|
Қазақстан республикасы білім жəне ғылым
|
бет | 207/241 | Дата | 12.11.2023 | өлшемі | 5,38 Mb. | | #44224 | түрі | Оқулық |
| Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі
Курс бағдарламасы аптасына 1 сағаттан барлығы 34 сағатқа есептелген.
Сабақтың негізгі бөлігі жеке тапсырмаларды орындауға бағытталған компьютердегі жұмыс болып есептеледі.
Сонымен бірге оқушылардың физиологиялық жəне жас ерекшеліктері, компьютермен жұмыс істеудің гигиеналық нормала- ры сақталуы тиіс.
Курс компьютерді оқу құралы ретінде оқушылардың оқу- танымдық қызметіне тұрақты пайдалануын көздейді.
Бұл бағдарламаның мазмұны оқушылардың оқу танымдық қызметін де компьютерлік техниканы еркін пайдалану дағдысын қалыптастыруға қажет материалдарды қамтиды жəне ақпараттық технологияны кеңінен пайдалану жағдайындағы оқуға даярлайды.
Бағдарламаның мазмұны
Р/сі
|
Негізгі материалдар мазмұны
|
Бөлінген
сағат саны
|
1
|
Кіріспе
|
1 сағ.
|
2
|
Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер.
Web-сайтты жасау негіздері.
|
2 сағ.
|
3
|
Ақпаратты қорғау жəне ақпараттық қауіпсіздік
|
1 сағ.
|
4
|
HTML тілімен танысу.
|
7 сағ.
|
5
|
Web-беттерді өндеу редакторы Microsoft Office
FrontPage
|
16 сағ.
|
6
|
Web-сайттарды жариялау
|
1 сағ.
|
7
|
Қорытынды сабақ
|
1 сағ.
|
|
Барлығы
|
34 сағ.
|
Оқушылардың білім, білікітілігі мен дағдысына қойылатын та- лаптар:
Кіріспе (1 сағ.)
Курстың мазмұны, мақсаты мен міндеттері. ДК-де жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері.
Оқушылар білуі керек:
информатика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;
курстың мақсаты мен мазмұнын.
Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер.
Web-сайтты жасау негіздері. (2 сағ.)
Оқушылар нені білуі керек:
компьютерлік желілердің міндетін;
жергілікті желіні ұйымдастыру қағидаларын;
Интернет желісінің қызметтер міндетін;
Web-беттер ұғымын.
Оқушылар меңгеруі керек:
ақпараттық желілерді ажырата алуды,
мысалдарын келтіре білуді,
Web-сайттардың негізгі арналуын.
Ақпаратты қорғау жəне ақпараттық қауіпсіздік (1 сағ.)
Оқушылар білуі керек:
ақпараттық қауіпсіздік негіздерін.
Оқушылар меңгеруі керек:
файлдарды қорғауды,
файлдар мен архивтерге құпиясөз орнатуды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|