгі са- лалары, ақпараттық құқықтың қызметі, ақпаратты қорғаудың негізгі мəселелерін білуі керек;

    • жеке ақпаратты сақтаудың жеке құралдарын пайдалануды, ақпаратты таратуда оның құқықтық жəне этикалық аспектілерін ескере отырып қолдануды үйренуі керек;

    • жеке ақпараттық іс-əрекетті ұйымдастыру жəне оның нəтижелерін жоспарлау үшін, қоғамның ақпараттық ресурстарын, сəйкесінше, құқықтық жəне этикалық нормаларды сақтай отырып пайдалану бойынша алған білім жəне біліктіліктерін күнделікті өмірдегі тəжірибелік іс-əрекетінде пайдалана білуі керек.




жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау