81
Желінің нысандары: санды теңдік жəне санды теңсіздік; санды өрнек,
өрнектің мəні, өрнектердегі амалдарды орындаудың рет тəртібі, əрпі бар
өрнек, амал қасиеттерін əріпті теңдік түрінде жазу, формулалар, өрнектерді
қарапайым теңбе-тең түрлендірулер, теңдеулер жəне оларды шешу тəсілдері;
есепті алгебралық тəсілмен шешу.
Өрнектерді оқу, жазу жəне мəнін табу, қарапайым жəне құрылымы
күрделірек
теңдеулерді
шешу,
есепті
теңдеу
құру
арқылы
шешу
ерекшеліктерін
түсіну
құзыреттіліктерін
қалыптастыратын
алгебра
элементтерін кезеңдер бойынша оқыту технологиясы.
4.3.
«Геометрия
элементтері»
мазмұндық-əдістемелік
желі
материалдарын оқыту технологиясы.
Желінің нысандары: геометриялық фигуралар (қарапайым жазық жəне
кеңістіктік геометриялық фигуралар) жəне оларды жіктемелеу, фигуралардың
элементтері, қасиеттері мен белгіленуі; геометриялық фигураларды кескіндеу
жəне салу; геометриялық мазмұнды есептер, геометриялық шамалар
(фигураның периметрі, ауданы мен көлемі) жəне көпбұрыштардың
периметрлерін, тік төртбұрыштың (шаршының) ауданын, тік бұрышты
параллелепипедтің (текшенің) көлемін есептеп табу; бұрыштың градустық
өлшемі, бұрыштың шамасын табу; координата нүктелері мен қозғалыс
бағыты.
Геометриялық фигураларды ажырату, қарапайым салуларды орындау,
геометриялық
шамаларды
өлшеу
жəне
геометриялық
фигуралардың
периметрін, ауданын жəне көлемін есептеп табу пəндік құзыреттіліктерін
қалыптастыратын
геометрия
элементтерін
кезеңдер
бойынша
оқыту
технологиясы.
4.4. «Жиын. Логика элементтері»мазмұндық-əдістемелік желі
материалдарын оқыту технологиясы.
Желінің нысандары: жиындар жəне олармен орындалатын амалдар,
пікірлер, тізбектер, нысандардың комбинациялары.
Жиындар, пікірлер құру, заңдылықтар мен тізбектер құру жəне анықтау,
жиын объектілерімен амалдар орындау, басқатырғыштар мен есептерді
шығару кезінде логикалық пайымдаулар құру пəндік құзыреттіліктерін
қалыптастыратын логика мен жиындар элементтерін кезеңдер бойынша оқыту
технологиясы.
4.5.
«Математикалық
модельдеу»мазмұндық-əдістемелік
желі
материалдарын оқыту технологиясы.
4.5.1. Есептер жəне математикалық модель.
Желінің нысандары:«есеп» ұғымы; жай (əр амалдың мəн-мағынасын
ашуға,
айырмалық
жəне
еселік салыстыруға,
шамалар
арасындағы
байланыстар мен тəуелділікке негізделген, «үлес», «бөлшектер», «процент»
ұғымдарымен жəне пропорционал шамалармен байланысты) есептер; кері
есептер; құрама есептер; геометриялық мазмұнды есептер; шығармашылық
əрекетпен байланысты тапсырмалар, есепті арифметикалық, алгебралық,
графикалық жəне практикалық тəсілмен шешу.
82
Проблеманы модельдеу мен оны шешу құзыреттілігі ретіндегі есепті
шешу біліктерін қалыптастыру бойынша түрлі көзқарастар мен тəсілдерге
бағытталған есепті шығаруға үйрету технологиясы.
4.5.2 Математикалық тіл.
Желінің нысандары: математикалық символика жəне мазмұндық-
əдістемелік желі терминологиясы: сандар жəне өлшемдер, алгебра
элементтері, геометрия элементтері, жиындар, логика элементтері, есептер
жəне математикалық модель.
Сандар жəне өлшемдер, алгебра элементтері, геометрия элементтері,
жиындар, логика элементтері, есептер жəне математикалық модель
сияқтымазмұндық-əдістемелік желілерді оқыту барысында математикалық
тілді
(терминдерді,
символдарды)
қолдану
пəндік
құзыреттіліктерін
қалыптастыру технологиясы.
Зертханалық сабақтардың үлгі тақырыптары:
1.
Бастауыш математикалық білімнің мемлекеттік стандартын талдау. Оқу
бағдарламасына, бастауыш сынып оқушыларының білім, білік, дағдылары мен
құзыреттілігіне қойылатын талаптарды талдау.
2.
Кіші мектеп жасындағы оқушыларға математиканы оқытудағы
перспективтік жəне сабақтастық байланыстарды талдау.
3.
Бастауыш математикалық білімнің базалық мазмұнына, математиканы
оқытудың сыныптар, циклдер мен деңгейлер бойынша кіші жастағы
оқушылардың құзыреттілігіне қойылатын талаптарды талдау.
4.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың əдістері, құралдары мен
ұйымдастыру формалары жүйесіне сипаттама.
5.
Математикадан оқу-əдістемелік кешенге талдау жасау. Математикадан
баламалы ОƏК жəне олардың ерекшеліктерін талдау.
6.
Математикадан оқу нəтижелерін бағалау жүйесі. Математиканы оқыту
нəтижелерін диагностикалау, тексеру мен бақылау түрлері.
7.
«Сандар жəне өлшемдер» мазмұндық желісін құру ұстанымдары, оны
құрайтын ұғымдар мен əрекет тəсілдерінің сипаттамасы.
8.
«Алгебра элементтері» мазмұндық желісін құру ұстанымдары, оны
құрайтын ұғымдар мен əрекет тəсілдерінің сипаттамасы.
9.
«Геометрия элементтері» мазмұндық желісін құру ұстанымдары, оны
құрайтын ұғымдар мен əрекет тəсілдерінің сипаттамасы.
10.
«Жиын. Логика элементтері» мазмұндық желісін құру ұстанымдары,
оны құрайтын ұғымдар мен əрекет тəсілдерінің сипаттамасы.
11.
«Математикалық модельдеу» мазмұндық желісін құру ұстанымдары,
оны құрайтын ұғымдар мен əрекет тəсілдерінің сипаттамасы.
12.
Математиканы оқытудың негізгі формасы – сабақты жоспарлау жəне
ұйымдастырудың ғылыми негіздері. Сабақтың түрлері, олардың кезеңдері мен
бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың түрлі технологияларын құру
логикасы.