Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің


«ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» ЖОБАСЫ



жүктеу 2,32 Mb.
бет2/3
Дата02.10.2022
өлшемі2,32 Mb.
#39467
1   2   3
Мусаев Мәди срс

«ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» ЖОБАСЫ

«ҚазАқпарат» ХАА бағдарламалық мақалада жүктелген міндеттер бойынша атқарылған жұмыстар
  • Жоғары оқу орындарының ұсыныстары негізінде 800 атаумен алғашқы оқулықтар тізімі құрастырылды.
  • Сараланған критерийлерге сәйкес іріктеу жұмыстары 17 жұмыс тобы арқылы іске асырылды, оған 90-нан астам маман тартылған.
  • Басылымдарды қазақ тіліне аударып оқулықтарды таратуды жүзеге асыру үшін «Ұлттық аударма бюросы» коммерциялық емес қоры құрылды.
  • Аударма жұмыстары қысқартулар мен толықтырусыз және түпнұсқа мәтініндегі ойды өзгертпей беруге құрылған. Сонымен қатар, суреттер мен кестелердегі барлық мәтіндер мемлекеттік тілге аударылған.
  • 2017 жылы әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық білім саласындағы 18 ең үздік әлемдік оқулықтар мемлекеттік тілге аударылып, CD дискілер арқылы ұсынылды.
  • 100kitap.kz жобасының ресми сайты іске қосылды. Сайтта жоба туралы толық ақпараттар мен аударылған кітаптардың тізімі, сондай-ақ жұмыс топтарының құрамы көрсетілген.

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ» ЖОБАСЫ
  • ауыс беру арқылы еліміздің барлық өңірлерінен 302 үміткер ұсынылды. Олар қызметіне сәйкес 6 санат бойынша бөлінді: ғылым – 45, спорт – 42, қоғам – 85, медицина – 46, мәдениет – 37 және бизнес – 47 адам.
  • Дауыс беру қорытындысы бойынша 340 мыңнан астам қазақстандық өз үздіктеріне 1 миллион 376 мың дауыс берді. Жалпыхалықтық онлайн дауыс беру «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 102 жеңімпазды анықтады.
  • 2017 жылғы 1 желтоқсанда Мемлекет басшысы Жоба қатысушыларымен кездесті. Кездесуге қатысқандар арасында «Мәдениет», «Ғылым», «Медицина», «Бизнес», «Қоғам» салаларының түрлі өкілдері болды.

«ТУҒАН ЖЕР» ЖОБАСЫ
  • «Туған жер» жобасы «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани Қазына», «Ақпарат толқыны» атты төрт қосымша бағдарламадан тұрады.
    • «Тәрбие және білім» – қазақстандық патриотизм рухымен үйлесе дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
    • «Атамекен» – қазақстандықтардың азаматтық белсенділігін күшейту және атамекенге деген жауапкершілікті күшейту.
    • «Рухани Қазына» – туған жердің дәстүрін, тарихын және мәдениетін құрметтеу.
    • «Ақпарат толқыны» – іске асырылатын жобалардың қоғамдық мониторингіне азаматтардың қатысуы үшін ақпараттық инфрақұрылымдар құру.
  • Жоба аясында бүкіл ел бойынша 700-ден астам жоба жүзеге асырылды.
  • Меценаттар есебінен 51 млрд теңгеден астам демеушілік көмек алынды.
  • 2017 жылы өлкетану жұмыстары аясында 735 нысанға абаттандыру және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
  • «Туған жер» жобасы аясында барлығы 1438 нысан пайдалануға берілді.

  • Жоба Қазақстан мәдениетін шетелге таныстырудың жүйелі жұмысын құруға, мәдени тәжірибе алмасудың тұрақты арналарын қалыптастыруға бағытталған.
  • Жоба шеңберінде Қазақстанның тәуелсіздігі кезеңінде қалыптасқан жаңашыл, түпнұсқалығымен ерекшеленетін, сондай-ақ заманауи қоғамның эстетикалық және көркемдік талғамдарына сай келетін қазақ мәдениетінің туындыларын жинау және жүйелеу жұмыстары жүргізілді.
    • Әдебиет саласында 193 туынды іріктеліп алынды.
    • «Театр, кино и хореография» - 56 туынды.
    • «Классикалық және дәстүрлі музыка» - 66 орындаушы.
    • «Бейнелеу өнері» - әйгілі шеберлер мен заманауи суретшілердің 177 туындысы.
  • 2017 жылы Париждегі UNESCO штаб-пәтерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер аясында шетелдік аудиторияға қазақстандық мәдениеттің әртүрлі бағыттарын көрсететін түрлі іс-шаралар өткізілді.
  • Классикалық және халық музыкасының жетістіктерін насихаттау мақсатында Еуропа мен Азияның 10 елінде 7 жетекші шығармашылық топтың гастрольдік турлары ұйымдастырылды.
  • Dalatunes жобасы іске асырылды. Ол – ең үздік қазақстандық музыкаларға сандық қолжетімділікті қамтамасыз ететін интернет-ресурс. Осы арқылы 2017 жылдың ішінде 13 мың музыкалық шығарма, 1,2 мың нота және 1,7 мың аккорд жүктелді.
  • Отандық және шетел аудиториясын әр түрлі жанрдағы қазақ музыкасымен таныстыратын Dala sazy онлайн-радио жобасы дайындалды, іске қосылудың алдында тұр.
  • Қазіргі уақытта әдебиеттегі «проза» және «поэзия» жанрындағы антологияларды ағылшын тіліне аудару жұмыстары қолға алынуда
  • Жаңа дарынды авторлар мен туындыларды табуға бағытталған «Рух» тұңғыш Халықаралық әдебиет конкурсы ұйымдастырылды.
  • Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіндегі жалпы қорға тиесілі 24 813 бірліктің 13 700 бірлігі цифрландырылды. 
  • ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында 39 602 бірлік (266 500 бірлік жалпы қор) цифрланды.



жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау