ғылыми дəрежесі берілді.
2000 ж.
Профессор ғылыми атағын алды.
Бірнеше семинарлардан алған
сертификаттары; университет
тарапынан берілген «Айрықша
еңбегі үшін» медалі; құрмет
грамоталары мен марапаттаулары бар.
Тілді білуі:
Қазақ тілі мен орыс тілдерін еркін, ал
ағылшын тілін орташа дəрежеде біледі.
Жеке басының қасиеттері:
Жауапкершілік, ұйымдастырушылық,
басқарушылық қабілеттері жоғары.
Еңбекқор, көпшілікпен ортақ тіл
табыса алады, ұжымда беделді,
сынды дұрыс қабылдайды.
Құштарлығы:
Кітап оқу, саяхатқа шығу,
əн айту, ғылыммен шұғылдану.
Отбасы:
1.
Жəнібеков Ж.С. 1946 ж. (күйеуі)
2.
Жəнібеков Қ.Ж. 1971 ж. (ұлы)
3.
Жəнібекова М.Ж. 1974 ж. (қызы)
4.
Мұратова А.Қ. 1976 ж. (келіні)
5.
Жəнібеков Т.Қ. 2000 ж.
(немересі)
* * * * *
Т Ү Й І Н Д Е М Е
Ү л г і:
Жеке басы туралы мəліметтер:
Аты-жөні, тегі:
Қасымов Жарасқан Жұмағұлұлы
Туған жылы, айы, күні: 10.02.1984 ж. Қызылорда облысы,
Арал қаласы.
Отбасы жайлы:
Үйленбеген
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі: Аяқталмаған жоғары білім
Мамандығы: Болашақ инженер-металлург
Жұмыс істеген орындары:
Жұмыс істеген жоқ
Қосымша мəліметтер: Қазақ, орыс тілдерін жетік біледі.
Ағылшын тілінде сөздікпен
жұмыс істейді; Спортпен
шұғылданады.
Мекен-жайы: Тастақ-1 ықшамауданы, 8 үй, 42
пəтер, тел.: 340-03-24
* * * * *
Т Ү Й І Н Д Е М Е
Ү л г і:
Жеке басы туралы мəліметтер:
Аты-жөні, тегі:
Сұлтанова Назира Айтбайқызы
Туған жылы, айы, күні: 07.04.1974 ж. Талдықорған қаласы
Отбасы жайлы:
Тұрмыста, күйеуі, 2 баласы бар.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі: Жоғары. Талдықорған қаласындағы
І. Жансүгіров атындағы
университетті 1996 ж бітірген
Мамандығы: Заңгер, тарихшы
Жұмыс істеген орындары:
Аталған университеттің тарих
факультетінің оқытушысы
Қосымша мəліметтер: Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін
жетік біледі. Компьютерді
меңгерген. Ғылыми-зерттеу
жұмыстарымен шұғылданады.
Мекен-жайы: Орбита-2 ықшамауданы, 56 үй, 75
пəтер, тел.: 328-46-51
169-тапсырма. Грамматикадан берілген тест тапсырмаларын
орындаңыздар.
1. Ашық буынды сөзді табыңыздар.
А) Тамаша
В) Əкімшілік
С) Жақсылық
Д) Ғажап
Е) Бапкер
2. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің ғылыми саласын
атаңыздар.
А) Фонетика
В) Лексикология
С) Морфология
Д) Синтаксис
Е) Стилистика
3. Түбірлес сөздерді табыңыздар.
А) Тіл, діл
В) Қыс, қыз
С) Қор, көр
Д) Көрме, көргіш
Е) Қамқор, көмек
4. Жаңа сөздерден (неологизмдерден) тұратын қатарды
табыңыздар.
А) Былтыр, биыл, қайта құру
В) Ұстаз, оқытушы, ғалам тор
С) Өркениет, ғаламдастыру, нарық
Д) Компьютер, интернет, ғылым
Е) Аспап, құрал, техника
5. Етістікті сөз тіркестерін табыңыздар.
А) Өнерлі бала
В) Жетпіс бесінші
С) Таза жүру
Д) Жол торабы
Е) Менің пікірім
12-апта. 23-сабақ
170-тапсырма. Іс қағаздарын жүргізу барысында қолданылатын
құжаттардың іштей бөліну түрлері туралы өзара пікір алмасыңыздар.
171-тапсырма. Іс қағаздары қалай топтастырылады? Сабақ
барысында талқылаңыздар.
172-тапсырма. Мəтіннің мазмұнымен мұқият танысып, мағынасын
меңгеріп, мазмұндаңыздар.
Іс қағаздарының түрлері жəне
оларды топтастыру
Іс қағаздарының түрлері өте көп, олардың негізгі түрлерін: мақсаты
мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне,
формасына, т.б. ерекшеліктеріне қарай топтастыруға болады. Ұйымдар мен
мекемелердің іс жүргізу барысында қолданылатын құжаттарын
жалпы
мақсатына қарай ұйымдық-өкілеттік құжаттар деп алып, оларды іштей
бірнеше топқа бөлуге болады.
1. Іс қағаздарын мазмұны мен қызметіне қарай:
а) жеке адамға қатысты жəне ə) қызметтік іс қағаздары деп екіге бөлінеді.
Жеке адамға қатысты іс қағаздары жеке азаматтар атынан жазылады.
Оларға мыналар жатады: өмірбаян, арыз, сенімхат, қолхат, хат, төлқұжат,
куəлік, білімі туралы куəлік, т.б. Төл құжат, куəлік, білімі туралы куəлік
сияқты құжаттарды мекемелер азаматтардың өз қолына береді, яғни əркімнің
өзінде болады.
Қызметтік іс қағаздары мекеме немесе сол мекеменің жауапты
адамының атынан жазылады. Қызметтік іс қағаздарына мекемелер мен
ұйымдардың іс жүргізу барысында дайындайтын барлық құжаттарын
Достарыңызбен бөлісу: |