ПОӘК 042-18-12.1.47/03-2013
Баспа № 1 18.09.2013ж.
57 беттің 38-сі
6. DataControls бетінің компоненттері Table, DataSource компоненттерінің деректер
базасымен жұмыс істеу үшін міндеті, негізгі қасиеттері қандай?
Әдебиеттер: (2)
13 апта
13 тақырып. Деректер базасымен жұмыс істеу үшін қосымша құру.
Дәріс жоспары
1. Сұраныс құру.
2. ADOQuery компоненті.
3. Сұранысты орындау.
4. SQL негізі.
Дәрістің қысқаша мазмұны
Сұраныс құру. ADOQuery компоненті
1. ADOQuery компонентінің міндеті
ADOQuery компоненті сұраныс орындауға мүмкіндік береді. Ол SQL операторын
пайдалануға негізделген, олар деректер базасына әртүрлі сұраныстар жазуға және
кестеден қажет деректерді алуға мүмкіндік береді..
2. ADOQuery компонентін пайдалану
ADOQuery компоненті басқа компоненттермен бірге жұмыс істейді. Көбінесе
ADOQuery-ді DataSource компонентіне байланыстырады, ал нәтижелерді көру және
редактрлеу үшін DBGrid компоненті қолданылады.
3. Қосымшаны конструктрлеу процесінде сұранысты орындау
Қосымшаны құру процесі келесі сатылардан тұруы керек:
1. Формаға ADOQuery, DataSource, DBGrid компоненттерін қою.
2. ADOQuery компонентінің қасиетін анықтау:
Connection - ADO Connection1;
SQL – бұл қасиетте SQL-операторлар көмегімен сұраныс сипатталады;
Active – True.
3. DataSource компоненті үшін DataSet – ADOQuery1 қасиетін анықтау.
4. DBGrid компоненті үшін DataSource – DataSource1 қасиетін анықтау.
SQL негізі
SQL – құрылымдалған сұраныс тілі деректер жиынымен әртүрлі операциялар
орындауға мүмкіндік беретін деректерді өңдеу және анықтау тілін көрсетеді. SQL
операторларын екі негізгі категорияға бөлуге болады:
1. Data Definition Language (DDL – деректерді анықтау тілі) деректер базасы
құрылымын қолдайды. Бұл категорияға, мысалы CREATE TABLE, ALTER TABLE
операторлары және т.б. жатады.
2. Data Manipulation Language (DML – деректерді басқару тілі) деректер жиынынан
жазбалар жиынын алуға және кестедегі жазбалармен басқаруға мүмкіндік береді. Бұл
категорияға, мысалы SELECT, INSERT, DELETE операторлары және т.б. жатады.
ПОӘК 042-18-12.1.47/03-2013
Баспа № 1 18.09.2013ж.
57 беттің 39-сі
1. Сұраныс құру кезінде пайдаланылатын кейбір операторлар
Select операторы іздеу шаблондарының жеке, сондай-ақ нақты сәйкестігін іздеу
үшін қолданылады.
Жалпы түрде оның форматы келесідей:
SELECT {* | <1 мән>[.< 2 мән>…]}
FROM < 1 кесте>[,< 2 кесте>…]
[WHERE <іздеу шарты>]
…
[ORDER BY <өріс тізімі>]
1.1. SELECT операторының қарапайым түрі
SELECT {* | < 1 мән>[.< 2 мән>…]}
FROM < 1 кесте>[,< 2 кесте >…]
1.2. WHERE сөйлемін пайдалану
WHERE сөйлемі белгілі шарттарды қанағаттандыратын жазбаларды таңдау үшін
пайдаланылады. Бұл жағдайда SELECT операторы келесідей форматқа ие:
SELECT {* | < 1 мән >[,< 2 мән >…]}
FROM < 1 кесте >[,< 2 кесте >…]
[WHERE <іздеу шарты>]
1.3. ORDER BY сөйлемі – сұрыптауды анықтау
Сұраныста шығарылатын жазбаларды сөйлем көмегімен өсу реті бойынша
сұрыптауға болады.
ORDER BY <өріс тізімі>
Сұраныста шығарылатын жазбаларды сөйлем көмегімен кему реті бойынша
сұрыптауға болады.
ORDER BY <өріс тізімі> DESC
Өрістер тізімі өріс атауларынан тұрады, олар бойынша сұрыптау жүргізіледі. Егер
екі немесе одан да көп өрістер көрсетілсе, бірінші өріс ауқымды сұрыптау үшін, екінші
өріс – бірінші өрістің бірыңғай мәнімен анықталатын топ ішінде сұрыптау үшін
пайдаланылады және т.с.с.
1.4. Есептеу өрісінің мәнін есептеу
Сұраныс орындалғаннан кейін шығарылатын есептеу өрісінің мәнін есептеу үшін
арифметикалық өрнектер пайдаланылады. Сонымен қатар SELECT операторынан кейін
өріс тізімінде өріс атауының орнына өрнек көрсетіледі:
ПОӘК 042-18-12.1.47/03-2013
Баспа № 1 18.09.2013ж.
57 беттің 40-сі
SELECT {* | < 1 өріс>[,< 1 өрнек>…]}
…
Егер есептеу өрісіне стандартты емес атау меншіктеу керек болса, бұл атау өрнектен
кейін AS кілттік сөзінің артынан көрсетіледі:
SELECT {* | < 1 мән>[, < 1 өрнек [AS <өріс атауы>]>…]}
…
1.5. Агрегатты функциялар
Агрегатты функциялар деректер базасының кестесі жазбаларының барлығымен
қорытынды операцияларды есептеу үшін арналған. Агрегаттыға мына функциялар
жатады:
COUNT(<өрнек>) – деректер базасы кестесінің барлық жазбаларына өрнек мәнінің
ену санын есептейді;
SUM(<өрнек >) – өрнек мәнін қосындылайды;
AVG(<өрнек >) – орташа мәнді табады;
MAX(<өрнек >) – максималды мәнді анықтайды;
MIN(<выражение >) – минималды мәнді анықтайды;
Егер бірдей жазбалар тобынан тек біреуін ға ажою керек болса, өрнек алдына
жақшада DISTINCT сөзін қосады.
Іздеудің күрделі шартын беру
1. Логикалық өрнектерді пайдалану
Күрделі логикалық өрнектер AND, OR, NOT операторлары көмегімен құрылады.
Оларды пайдалану, сонымен қатар көптеген алгоритмдік тілдер үшін қабылданған,
күрделі өрнектер құру стандартты ережелерге бағынады.
2. Өрнекті есептеу нәтижесімен өрісті салыстыру
WHERE сөйлемінде іздеу шарты мына өрнек көмегімен құрылуы мүмкін:
<өрнек> <қатынас операциясы> <өріс>
немесе басқа әдіс:
<өріс> <қатынас операциясы> <өрнек>
Екі жағдайда да өрнекті есептеу нәтижесі көрсетілген өріс ішіндегісімен
салыстырылады.
3. BETWEEN пайдалану
Іздеу шартында қандайда бір мән (өріс немесе есептелген мән) 1 мән мен 2 мән
арасындағы интервалда жатуы керек екендігін көрсетуге болады:
<мән> BETWEEN <1 мән> AND <2 мән>
2>1>1>
Достарыңызбен бөлісу: |