ПОӘК 042-18-12.1.47/03-2013
Баспа № 1 18.09.2013ж.
57 беттің 23-сі
SpeedButton кнопкасы үшін OnDblClick оқиғасы қарастырылған, ол кнопканы екі рет
шерту арқылы туындайды.
3. StringGrid компоненті
StringGrid компоненті кесте құру үшін арналған, оның ұяшығында дербес мәтіндік
жолдар орналасқан. Ол DrawGrid тура ұрпағы болып табылады, одан өзінің көптеген
қасиеттері мен әдістерін алды.
4. Image компоненті
Бұл компонент формаға Delphi бейнелердің үш типінің біреуін орналастыру үшін
арналған: растрлық (нүктелік) суреттер, пиктограммалар немесе метафайлдар.
Компонент қасиеттері:
AutoSize
Компонентте бейне толықтай жүктелу үшін оның
өлшемін өзгертуге болады/болмайды.
Center
Бейнені компонент шекарасына орталықтандыру керек па
екендігін көрсетеді. Егер
AuloSize=True немесе егер
Stretch=True және бейне пиктограмма (IСO) болып
табылмаса, орындалуға жіберілмейді.
IncrementalDisplay
Үлкен бейнені оның жүктелуі бойынша көрсетуді
болдырады/болдырмайды.
Picture
Кластың орталық қасиеті. Бейне контейнері қызметін
атқарады.
Stretch
Бейненің өлшемін объектінің берілген өлшеміне келтіруді
болдырады/болдырмайды.
Transparent
Бейненің өз фонын компонент фонына қоюға рұқсат
береді/бермейді.
Бақылау сұрақтары
1. BitBtn компонентінің міндеті қандай, негізгі қасиеттері, оқиғалар, әдістер?
2. SpeedButton компонентінің міндеті қандай, негізгі қасиеттері, оқиғалар, әдістер?
3. Image компонентінің міндеті қандай, негізгі қасиеттері, оқиғалар, әдістер?
4. StringGrid компонентінің міндеті қандай, негізгі қасиеттері, оқиғалар, әдістер?
Әдебиеттер: (1) 319-334 б.
8 апта
9 тақырып. Dialogs бетінің компоненттері. Мультиформды қосымшалар құру.
PageControl компоненті.
Дәріс жоспары
1. Dialogs бетінің компоненттері. Қасиеттері. Оқиғалары. Әдістері.
2. Мультиформды қосымшалар құру.
3. PageControl компоненті. Қасиеттері. Оқиғалары. Әдістері
Дәрістің қысқаша мазмұны
1. Dialogs бетінің компоненттері
Windows құрамына бірқатар типтік диалогтік терезелер кіреді, оларға жүктелетін
файлды таңдау терезесі, шрифті таңдау терезесі, принтерді баптау терезесі және т.с.с.
ПОӘК 042-18-12.1.47/03-2013
Баспа № 1 18.09.2013ж.
57 беттің 24-сі
жатады.
Стандартты диалогтік терезелермен жұмыс істеу 3 сатыда жүзеге асырылады:
1. Формаға диалогті ұйымдастыру үшін компонент орналастырылады және оның
қасиетін баптау жүргізіледі. Қосымшаны құру процесінде диалогтің компоненттері
формада белгі түрінде көрсетіледі. Диалог компонентінің қасиеттерін объекттер
инспекторы немесе программа арқылы баптауға болады.
2. Диалог үшін стандартты
Execute әдісін шақыруды жүзеге асырады және
бапталған терезені көрсетеді.
Бұл әдісті шақыру көбінесе қандайда бір оқиғаны өңдеуіш ішінде орналасады.
Диалог терезесі модальді терезе болып табылады, сондықтан Execute әдісіне
қатынасқаннан кейін программаның ары қарай орындалуы пайдаланушы терезені
жаппағанша дейін тоқтатылады.
Execute әдісі логикалық функция болып табылады, сондықтан ол егер
пайдаланушымен диалог нәтижесі табысты болса, «Ақиқат» мәнін қабылдайды.
3. Execute функциясының нәтижесін талдай отырып, программа деректердің
диалогтік терезесі көмегімен енгізілген – файл атауы, принтерді баптау, таңдап алынған
шрифтер және т.с.с. пайдалануды орындайды.
OpenDialog және SaveDialog компоненттері
OpenDialog компоненті файлды ашудың стандартты диалогтік терезесін шақыруға
арналған компонент болып табылады.
SaveDialog компоненті файлды сақтаудың стандартты диалогтік терезесін шақыруға
арналған компонент болып табылады.
Бұл компоненттер бірдей қасиетке ие, сондықтан бірге қарастырылады.
OpenDialog және SaveDialog компоненттерінің кейбір қасиеттері:
1. FileName – диалогтің табысты аяқталуы кезінде файлдың маршруты мен
атауынан тұрады.
Программа бұл қасиетті файлға деректерді оқу немесе жазу мақсатымен оған кіру
үшін пайдалануға болады. Пайдаланушы дербес атау енгізе және көрсете, мысалы жоқ
файлды алады. Жазба үшін бұл қажет емес, бірақ оқу кезінде файлдың болмауы
программада қатеге әкелуі мүмкін. Оны болдырмау үшін файлдың бар болуын FileExists
функциясымен тексеруге болады.
2. Filter – диалогтік терезеде көрсетілетін файлдарды фильтрациялау (таңдау) үшін
пайдаланылады.
Бұл қасиетті арнайы редактор көмегімен орнатуға болады. Редакторға кіру үшін
объекттер инспекторының Filter жолындағы көп нүктеге кнопка бойынша шерту
жеткілікті. Содан кейін сол жақ колонкада фильтрдің сипатталуы беріледі, ал оң жақ
колонкада шаблон түрінде фильтрдің өзі беріледі.
3. FilterIndex – алғашында таңдап алынған фильтрді анықтайды.
4. InitialDir – диалог терезесінің ашылуы кезінде ең бірінші ашылатын каталогты
орнатады.
2. Мультиформды қосымшалар құру
Формаларды көрсету
Delphi жұмысының әрбір сеансының басында автоматты түрде қосымшаның бас
формасы (Fotm1) құрылады. Бірақ программада бірнеше форма болуы мүмкін, олардың