Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 5,38 Mb.
бет121/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

Файлдарды ұйымдастыру туралы бастапқы мəлімет. Операциялық жүйенің үшінші қызметі – файлдармен жұмыс. Бұл жұмыс файлдық жүйе деп аталатын операциялық жүйенің тарауының көмегімен орындалады.
Берілген тақырып бойынша оқушыларға берілетін бастапқы ұғымдар: бұл файл аты, файл типі, файлдық құрылым, логикалық диск, каталог, файлға бару жолы, каталогтар ағашы. Бұл ұғымдар [2,3] оқулықтарда нақтырақ беріледі.
Каталогтар ағашы ұғымы иерархиялық файлдық құрылыммен жұмыс істейтін барлық қазіргі операциялық жүйелерге тəн.
Файлдық құрылым туралы көрнекі түсінікті ағаш-дискідегі ка- талогтар иерархиясының графикалық бейнесін береді. Мұғалімге экранда NC немесе Windows-қа арналған «Сілтеуіш» типіндегі қабықшадағы ағаш түсінігін белсенді пайдалану ұсынылады. Оқушылар файлдық ағаш бойынша жаңашыл принциптерді түсінуі керек, ол арқылы жоғары жəне төмен ауысуға үйренуі тиіс. Файлға жол туралы түсінікті енгізе отырып, түбірлік каталогтан əрбір файлға жалғыз жол фактісін ерекшелеп көрсетіңіз.
Файл құрылымы бойынша мүмкіндіктерді меңгере отырып, файлдар жəне каталогтармен негізгі операцияларға көшу қажет. Бұл операцияларды келесідей реттілікпен беру керек: файл мазмұнын қарау, файлды көшіру жəне орнын ауыстыру, каталог құру (бума), файлды жəне каталогты өшіру, файлдың жəне каталогтың атын өзгерту.
Windows ОЖ жұмыс істей отырып, оқушыларды осы объектілік ортаға тəн тəсілдерге: жанама менюді пайдалануға, Drag&Drop əдісіне үйретіңіз.
Осы тақырыпқа қатысты бір-екі кіріспе сабақта оқушылар ОЖ файлдық жүйемен жұмыс істеудің тəжірибелік дағдысын жақсы бекіте алмайды.
Бұл сабақтардың негізгі нəтижесі файлдарды ұйымдастыру туралы түсінікті алу жəне файлдармен жұмыс істеу мүмкіндіктерін түсіну болады.
Келесі қолданбалы тақырыптарда компьютердегі практикалық жұмысты орындауда тапсырмаға оқушылардан дискілер мен файлдармен жұмыс істеу біліктілігін талап ететін пункттерді (сақтауы, көшіруі, атын өзгертуі жəне т.б.) қамтуы қажет. Тек қана осындай жағдайда оқушылардың түсініктері бекітілген дағдыға айналады.
Оқыту нəтижесінде оқушылар:

    • «программалық жабдықтама», «операциялық жүйе»,

«берілгендер», «программа», «файл», «файлдық жүйе»;
программалық жабдықтама жіктелуі; ОЖ негізгі қызметтері; программалау жүйелерінің қызметі ұғымдарын білуі керек;

    • ақпаратты енгізу-шығару құрылғыларымен жұмыс, ақпараттық нысандармен операция жасау, графикалық интерфейсті қолдана отырып, нысандарды ашу, атын беру, сақтау, ақпараты архивациялау мен қайта архивациялау, менюді жəне терезелерді пайдалану; антивирустың қауіпсіздік шараларын жүргізуді үйренуі керек;

    • жеке ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру, ақпараттық нысандардың жеке жиынтығын құруда алынған білім жəне біліктіліктерін күнделікті өмірдегі тəжірибелік іс-əрекетінде пайдалана білуі керек.


жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау