Лауазымдық міндеттері. Патронаттық тәрбиеге қабылданған баланың (балалардың) тұруына, тәрбие алуына және оқуына, сонымен қатар дене бітімінің, психикасы мен адамгершілік-рухани дамуына қажетті тұрмыстық жағдайлар жасайды, баланың (балалардың) өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес баланы (балаларды) тәрбиелейді, оның (олардың) денсаулығына, психикалық, адамгершілік-рухани дамуына және интеллектуалдық қабілеттілігінің дамуына қамқоршылық жасайды, баламен (балалармен) бірге тұруына, баланың (балалардың) тиісті білім алуын; патронаттық тәрбиешіге табыс етілген балаға (балаларға) берілген құжаттардың, балаға (балаларға) тиесілі ақшалай қаражаттардың және басқа да мүліктердің сақталуын, оның ішінде соттарда кез келген тұлғамен қарым-қатынаста, арнайы өкілеттіксіз өздерінің қамқорлығындағылардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын; санитарлық ережелер мен нормалардың, еңбек қауіпсіздігі мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
Баланы (балаларды) күтіп-бағуға, тәрбие және білім беруге қолайсыз жағдайлардың туындағандығы туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын органға хабарлайды.
Балаға (балаларға) арнайы әлеуметтік қызмет көрсету қажеттілігінің анықтау жөнінде жұмыс жасайды.
Баланы (балаларды) тәрбиелеу мәселелерінде білім беру ұйымдарымен, олардың даму ерекшеліктерін айқындау, диагноз қою және оқытудың, тәрбиелеудің, жұмысқа орналастырудың бара-бар жағдайларын айқындау мәселелерінде кеңестік көмек алу үшін медициналық және басқа да ұйымдармен, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеспен тығыз байланыста болады.
Білуге міндетті: еңбек қауіпсіздігі мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларды; санитарлық ережелер мен нормаларды,
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік білім, немесе орта білімнен кейінгі білімі».
Арнайы білім беру ұйымының директоры
Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнама мен білім беру ұйымдарының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметтерін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірлесіп, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің күнтізбелік кестесін, ішкі тәртіп ережесін әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес психикалық-медициналық-педагогикалық консультациялар қорытындылары бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) санын қалыптастырады, білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан шыққан тәрбиеленушілердің мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек) қорғайды, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулерді бағалауды және олардың қажеттілігін анықтауды қамтамасыз етеді, ата-аналармен (олардың орнын басатындармен) жүргізілетін жұмыстарды үйлестіреді. Белгіленген нормаларға сәйкес білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жағдайларын қамтамасыз етеді.
Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, ішкі тәртіп ережелерінің, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді. Белгіленген заңнама шегінде ұйымның мүліктері мен құралдарына иелік етеді. Педагог кадрлар мен көмекші қызметкерлерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады. Олардың кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жағдайлар жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. Қызмет туралы қажетті есептілікті дауындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және әлеуметтік психологияның даму бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, әлеуметтік педагогиканың, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды, қаржылық-шаруашылық қызмет, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерд, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары білім немесе арнайы (түзеу) білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша «Әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша қосымша білімімен бірге жоғары педагогикалық білім. Арнайы білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Арнайы білім беру ұйымы басшысының орынбасары
Лауазымдық міндеттері: Педагогикалық ұжымның ағымдағы және алдағы қызметін жоспарлауды ұйымдастырады. Педагогтардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау және қажетті оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік, ғылыми және бейінді құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді. Білім беру процесінің сапасына және білім алушылардың білім дайындығы нәтижелерінің объективтілігіне, факультативтерге, үйірме және секция жұмыстарына бақылау жасайды. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасауды жүзеге асырады. Оқу сабақтарының және басқа да оқу қызмет түрлерінің кестесін жасайды. Оқу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, әдістемелік бірлестіктердің жұмысын үйлестіреді. Оқу-әдістемелік жұмыстың жай-күйіне талдау жасайды. Эксперименттік жұмыс нәтижелеріне талдау жасайды, оқытушылардың анағұрлым нәтижелі тәжірибесін тарату бойынша шаралар қабылдайды.
Педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізуге даярлауды және өткізуді қамтамасыз етеді. Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, оқытудың көрнекі және техникалық құралдарымен жарақтау, әдістемелік кабинеттерді, кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру жұмыстарын үйлестіреді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауға алады. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тәрбиелеудің арнайы бағдарламаларын құруды қамтамасыз етеді. Мәдени-тәрбиелеу іс-шараларын дайындау және өткізу жұмыстарын, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулердегі қажеттіліктерді бағалау және анықтау жүргізу жұмыстарын үйлестіреді. Педагог кадрларды іріктеу және орналастыру жұмыстарына қатысады. Жергілікті және денсаулық сақтау органдары өкілдерімен, ата-аналармен (және оларды алмастырушы тұлғалармен) тәрбие процесін қамтамасыз етуші әкімшілік және бөлімшелер өкілдерімен өзара іс-қимылды үйлестіреді. Пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Белгіленген есеп құжаттамаларын сапалы және уақытылы жасауды және беруді қамтамасыз етеді. Педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдары және басқа да білім берудің даму бағыттары мен болашағын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, әлеуметтік педагогиканың, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамалар, қаржылық-шаруашылық қызмет, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім. Арнайы білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Арнайы (түзету) интернат ұйымының тәрбиешісі (аға тәрбиеші)
Лауазымдық міндеттері: баланың жеке тұлғасының даму мақсатында баланың жеке қабілеттерін, бейімділігі мен қызығушылығын зерделейді, оның негізінде психологтардың кеңесімен түзете-дамытушылық жұмысты (топпен және жеке) жоспарлайды және жүргізеді. Әлеуметтік және еңбекке бейімдеу, әлеуметтік-психологиялық оңалту үшін жағдайлармен қамтамасыз ету, күнделікті жұмыс жүргізеді. Пайдалы қоғамдық еңбекке қатысу, үй жұмыстарын, күн тәртібін ұйымдастырады. Білім алуға көмектеседі, бос уақыттарын ұйымдастыру мен қосымша білім алуды ұйымдастырады. Сабақтан тыс уақыттарда тәрбиеленушілермен тәрбиелік жұмыс жүргізеді. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып өз-өзіне қызмет жасауға, жеке гигиеналық тазалықты сақтауды ұйымдастырады. Тәрбиеленушілердің денсаулықтарын нығайту және сақтау бойынша медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етеді, психикалық және дене дамуына септігін тигізетін іс-шаралар жүргізеді, баланың мекмеде болу мерзіміне дейін денсаулықтарына жауап береді. Дәрігерлік тексеріс алдындағы алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді. Топқа бекітілген арнайы құралдарға, оқу-әдістемелерге, оқулықтарға, ойыншықтарға, арнайы әлеуметтік қызметке қажеттіліктерін анықтайды және бағалау жүргізеді, оған қажетті жағдайлар құрады, баланың арнайы әлеуметтік қызметке қажеттіліктерін анықтауға талдау жасайды. Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті, компьютерлік коммуникативтік құзыреттілікті меңгерген.
Интернаттың ұйымның аға тәрбиешісының міндетін атқару кезінде тәрбиешінің жұмыстарын басқаруды ұйымдастырады. Тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетеді, бастапқы педагогикалық тәжірибені жалпылауға септігін тигізеді, тәрбиешілердің біліктіліктерін көтеруге қолдау көрсетеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды, қаржылық-шаруашылық қызмет, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
«Арнаулы педагогика» қосымша білімімен қоса жоғары педагогикалық білім.
«Арнаулы педагогика» қосымша білімімен қоса техникалық және кәсіптік білім.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар: оқыту мен тәрбиелеудің жеке бағдарлаушылық технологиясын меңгеруі, білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы, оны практикада қолдана білуі қажет.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнаулы педагогика» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, оған қоса тәрбиеленушінің жас ерекшіліктерін ескере отырып тәрбиелеудің әдістерін өз бетінше құрастыруы, тәрбиелеу жұмыстарын талдаудың әдістерін меңгеруі, шығармашылық семинарларына басшылық жасауі, диагностикалық жұмысты ұйымдастырудың формаларын меңгеруі қажет.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнаулы педагогика» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім немесе педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, оған қоса ғылыми-зерттеу әдістерін игеруі, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, жаңа бағдарламаларды және дидактикалық материалдарды, педагогикалық технологияларды, әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі, арнайы білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша мақалалардың болуы, өзінің өткізетін пәні бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік жасауы қажет.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнаулы педагогика» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім немесе педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:
тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруге, сонымен қатар оқыту мен тәрбиелеудің жеке бағдарлаушылық технологиясын меңгеруі, білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы, оны практикада қолдана білуі, тәрбиелеу жұмыстарын талдаудың әдістерін меңгеруі қажет.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнаулы педагогика» қосымша біліммен қоса техникалық және кәсіптік білім педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, оған қоса тәрбиеленушінің жас ерекшіліктерін ескере отырып тәрбиелеудің әдістерін өз бетінше құрастыруы, тәрбиелеу жұмыстарын талдаудың әдістерін меңгеруі, шығармашылық семинарларына басшылық жасауы, диагностикалық жұмысты ұйымдастырудың формаларын меңгеру қажет.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнаулы педагогика» қосымша біліммен қоса техникалық және кәсіптік білім педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: оған қоса ғылыми-зерттеу әдістерін игеруі, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, жаңа бағдарламаларды және дидактикалық материалдарды, педагогикалық технологияларды, әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі, арнайы білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша мақалалардың болуы, өзінің өткізетін пәні бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік жасауы қажет.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнаулы педагогика» қосымша біліммен қоса техникалық және кәсіптік білім педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Арнайы білім беру ұйымдарының басшысы
Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК) және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (бұдан әрі – ППТК) жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады. Арнайы мекеменің түрін, оқыту мен тәрбиелеу нысанын талқылау және анықтау кезінде консультация берудің алқалық жұмысын ұйымдастырады, әдістемелік жұмысты басқарады, құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне, ПМПК, ППТК-ны арнайы оқу және медициналық жабдықтармен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалмен жарақтандыруға жауап береді. Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегі арқылы тұрғындар арасында семинарлардағы, педагогтарды даярлау және біліктіліктерін арттыру курстарындағы педагог қызметкерлердің, медициналық және басқа да қызметкерлердің арасында дефектологиялық білімді тарату жұмыстарын; білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп, балалардың ауытқушылық дамуының алдын алу мәселелері бойынша сақтандыру жұмыстарын ұйымдастырады. Балаларды тексеруден өткізудің жоғары деңгейін, ПМПК және ППТК мамандарының сапалы жұмысын қамтамасыз етеді. Ұйымдарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдерін дамыту, өмірлері мен денсаулықтары үшін қауіпсіздік жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық орта қалыптастыру шараларын қабылдайды. Өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді. ПМПК, ППТК-ның мүдделерін барлық органдарда қорғайды. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді. Қажетті есепті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамалары, қаржылық-шаруашылық қызметін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология», «Психология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім «Арнаулы педагогика» немесе қосымша мамандандырумен «Арнаулы психология» мамандықтары бойынша қосымша білімімен қоса медициналық білім және арнайы білім немесе денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Дефектолог-мұғалім (сурдопедагог, олигофренопедагог, тифлопедагог)
Лауазымдық міндеттері: Мүмкіндігі шектеулі балалармен оқу-түзету жұмысын жүзеге асырады. Оқушыларды тексереді, ауытқушылықтың құрылымы мен деңгейін анықтайды балалардың психологиялық және дене қалпын есепке ала отырып, сабақ жүргізуге топ жинақтайды.
Бала бойында зақымдалған функцияны қайта қалпына келтіру бойынша жеке және топтық түзету-дамыту сабақтары жүргізіледі. Оқушылардың әлеуметтенуіне және білім беру бағдарламасын меңгеруге септігін тигізеді. Оқытудың әртүрлі құралдары мен амалдарын, әдістерін, түрлерін қолданады. Арнайы білім беру мекемелерінде пәннің ерекшеліктерін есепке ала отырып оқушылардың бойындағы ауытқушылықты түзетуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу бойынша жұмыс жүргізіледі. Жүйелі түрде өздерінің кәсіби біліктіліктерін көтереді. Әдістемелік бірлестіктер қызметтеріне және басқа да әдістемелік жұмыстарға қатысады. Ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) байланыс жасайды, балаларға арнайы көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде кеңес береді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді. Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын орындайды. Оқыту процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы конвенция», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедек балаларды қорғау» Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді, арнайы педагогика, арнайы психология, жас ерекшелік физиологиясын, мектеп гигиенасын, пәнді оқыту мен тәрбиелік жұмыс әдістемесін, бағдарламалар мен оқулықтарды, оқытудың құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндігін, педагогика ғылымы мен білім берудің даму перспективасы мен негізгі бағыттарын, еңбек туралы заңнама негіздерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы күрес ережелері мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: жұмыс өтілінсіз «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерін анықтай отырып қойылатын біліктілік талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:
Біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ мұғалім-дефектологқа қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: озық тәжірибелерді зерделеуі, оны практикада қолдана білуі, балалар кемістігінің көрсетілген дәрежесін талдау, дағдыларының болуы, даму ауытқуларын түзеу, бұзылған функцияларды қалыптастыру бойынша топтық және жеке сабақтар жүргізуі, білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі және мұғалім дефектолог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман: дефектолог мұғалімге, біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар даму мүмкіндігі шектеулі балалармен оқу-түзету жұмыстарын талдау әдістерін меңгеруі, шығармашылық семинарларға жетекшілік жасай білуі, озық тәжірибелерді енгізуі, дефектологияның қазіргі әдістерін игеруі, оларды пайдалану құқығына сертификаттарының болуы, білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
«Дефектология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі және мұғалім-дефектолог лауазымында жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
Біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты мұғалім дефектологқа қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстардың әдістерін игеруі, жаңа оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдарды, педагогикалық технологияларды, оқыту және тәрбиелеу әдістерін, әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі, өз пәні бойынша эксперименттік тапсырма құру, арнайы білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік етуі, арнайы білім беру проблемалары бойынша педагогикалық басылымдарда жарияланымдардың болуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі және мұғалім-дефектолог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Логопед-мұғалім
Лауазымдық міндеттері: Оқушыларды тексереді, сөйлеу кемшіліктерінің құрылымы мен деңгейін, оларды түзетудің әдістерін анықтайды, балалардың психикалық дене даму және сөйлеу жағдайын есепке ала отырып, сабақ жүргізуге топ жинақтайды. Дамудағы сөйлеу кемшілігін, сөйлеу қызметінің бұзылуын қалпына келтіру үшін топтық және жеке сабақтар өткізеді. Оқушылардың жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыруға және олардың әлеуметтенуіне ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі нысандарын, әдістерін және құралдарын пайдаланады. Арнайы ұйымдарда дамудағы ауытқушылықты барынша түзетуге бағытталған оқушыларды (тәрбиеленушілерді) оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Жүйелі түрде өзінің кәсіби біліктіліктерін көтереді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді. Әдістемелік бірлестіктер қызметтеріне және әдістемелік жұмыстардың басқа да нысандарына қатысады. Ата-аналармен (оларды алмастырушы тұлғалармен) байланыс жасайды, балаларға арнайы көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде кеңес береді. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығына жауапты болады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы конвенция», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заңдарын мен білім беру мәселелерін, педагогикалық және ұйымдастырушылық міндеттерді шешу үшін қажетті көлемде жалпы теориялық пән негіздерін, педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы, мектеп гигиенасын, арнайы педагогика және арнайы психология, бағдарламалар мен оқулықтарды, логопед кабинетін жарақтандыру және жабдықтауға қойылатын талаптарды, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін, еңбек туралы заңнама негіздерін, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы күрес негіздері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: «Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі.
Тиісті санаттарды алу үшін міндеттерді анықтай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мұғалім логопедке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар тәжірибелік-эксперименттік жұмыс дағдыларының болуы, жаңа оқыту әдістемесін сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты жүргізе білуі, озық тәжірибелерді зерделеуі, оны практикада қолдана білуі, оқушылардың тұлғалық жеке мәдениетін, олардың әлеуметтенуін қалыптастыруды талдау дағдыларының болуы, білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
«Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі, логопед-мұғалім лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
Біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ логопед-мұғалімге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар Дамудағы ауытқушылықты барынша түзетуге бағытталған тәрбиеленушілерді оқытуды талдау әдістерін меңгеруі, шығармашылық семинарларға жетекшілік етуі, озық тәжірибені енгізуі, дефектологияның заманауи әдістерін меңгеруі, оларды пайдалану құқығына сертификатының болуы, білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы, өзінің кәсіби құзыреті саласындағы тиісті теориялық және практикалық білімін меңгеруі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
«Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі және логопед-мұғалім лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
Біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты логопед-мұғалімге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, жаңа бағдарламаларды әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі, сурдопедагогиканың өзекті проблемаларын әзірлеу жөніндегі шығармашылық топқа жетекшілік ете білуі, өзінің кәсіби құзіреттілігінің саласында тиісті теоретикалық және практикалық білімдерді игеруі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі және мұғалім логопед лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Логопед
Лауазымдық міндеттері: Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тексереді, сөйлеу кемшіліктерінің құрылымы мен деңгейін, оларды түзетудің әдістерін анықтайды, балалардың психикалық дене даму және сөйлеу жағдайын есепке ала отырып, сабақ жүргізуге топ жинақтайды. Дамудағы ауытқушылықты түзету, сөйлеу қызметінің бұзылуын қалпына келтіру үшін топтық және жеке сабақтар өткізеді. Оқушылардың жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыруға және олардың әлеуметтенуіне ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі нысандарын, әдістерін және құралдарын пайдаланады. Арнайы ұйымдарда дамудағы ауытқушылықты барынша түзетуге бағытталған оқушыларды (тәрбиеленушілерді) оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Жүйелі түрде өзінің кәсіби біліктіліктерін көтереді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді. Әдістемелік бірлестіктер қызметтеріне және әдістемелік жұмыстардың басқа да нысандарына қатысады. Ата-аналармен (оларды алмастырушы тұлғалармен) байланыс жасайды, балаларға арнайы көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде кеңес береді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын орындайды. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығына жауапты болады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы конвенция», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заңдарын санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогикалық және ұйымдастыру-басқару міндеттерін шешу үшін қажетті көлемдегі жалпы теориялық пән негіздерін, педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясын, мектеп гигиенасын, арнайы педагогика және арнайы психология негіздерін, бағдарламалар мен оқулықтарды, логопед кабинеттерін жарақтандыру мен жабдықтауға қойылатын талаптарды, оқу құралдары мен оның дидактикалық мүмкіндіктерді, еңбек туралы заңнама негіздерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып қойылатын біліктілік талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:
Біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ логопедке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар эксперименттік жұмыс дағдыларының болуы, жаңа оқыту әдістемесін сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты жүргізе білуі, озық тәжірибелерді зерделеуі, оны практикада қолдана білуі, оқушылардың тұлғалық жеке мәдениетін, олардың әлеуметтенуін қалыптастыруды талдау дағдыларының болуы, білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі және логопед лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
Біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар дамудағы ауытқушылықтарды барынша түзетуге бағытталған тәрбиеленушілерді оқытудың талдау әдістерін меңгеруі, шығармашылық семинарларға жетекшілік жасай білуі, озық педагогикалық тәжірибелерді енгізуі, дефектологияның қазіргі таңдағы әдістерін игеруі, оларды пайдалану құқығына сертификаттарының болуы, білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы, өзінің кәсіби құзыреттілігінің саласында тиісті теоретикалық және практикалық білімдерді игеруі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі және логопед лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
Біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты логопедке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәжірибелік-эксперименттік жұмыс әдістерін игеруі, жаңа бағдарламаларды әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі, шығармашылық топтарға жетекшілік ете білуі, өзінің кәсіби құзыреттілігінің саласында тиісті теориялық және практикалық білімдерді игеруі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі және логопед лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Арнайы білім беру ұйымдарының мұғалімдері, жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптардың мұғалімдері
Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқушы контингенті мен оқытылатын пән ерекшеліктерін есепке ала отырып оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады. Оқушылардың жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыруға және олардың әлеуметтенуіне ықпал етеді. Білім алушылар мен тәрбиленеушілердің жеке қабілеттерін дамытуды анықтайды және ықпал етеді. Оқу процесінде түзету жұмыстарын жүзеге асырады. Оқытудың әртүрлі әдістері мен құралдарын, нысандарын, түрлерін қолданады. Оқытылатын пән бойынша қажетті жоспарды жасайды. Заманауи білім беру, оның ішінде ақпараттық технологияларын меңгереді. Білім алушылардың және тәрбиеленушілердің тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған деңгейден төмен емес білімді, білікті және дағдыларды алуын қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оларды оқу процесінің оқу жоспары мен кестесіне сәйкес толық көлемде іске асыруға жауап береді. Жүйелі түрде өзінің кәсіби біліктілігін көтереді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді. Ата-аналармен немесе оларды алмастырушы тұлғалармен байланысты жүзеге асырады. Оқу пәнін, сабаққа қатысу режимін қолдайды. Жабдықтарды пайдалану кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындайды. Оқыту процесінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жауап береді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдары және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және арнайы педагогика, арнайы психология, педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін, еңбек туралы заңнама негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметі, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Арнайы білім беру ұйымының мұғаліміне қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі бар. Арнайы білім беру ұйымының еңбек, музыка, түзету ырғағы, бейімдік дене шынықтыру мұғалімінің оқыту пәні бойынша жоғары немесе техникалық және кәсіптік білімі болуы тиіс.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып қойылатын біліктілік талаптары:
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:
Біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ мұғалімге қойылатын талаптарға жауап беруі, сабақ берудің әдістерін құрастыруы, оқу процесінде түзету жұмыстарын жүзеге асыруы, белсенді оқытудың әдістері мен нысандарын пайдалануы, білім алушылармен диагностикалық жұмысты ұйымдастыра білуі, оқу-тәрбиелеу, түзету-дамыту процестерінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі, шығармашылық топтардың, әдістемелік бірлестіктердің, білім беру мекемелері шеңберіндегі озық тәжірибелі мектептің жұмысына белсенді қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары білімі және мұғалім лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
Біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар пән бойынша оқу-әдістемелік, түзету-дамыту жұмыстарын талдау әдістерін меңгере білуі, оқытудың жеке бағдарламасын жасауы және іске асыруы, шығармашылық семинарлар, шығармашылық топ жұмыстарына жетекшілік ете білуі, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалануы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары білімі және мұғалім лауазымында жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
Біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар жаңа оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдарды, педагогикалық технологияларды, оқу және тәрбие әдістемесін әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі; өз пәні бойынша эксперименттік тапсырманы құруы, арнайы білім беру саласындағы өзекті проблемаларды әзірлеу жөніндегі шығармашылық топтарға жетекшілік жасауы, арнайы білім беру саласындағы проблемалар бойынша педагогикалық басылымдарда жарияланымдардың болуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі және мұғалім лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |