Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы


Деңгейлік бағдарламалар орталығының басшысы



жүктеу 1,77 Mb.
бет9/9
Дата18.12.2017
өлшемі1,77 Mb.
#5042
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Деңгейлік бағдарламалар орталығының басшысы

Лауазымдық міндеттері: Орталықтың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Тренерлер арасында функционалды міндеттерді бөледі. Орталық қызметін ұйымдастырады, оның даму перспективаларын айқындайды, Орталық алдына қойылған функциялар мен міндеттерді шешудің жолдарын тандайды. Біліктілікті арттыру курстарының өткізілуін үйлестіреді, тренерлер жұмыстарының нәтижелігін саралайды, есептіліктің уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді, қазіргі нормаларға сай құжаттама жүргізеді. Деңгейлік бағдарламалардың оқу процесін нормативтік құжаттар талабына сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша БАИ қызметіне қатысады. Тренерлердің оқу қызметінің нормаларын жоспарлауын және орындауын бақылауды жүзеге асырады. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының деңгейлік бағдарламаларына қатысты саралық есептер мен сұрақтар бойынша ақпараттық анықтамалар әзірлейді. Курсаралық кезеңде сертификатталған педагогтерге консультациялық көмек көрсетеді. Тренерлердің оқу жүктемесі мен аудиторлық қорды ұтымды қолдануы бойынша ұсынымдамалар, бағдарламалар мен оқу-тақырыптық жоспарлар әзірлеу жұмысын ұйымдастырады. Деңгейлік бағдарламаларына қажетті оқу құжаттамасын әзірлеу, оқу процесін ішкі нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес ұйымдастыру бойынша филиал қызметіне қатысады. Педагогтер біліктілігін арттыру курстарының деңгейлік бағдарламары бойынша оқу процесін ұйымдастыруға қатысты Басқарма бұйрықтары мен шешімдерін орындауды қамтамасыз етеді. Орталықтың жабдықтарға, материалдарға және Орталыққа жүктелеген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті басқа да ресурстарға мұқтаждығын айқындайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының заңдарын, білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен шешімдерін және нормативтік құжаттарды. Филиал қызметін айқындайтын нормативтік актілерді. Кембридж университетімен бірге дайындалған «НЗМ» ДББҰ-ның оқу бағдарламасының жеті модулінің тұжырымдамалық идеяларын. Ересектерді оқытудың заманауи формалары мен әдістерін. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздерін. Еңбек қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, тренер сертификаты және оқытушы ретінде жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл.



Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері

Лауазымдық міндеттері: Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстарын тиісті деңгейде өткізу. Тындаушылармен бекітілген кесте бойынша дәріс өткізу. Деңгейлік бағдарламалар курстарының талабына сай оқу-тақырыптық жоспар мен курс бағдарламасын әзірлеу. Тыңдаушылардың сабаққа қатысуын тұрақты түрде бақылау. Куратор функциясын жүзеге асыру. Қажетті оқу құжаттарын (журналдар, табельдер, кесте және т.б.) ресімдеу. Өзінің қызметі туралы басшылыққа қажетті ақпарат беру. Ақпараттық брошюра, мақала дайынау. Семинар, көрме, конференцияларға қатысу. Тындаушыларға портфолионы дайындау және біліктілік емтиханын тапсыру бойынша консультация беру. Біліктілік емтихан нәтижелеріне сараптама жүргізу. Оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану. WOIP-технологияны қолдана отырып, бейнеконференция арқылы біліктілікті арттыру денгейлік курстарының он-лайн кезеңін өткізу кезінде жеке консультациялар жүргізу. Тыңдаушылардың аудиториялардағы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тренер жұмысын реттейтін Ішкі тәртіп ережелерін және филиал құжаттарын сақтау. Филиал іс-шараларына, оның ішінде орталықтң отырыстарына, өз қызметінің барлық түрлерін жоспарлауға және атқарылған жұмыс туралы есеп беруге қатысу. Сертификатталған мұғалімдердің кейінгі кәсіби қызметіне мониторинг жүргізу. Тыңдаушыларға демалыс іс-шараларын ұйымдастыру. Курсаралық кезеңде бекітілген базалық (тірек) және басқа мектептерде: мастер-кластар өткізу; топтық консультациялар жүргізу; мұғалімдердің коучингін және тәлімгерлігін жүзеге асыру; басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындау.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының заңдарын, білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен шешімдерін және нормативтік құжаттарды. Филиал қызметін айқындайтын нормативтік актілерді. Кембридж университетімен бірге дайындалған «НЗМ» ДББҰ-ның оқу бағдарламасының жеті модулінің тұжырымдамалық идеяларын. Ересектерді оқытудың заманауи формалары мен әдістерін. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздерін. Еңбек қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, білім беру саласындағы жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл, біліктілікті арттыру курстарының тренері сертификатының болуы.


Кафедра меңгерушісі

 

Лауазымдық міндеттері: Кафедраның даму стратегиясын жасайды, сыртқы байланыстарды нығайтады және дамытады.

Тыңдаушыларды курстық даярлау сапасының кафедраішілік жүйесін әзірлейді. Оқытудың педагогикалық әдістері мен құралдарын, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс дағдыларын меңгереді. Профессорлық-оқытушылық құрамды оқытуды ұйымдастырады. Оқу, ғылыми, әдістемелік жұмыс мәселелері бойынша кафедра отырыстарын өткізеді.

Кафедра жұмысын жоспарлайды, кафедра оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларын бекітеді. Кафедра оқытушылары арасындағы педагогикалық жүктеме мен лауазымдық міндеттерді бөлуді жүзеге асырады, олардың уақытылы және сапалы орындалуына бақылау жасайды.

Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады. Аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстары мен оларды енгізу мүмкіндіктерінің нәтижелерін талқылауды ұйымдастырады. Қол жеткізілген ғылыми нәтижелерді жариялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Оқу және оқу-әдістемелік құралдарға сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді. Көрнекі құралдар мен кафедраның оқу-әдістемелік материалдарының дайындалуын ұйымдастырады және тікелей өзі қатысады.

Кафедрадағы оқытушылардың жеке жұмыс жоспарларының сапасы мен орындалуына бақылау жасайды. Кафедраның педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады. Кафедра оқытушыларының жұмыс тәжірибесін зерттейді, жинақтайды және таратады. Жұмысты жаңа бастаған оқытушыларға оқу және әдістемелік тұрғыдан көмек көрсетеді. Кафедра оқытушыларының біліктіліктерін арттыруды жоспарлайды. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді. Ғылыми кеңес жұмысына қатысады. Ғылыми-әдістемелік көмек көрсету мақсатында білім беру ұйымдарымен және басқа да ұйымдармен байланыс орнатады.

Кафедраның, институттың халықаралық қызметіне қатысады және қамтамасыз етеді. Кафедраның барлық құжаттарының және есептерінің дайындалуын және сақталуын қамтамасыз етеді.

Кафедра қызметінің қорытындысы бойынша есеп береді. Кафедра оқытушыларының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауына бақылау жасайды. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын орындайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және біліктілікті арттыру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындау және бекіту тәртібін, білім беру жүйесін басқарудың теориясы мен әдістерін, оқу жоспарларын жасау тәртібін, оқу жұмысы бойынша құжаттамаларды жүргізу тәртібін, педагогика, физиология, психология және кәсіптік оқыту беру әдістемесін, қазіргі заманғы оқыту мен тәрбиелеу нысандары және әдістерін; экономика негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.



Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесінде кемінде 3 жыл.
Аға оқытушы

 

Лауазымдық міндеттері: Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады және өткізеді. Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір бағытына қатысады.

Барлық оқу жұмысының түрлерін жүргізеді. Оқытатын пәндер бойынша оқу бағдарламаларын, оқу-тақырыптық жоспарларын әзірлейді. Оқитын пәндері немесе жекелеген оқу сабақтары, оқу жұмыстары бойынша әдістемелік қамтамасыз ету үшін еңбектер жинақтайды және әзірлейді.

Тыңдаушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады. Оқитын пәндері немесе жекелеген оқу бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына басшылық жасайды.

Біліктілікті арттыруды әдістемелік қамтамасыз етеді. Кафедраның, институттың ғылыми-әдістемелік жұмыстарына қатысады.

Сабақтарды, зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтарды өткізуде тыңдаушылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды.

Кафедрадағы оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды, әзірлемелерді, жұмыс бағдарламаларын және басқа да оқу-әдістемелік жұмыстардың түрлерін дайындауға қатысады. Жеке жоспардың орындалуы туралы есепті дайындайды және ұсынады. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін орындайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және біліктілікті арттыру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, білім беру жүйесін басқарудың теориясы мен әдістерін, оқу жоспарларын жасау тәртібін, оқу жұмысы бойынша құжаттамаларды жүргізу тәртібін, педагогика, физиология, психология, андрогогика, кәсіптік оқыту беру әдістемесін, қазіргі заманғы оқыту мен тәрбиелеу нысандары және әдістерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.



Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Бөлім басшысы
Лауазымдық міндеттері. Нормативтік, құқықтық актілер мен біліктілікті арттыру институты туралы ережеге сәйкес бөлім қызметіне басшылық жасайды. Бөлімнің даму стратегиясын әзірлейді. Бөлімнің жұмыс жоспарын және бөлім мамандарының жеке жұмыс жоспарларын бекітеді. Бөлім мамандарының арасында функционалдық міндеттерін бөлуді, олардың уықытылы және сапалы орындалуын бақылайды.

Бөлім қызметінің нәтижесін талдайды. Бөлім мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыруға көмек көрсетеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді.

Ішкі тәртіп ережесін сақтайды және бөлімнің жұмыс регламентіне сәйкес құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Бөлімнің барлық түрлердегі құжаттамаларын, есебін жасауды және сақтауды қамтамасыз етеді.



Институттың іс-шараларына қатысады, бөлімнің барлық түрдегі қызметін жоспарлайды және талдайды. Қажетті есепті, бөлім қызметі туралы ақпаратты дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдарын және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді, дидактика принциптерін, педагогика және жас ерекшеліктері психологиясы негіздерін, басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендіру принциптерін, баспалармен жұмыс істеу негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеу принциптері мен тәртібін, пәндер бойынша жаңа және балама оқулықтардың мазмұнын, алдыңғы қатарлы білім беру технологиялары бойынша жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату әдістемесін, еңбек туралы заңнама негіздерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім (бөлім бейіні бойынша) және білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Бас (жетекші) маман
Лауазымдық міндеттері. Курстарды, семинарларды, конференцияларды, педагогикалық оқуларды, конкурстарды, көрмелерді ұйымдастырады. Педагогикалық диагностиканы, түзетуді, білім беру қызметкерлерінің біліктілігін үздіксіз арттыру бойынша курстық даярлықтың тиімділігін анықтаудың педагогикалық инструментарийін іске асыру әдістерін жетілдіру, әдістемелік жұмысты үлгілеудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу жұмыстарын үйлестіреді. Ұйымдар мен білім беру қызметкерлерінің білім беру және кәсіптік қажеттіліктерін талдайды. Біліктілікті арттыру курстарын әдістемелік қамтамасыз етуді үйлестіреді. Біліктілікті арттыру жоспарын іске асыруды қамтамасыз етеді, кабинет бейіні бойынша педагог кадрлардың сапалық құрамына мониторингті жүзеге асырады. Авторлардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін сынақтан өткізуге, авторлық курстарды, семинарларды ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсетеді. Тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс нәтижелерін талдайды және жалпылайды. Білім беру ұйымы педагогтерінің, әдіскерлерінің, басшыларының нәтижелі жұмыс тәжірибелерін зерделейді, жалпылайды және таратады. Білім беру қызметкерлеріне, аудандық әдістемелік кабинеттерге консультативтік, әдістемелік, практикалық көмек көрсетеді. Курсаралық жұмыстар мен әртүрлі байқауларды, конкурстарды, слеттерді, олимпиадаларды өткізеді. Педагогикалық және басқарушылық инновацияларды зерделейді және насихаттайды. Қазіргі заманғы педагогикалық ғылым жетістіктерін, педагогика әдебиеттерінің жаңалықтарын зерделейді және олар туралы білім беру ұйымдарына, әдістемелік кабинеттерге хабарлайды. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді. Біліктілікті арттыру жүйесіндегі маркетингтік зерттеулерді және баспа қызметін жүзеге асырады.

Педагогтердің, білім беру ұйымдарының инновациялық, тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс нәтижелерін және өзінің (ізденушілік) зерттеу қызметін жалпылау негізінде ғылым мен практиканы интеграциялау идеяларын енгізу бойынша ұсынымдамалар әзірлейді. Республикалық педагогикалық басылымдарда білім беру проблемалары бойынша материалдар жариялайды.



Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасында бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдары және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді, дидактика принциптерін, педагогика және жас ерекшеліктері психологиясы негіздерін, басқарудың инновациялық әдістері, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендіру принциптерін, баспалармен жұмыс істеу негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеу принциптері мен тәртібін, пәндер бойынша жаңа және балама оқулықтардың мазмұнын, алдыңғы қатарлы білім беру технологияларын, ғылыми-зерттеу және эксперименталды жұмыстар бойынша жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату әдістемесін, еңбек туралы заңнама негіздерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:

Жетекші маман:

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименталды жұмыс әдістерін меңгеру, білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз ету бойынша шығармашылық топтардың жұмысына қатысу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, педагогикалық талдау әдістерін меңгеру, оң педагогикалық тәжірибені зерделеу, жалпылау, тарату.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім (бөлім бейіні бойынша), білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Бас маман: Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименталды жұмыс істеу әдістері мен дағдыларын меңгеру; білім беру процесін психологиялық-әдістемелік сүйемелдеу бойынша шығармашылық топтарын басқару; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, оның ішінде ақпаратты компьютерлік өңдеу дағдыларын, педагогикалық талдау әдістерін меңгеру; жарияланған әдістемелік материалдардың, авторлық әзірлемелердің болуы.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім (бөлім бейіні бойынша), білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.


Сертификатталған тренер
Лауазымдық міндеттері. Деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырады және өткізеді, курстардың бағдарламасын және оқу-тақырыптық жоспарын әзірлейді, қажетті құжаттарды (журнал, табель, сабақ кестесі және т.б.) ресімдейді, деңгейлік бағдарламалар бойынша курстардың талаптарына сәйкес куратордың функциясын жүзеге асырады. Аудиторияларда тыңдаушылардың жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Тыңдаушылардың бос уақыттарындағы қызметін ұйымдастырады.

Тыңдаушыларға деңгейлік курстардың екінші кезеңінде WOIP - технологиялар арқылы, біліктілік емтиханын тапсыруға портфолио дайындау, портфолионы рецензиялау бойынша консультативтік және практикалық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

Тыңдаушылардың біліктілік емтиханының нәтижелерін талдайды, сертификатталған мұғалімдердің одан әрі кәсіби қызмет етуіне мониторингті жүзеге асырады. Сертификатталған мұғалімдермен, базалық (тірек) мектептермен жұмыс жүргізуді жоспарлайды және жүзеге асырады: мастер-кластар жүргізеді, консалтингті көмекті, топтық және жеке консультацияларды қамтамасыз етеді, коучинг және мұғалімдердің тәлімгерлігін, сертификатталған мұғалімдердің оң жұмыс тәжірибесін зерделеуді, жалпылауды және таратуды жүзеге асырады. Қысқа мерзімді курстарға деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарының идеяларын енгізу жұмысын жүзеге асырады.

Конференцияларға, семинарларға, көрмелерге және т.б. қатысады. Мақалалар дайындауды, әдістемелік ұсынымдар, құралдар және т.б. әзірлеуді қамтамасыз етеді.

Ішкі тәртіп ережелерін сақтайды және тренердің жұмысын реттейтін құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Білім беру ұйымының іс-шараларына, қызметтің барлық түрлерін жоспарлауға және талдауға қатысады. Ақпаратты ұсынады, қажетті есептілікті дайындауды және беруді қамтамасыз етеді.



Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдарын және білім беру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормалар; Кембридж университетімен бірлесіп әзірленген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ оқу бағдарламаларының тұжырымдамалық идеяларын, мемлекеттік білім беру стандарттарын, педагогика және жас ерекшеліктері психологиясы, андрогогика негіздерін, сертификатталған мұғалімдердің оң педагогикалық тәжірибесін зерделеу, жалпылау және тарату әдістемесін, бағдарламалық-әдістемелік құралдарды әзірлеу принциптерін, технологиясын.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Жоғары педагогикалық білім. Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесінде жұмыс өтілі кемінде 2 жыл. Біліктілікті арттырудың деңгейлік курстары тренерінің сертификаты болуы.
Әдістемелік қызмет
Оқу-әдістемелік орталықтың (кабинет) директоры (меңгерушісі)
Лауазымдық міндеттері. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес орталық (кабинет) қызметінің барлық бағыттарына жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады. Орталықты (кабинет) басқару құрылымын, штаттық кестені белгілеп, бекітеді.

Орталықтың (кабинет) стратегиясын, даму мақсаты мен міндеттерін белгілейді, даму бағдарламаларының, ішкі тәртіп ережелерінің әзірленуін, бекітіліуін және орындалуын ұйымдастырады. Бюджеттік қаржыны оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етеді. Заңнамамен белгіленген шекте орталықтың (кабинет) мүлкіне және қаржысына иелік етеді. Оқу-материалдық базаның есепке алынуын, сақталуын және толығуын қамтамасыз етеді.

Республикадағы және шетелдегі қоғамдық ұйымдардың (қауымдастықтар, кеңестер және т.б.) өзара әрекетесуін ұйымдастырады.

Ғылыми-педагогикалық және тәрбие процесін тиісті деңгейде қамтамасыз етуші кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады. Қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін белгілейді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Қызметкерлердің творчестволық бастамашылдығын марапаттайды және ынталандырады.

Орталықтың (кабинет) ғылыми-әдістемелік кеңесінің жұмысына басшылық жасайды. Қажетті есептілікті дайындап, жіберуді қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлық туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және білім берудің даму бағыттары мен перспективасын белгілеуші басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін, қаржылық-шаруашылық қызмет, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі техникасын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл.

Оқу-әдістемелік орталық (кабинет) директорының орынбасары
Лауазымдық міндеттері. Орталық (кабинет) жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құрылымдық бөлімшелер қызметіне басшылық жасайды. Орталықтағы оқу, ғылыми, әдістемелік қызметті жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды. Өткізілетін іс-шаралардың оқу, бағдарламалық-әдістемелік және ғылыми ілеспесін әзірлеуге басшылық жасауды және бақылауды жүзеге асырады. Баспа қызметіне басшылық етеді. Құрылымдық бөлімшелер үшін кадр іріктеуді жүзеге асырады және орталық басшысына ұсынады. Өңірлік құрылым қызметкерлеріне консультация беруді, орталық зертханаларының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Әдістемелік құрамды аттестаттауға дайындауды ұйымдастырады. Орталықты (кабинет) әдістемелік қамтамасыз ету тиімділігін арттыру бойынша ұсыныс әзірлейді, ақпараттық материалдарды жүйелендіреді және жасайды, балалармен жұмыс жөніндегі білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады, аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттердің, тәжірибелік-эксперименттік алаң қызметінің нәтижесін зерделеп, топтастырады. Қажетті есептемелерді дайындап, жіберуді қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлық туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және білім берудің даму бағыттары мен перспективасын белгілейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарын, педагогика, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін, қаржылық-шаруашылық қызмет, еңбек туралы заңнамалар негізін, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Оқу-әдістемелік орталық (кабинет) әдіскері
Лауазымдық міндеттері. Аудан (қала) педагогтерімен бірлесіп әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңдегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді. Білім беру ұйымдарын жетекшілік ететін мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Мамандықтар бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды болжайды және жоспарлайды. Семинарлар, алдыңғы қатарлы тәжірибе мектебінің отырыстары, педагог қызметкерлердің конкурстары, олимпиадаларының оқыту-әдістемелік құжаттамасын (дидактикалық материалдар, жабдықтардың типтік тізбесі) әзірлеу, рецензиялау және бекітуге дайындауды ұйымдастырады. Педагогтердің және білім беру ұйымдарының инновациялық және тәжірибелік-эксперименттік жұмысының қорытындысын зерделейді және топтастырады.

Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагог қызметкерлеріне оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға консультативтік және практикалық көмек көрсетеді. Педагогтерге көмек ретінде библиографиялық анықтамалар, әзірлемелер, тестік және басқа да материалдар жасайды, оларды білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік кабинеттеріне, аудан (қала) педагогтерінің назарына жеткізеді. Алдыңғы қатарлы оқыту және тәрбие технологиялары бойынша ақпараттарды топтастырады және таратады. Педагогтердің, білім беру ұйымдары басшыларының мейлінше нәтижелі тәжірибелерін зерделейді, жүйелендіреді, топтастырады, мониторинг жүргізеді және таратады. Педагог қызметкерлердің әдістемелік бірлестік жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді. Оқушылар конкурсын, көрмелерін, олимпиадаларын, слеттерін, жарыстарын өткізу бойынша тиісті құжаттамаларды ұйымдастырады және әзірлейді. Қажетті есептіліктерді дайындап, ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлық туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және білім берудің даму бағыттары мен перспективасын белгілейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік білім беру стандарттарын, педагогика және жас ерекшелігі психологиясы негіздерін, дидактика принциптерін, жалпы және жеке оқыту әдістерін, білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін ұйымдастыру жүйесі, әдістемелік бірлестік, білім беру ұйымдары педагогтері жұмыстарының тиімді формалары мен әдістерін анықтау, топтастыру және тарату әдістемесін, оқу-бағдарламалық құжаттама әзірлеу принциптері мен тәртібін, педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендіру принципін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, тиісті бейіні бойынша бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы тиіс».

2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):

1) осы бұйрықтың белгіленген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.



4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А.СӘРІНЖІПОВ.
«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі
___________ Т.ДҮЙСЕНОВА.

2013 жылғы 30 желтоқсан.


жүктеу 1,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау