Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 5,38 Mb.
бет201/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

20-ТАРАУ


МЕКТЕПТІҢ ЖОҒАРЫ БУЫНЫНДА ИНФОРМАТИКАНЫ САРАЛАП ОҚЫТУ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Саралап оқыту қазіргі кезде мектептің басты мəселелерінің бірі болып отыр. Ол жеке тұлғаға бағыттап оқытуды, оқушылардың танымдық белсенділіктерін дамытуды, оқушының кəсіби мамандығын таңдауды, сонымен қатар оқушының білімін ары қарай жалғастыру үшін жоғары оқу орынын таңдауын іске асыруға мүмкіндік береді.
Информатика саралап оқыту табиғи түрде іске асырылатын пəн болып табылады. Оған информатиканың ғылым ретіндегі сипаты жəне ақпараттық технологиялар жиынтығы, сыртқы жағдайларға байланысты оның мектепте енгізілуі мысал бола алады. Информатиканың базалық курсының өзі сараланған болып табыла- ды, себебі оның мазмұны əр түрлі оқулықтарда əр түрлі беріледі.
Информатика курсын нақты саралау бір тақырып баяндаудың əр түрлі əдістемесі емес, сараланған курстардың мазмұны мен өзгешелігіне байланысты болады. Тек қана информатиканың базалық курсы оқытылып біткеннен кейін ғана мектептің жоғары басқышында саралап оқыту мүмкін болады.
Кəсіби-сараланған информатика курсының жалпы мақсаты мен міндеті:

  • əр оқушының қызығушылығын есепке алу;

  • кəсіби дайындыққа дейінгі бағытты ескеру;

  • ғылыми дүниетанымдық негізін қалыптастыру;

  • оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға жетелеу;

  • оқушыларды тəжірибелік еңбекке жəне білімін жалғастыруға дайындау;

  • компьютермен кəсіби жұмыс істеу шеберлігін дамыту.

Кəсіптік курстың мазмұнын анықтау барысында іргелі жəне қолданбалы курстарды бөліп алуға болады. Іргелі курстардың мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру бол- са, ал қолданбалы курстың мақсаты – оқушыларды тəжірибелік іс- əрекетке дайындау болып табылады.
Іргелі курстың мазмұнын саралау бағыты – мектептегі (сыныптағы) маманданудың нақты бағыты болып табылатын пəндік аумаққа байланысты анықталады.
Мектептің негізгі мамандандырылған бағытын мынадай білім беру (пəндік) аумақтарымен алынса:

  • филология;

  • қоғамтану;

  • математика;

  • жаратылыстану;

  • технология, онда осылардың əрқайсысына сəйкес информати- каның кəсіптік курстар жиынтығы болуы шарт.

Осы курстардың əрқайсысында информатиканың осы пəндермен сəйкес келетін тараулары оқытылады.
Мұндай курстардың негізгі мақсаты – оқушылардың ғылыми көзқарасын дамыту, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, басқа іргелі ғылымдарды ғылыми таным əдістерімен байыту (модельдеу, формальдау жəне т.б.).
Қолданбалы кəсіби курстары пəндік аумақ бойынша сараланбай- ды, ақпараттық іс-əрекет түрінің критерийі бойынша сараланады.
Мұндай курстардың мақсаты – əртүрлі аумақтарда ғылыми- ақпараттық технология құралдары мен əдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Адамның ақпараттық іс-əрекетінің түрлері (ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау) нақты пəндік аумаққа сəйкес, сондықтан саралап оқытудың негізгі критерийі ақпараттық іс-əрекеттің құрылымы мен компоненті болып табылады.



жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау