ПОӘК 042-18-12.1.47/03-2013
Баспа № 1 18.09.2013ж.
57 беттің 29-сі
var айнымалы_атауы:textfile;
Мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған процедуралар мен функциялар
1.
Eoln(F) функциясы жол соңын анықтайды, яғни егер функция жол соңына жеткен
кезде True мәнін, кері жағдайда – False мәнін қабылдайды.
2.
Read(F,X1,X2,...,XN) процедурасы
Ағымды көрсеткіш көрсетіп тұрған элеметтен оқуды бастап, F файлының бір
элементін X1 айнымалысына оқиды (немесе бірнеше элементтерді X1. .... ХN
айнымалыларына). Егер F алынған болса, онда Input стандартты файлы түсіндіріледі.
3. Write(F,Х1,Х2,…,XN) процедурасы
Көрсеткіш тұрған позициядан бастап, F файлға айнымалының бір (X1) немесе одан
да көп (X1,...,ХN) мәндерін жазады. Егер F алынған болса, онда Output стандартты файлы
түсіндіріледі.
4.
Writeln(F, X1, ..., XN) процедурасы F мәтіндік файлға X1, ..., XN
айнымалыларының мәнін жазады және курсорды жаңа жолға орналастырады.
5.
Writeln(F) процедурасы F мәтіндік файлда жазу кезінде курсорды жаңа жолға
қояды.
Readln(F, X1, ..., XN) процедурасы F мәтіндік файлдан олардың X1, ..., XN
айнымалыларының мәндерін меншіктей отырып оқиды және курсорды жаңа жолға
қояды.
6. Readln(F) процедурасы F мәтіндік файлдан деректерді оқу кезінде курсорды жаңа
жолға қояды.
Ескерту:
1.
Мәтіндік файлдармен жұмыс істеу үшін мыналар пайдаланылмайды: Seek
процедурасы, FilePos және FileSize функциялары.
2.
Reset процедурасы оқуға арналған файлдарды ашу үшін ғана пайдаланылады.
Бақылау сұрақтары
1. Файл дегеніміз не?
2. Мәтіндік файл дегеніміз не?
3. Типтелген файл дегеніміз не?
4. Типтелмеген файл дегініміз не?
5. Файлдармен жұмыс істеу үшін арналған қандай процедуралар мен функциялар
бар?
Әдебиеттер: (1) 160-177 б.
10 апта
11 тақырып. Графикалық бейнелер мен диаграммалар тұрғызу
Дәріс жоспары
1. Графикалық бейнелер мен диаграммалар тұрғызу.
2. Shape компонентінің міндеті. Қасиеті. Оқиғасы. Әдістері.
3. Chart компонентінің міндеті. Қасиеті. Оқиғасы. Әдістері.
ПОӘК 042-18-12.1.47/03-2013
Баспа № 1 18.09.2013ж.
57 беттің 30-сі
4. GUI және Canvas.
Дәрістің қысқаша мазмұны
1. Shape компоненті
Компонент келесі жиынмен анықталатын қарапайым геометриялық фигуралардың
бірін салады:
type TShapeType = [stRectangle, stSquare, stRoundRect, stRoundSquare, stEllipse,
stCircle);
(тікбұрыш, квадрат, дөңгеленген тікбұрыш, дөңгеленген квадрат, эллипс, шеңбер).
Фигура компоненттің барлық кеңістігін толықтай алады. Егер квадрат немесе
дөңгелек берілсе, ал элемент өлшемі горизонталь және вертикаль бойынша ерекшеленсе,
онда фигура кіші өлшеммен салынады.
Стандартты сызу құралдарынан Brush және Реп (компонент үшін шрифт қажет емес)
басқа геометриялық фигура түрін анықтайтын Shape қасиеті бар. Бұл қасиеттің өзгеруі
бейненің сол жерде қайта салынуына әкеледі.
2. Chart компоненті
Бұл компонент сандық деректерді графикалық көрсету үшін арналған. Компонент
арнайы қасиеттер, оқиғалар мен әдістердің үлкен санынан тұрады. Оларды
пайдаланудың жалпы схемасы мынандай.
Ең алдымен компонент формаға қойылады. Тышқанның оң жақ батырмасын
шерткеннен кейін оның көмекші менюі шақырылады, ол Edit Chart опциясынан тұрады –
бұл опция көмегімен компонент редакторының көпбетті терезесі шақырылады. Бұл
терезенің Series закладкасы серия деп аталатын TChartSeries класының объектілеріне
кіруді ашады, ол сандар жиынын графикалық түрде көрсетеді. Деректерді көрсету үшін
минимум бір серия болсын құру керек. Ол үшін редактор терезесінде Add батырмасын
басу және графиктің керек типін таңдау керек.
Редакторды жапқаннан кейін компонентте графиктің мысалға алынған түрі шығады.
Бірақ оның нақты түрі нақты деректерге байланысты, олар жұмыс программасында
құрылады және TchartSeries объектісінің AddX, AddY немесе AddXY әдістері көмегімен
серияға қосылады (қажет серияға кіруді SeriesList индекстелген қасиет көмегімен алуға
болады, бірінші құрылған серия 0 индексіне, екіншісі 1 индексіне және т.с.с. ие).
3. GUI көмегімен графикті шығару
Видеожадымен жұмыс істеу үшін видеокарта драйвері қажет, ол қосымша мен
аппараттық қамтама арасындағы аралық звено болып табылады. Графиканы GUI, DirectX
немесе OpenGL көмегімен шығаруға болады.
Windows-тың стандартты интерфейсі GUI (Graphic User Interface, пайдаланушының
графиктік интерфейсі) пайдалану – жылдам орындамайтын әдіс. GUI-мен жұмыс істеу
DirectX немесе OpenGL қарағанда оңай, бірақ графика төмен жылдамдықпен
шығарылады. GUI-мен жұмыс істеу кезінде оптималды жұмыс істейтін үшөлшемді
қосымша құру мүмкін емес, сонымен қатар берілген жағдайда видеокартаның барлық
мүмкіндіктерін пайдалана алу мүмкін емес.
DirectX және OpenGL – қосымшалар (көбінесе ойындар) құру үшін арналған