«ЖАҺАНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ» ЖОБАСЫ
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЛАТЫНҒА КӨШІРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБА
- Жаңа әліпби жобасын дайындау және алдын ала талқылау жұмыстары аясында 2,5 мыңнан астам ғалым және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен 20-дан астам ғылыми-практикалық және ғылыми-әдістемелік форум өтті.
- Атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабар таратуға және оған қоғамды тарту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 2 мыңға жуық мақала, әлеуметтік желілерде 1800-ден астам мазмұнды материалдар жарық көрді.
- Әліпбидің әзірленген нұсқасы 2017 жылдың 11 қыркүйегінде «Мемлекеттік тілдің әліпбиі үшін бірыңғай латын графикасы стандартын енгізу туралы» Парламент тыңдауда таныстырылды.
- Латын графикасындағы қазақ әліпбиінің бірыңғай стандарты Мемлекет басшысының 2017 жылғы 9 қазандағы жұмыс тобының мүшелерімен кездесуінде ұсынылды.
- 2018 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлығы шықты. Жарлық әліпбидің жаңа нұсқасын бекітті.
- Жоба бойынша жұмысты одан әрі ұйымдастыру - әртүрлі салаларға жаңа әліпбиді енгізу үшін Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия құрылды.
- 2018 жылдың наурыз айында Премьер-Министрдің Өкімімен 2025 жылға дейін қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен ауыстыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІ» ЖОБАСЫ
- ҚР Ұлттық музейі кешенінде «Қасиетті Қазақстан» Орталығы құрылды.
- Жоба аясында жалпыұлттық және жергілікті киелі орындарды жүйелеу және іріктеу жұмыстары бойынша 40 ғылым және қоғам қайраткерлерінен тұратын Ғылыми-сараптамалық кеңес құрылды.
- Жалыпұлттық және өңірлік маңызы бар нысандар тізімі құрылып, аннотациялық маңызы бар 185 жалпыұлттық нысан анықталды.
- Жалпыұлттық маңызы бар қасиетті нысандардың 3d турларға құрылған виртуалдық картасы жасалды. Картада тарихи нысандар туралы қысқаша және толық ақпараттар берілген.
- БҰҰ-ның 5 тіліне аударылған Қазақстанның қасиетті жерлері туралы 4 фильм өндірісте тұр.
- National Geographic, Viasat History, Discovery арналарымен бірлескен жоба ретінде «Күлтегін» ғылыми-танымдық деректі фильмі түсірілуде.
Қорытынды
Елбасы Нұрcұлтан Назарбаевтың мақаласын оқып шығып, осындай ой түйдім. Оның айтуынша, бұл ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол. Қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі де, зерек тұлға тәрбиелеуі тиіс. Ол үшін ілім-білімге ұмтылып, жан-жақты жетілген жөн.
Аймағымыздағы келер ұрпақтың алдындағы ардың ісін арқалап жүрген зиялы қауым Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын ықыласпен түйсіне оқығаны анық. Олай дейтінім, мақалада «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген жолдардың астарында үлкен мағына жатыр. Шынында да рухы биік азаматтары бар елдің іргесі мәңгілік болары хақ.
Назарларыңызға рахмет!!
Достарыңызбен бөлісу: |