Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік



жүктеу 399,23 Kb.
Pdf просмотр
бет3/13
Дата25.12.2017
өлшемі399,23 Kb.
#6097
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013 

№ 1 басылым 

18.09.2013ж. 

40 беттің 7-сі   

 

Дәрістің қысқаша мазмұны 



 

1.  Деректер  базасымен  жұмыс  істеуге  арналған  құралдардың  жалпы 

көрінісі  

Delphi  Enterprise  құрамына  ДБ  пайдаланатын  қосымшаларды  құру  және 

эксплуатациялауға арналған келесі құралдар кіреді. 

1. BDE (Borland Database Engine) 

Жергілікті  және  клиент-серверлі  деректер  базасына  төмендеңгейлі  кіруді 

қамтамасыз ететін DLL-кітапханаларды ұсынады. Бұл программа әрбір компьютерге 

орнатылуы  керек, ол  Delphi жазылған деректер базасымен  жұмыс істеуге  арналған 

қосымшаны пайдаланылады. 

2. BDE Administrator 

Нақты  компьютерде  деректер  базасының  псевдонимін  (атын),  деректер 

базасының  параметрін  және  деректер  базасының  драйверін  орнатуға  арналған 

программа.  Бұл  программада  барлық  деректер  базасына  ортақ  параметрлерді 

баптауды  жүргізуге  болады:  уақыт  және  күн  форматы,  тілдік  драйверді 

пайдаланатын сандарды көрсету форматы және т.б. 

3. Database Desktop (DBD) 

Деректер  базасын  құру,  өзгерту  және  көруге  арналған  құрал.  Программа 

жергілікті ДББЖ кестелерімен жұмыс істеуге үшін негізделген.  

4. SQL Explorer 

BDE  Administrator  және  DBD  көптеген  функцияларын  біріктіретін  әмбебап 

программа. Оның көмегімен деректер базасының псевдонимін құруға және көруге, 

деректер  базасы  кестесінің  құрылымын  және  ішіндегісін  қарауға,  SQL  тілінде 

деректер базасына сұраныс құруға, деректер сөздігін құруға болады. 



2. ДБ-мен жұмыс істеуге арналған программалар ерекшеліктері  

ДБ  жұмыс  істеуге  арналған  Delphi  программалар  көмегімен  құрылғандардың 

ерекшелігі оларда BDE пайдалану болып табылады. 

BDE  программа  мен  деректер  базасының  арасында  байланыстырушы  көпір 

рөлін  жүзеге  асырады.  BDE  өзіне  клиенттік  программаны  оған  қажет  деректермен 

қамтамасыз  ету  бойынша  барлық  төмендеңгейлі  жұмыстарды  алады.  Сондықтан 

жалпы жағдайда программаның деректермен өзара әрекеттесуі былайша жүреді: 

3. Delphi қолдайтын ДБ типтері: 

1. Локальды және файл-серверлі ДБ. 

2. Клиент-серверлі ДБ. 

3. Қосымша сервермен архитектура. 



 

Бақылау сұрақтары 

1.  ДБ  пайдаланатын  қосымшаларды  құру  және  эксплуатациялау  үшін  қандай 

құралдар Delphi құрамына кіреді және олар қандай функцияны орындайды? 

2.  ДБ-мен жұмыс істеу үшін Delphi көмегімен құрылған программалардың тән 

ерекшелігі не болып табылады? 

3.  Қандай ДБ типтері Delphi-де қолданылады және олар нені білдіреді? 

 

Әдебиет: (2) 



ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013 

№ 1 басылым 

18.09.2013ж. 

40 беттің 8-сі   

 

3 тақырып. Database Desktop, BDE Administrator утилиттерімен жұмыс 

 

Дәріс жоспары 

1.  BDE Administrator міндеті. 

2.  ДБ псевдонимін құру. 

3.  STANDARD типті деректер базасының параметрі. 

4.  PARADOX драйверінің параметрлерін орнату. 

5.  Database Desktop міндеті. 

6.  PARADOX типті деректер базасының кестесін құру. 

7.  Кесте өрісінің типтері мен қасиеттері. 



Дәрістің қысқаша мазмұны 

BDE Administrator 

BDE Administrator – бұл нақты компьютерде деректер базасының псевдонимін, 

деректер базасының параметрлерін және деректер базасының драйверлерін орнатуға 

арналған  программа.  Бұл  программада  барлық  деректер  базасы  үшін  жалпы 

параметрлерді  баптауды  жүргізуге  болады:  уақыт  және  күн  форматы,  сандарды 

көрсету форматы, пайдаланылатын тілдік драйвер және т.с.с. 

 

ДБ псевдонимін құру 

Локальды  ДБ  кестелерімен  жұмыс  істеу  кезінде  (олардың  қатарына  Paradox 

және  dBase  ДББЖ  кестелері  кіреді)  деректер  базасының  өзі  дисктегі  каталогта 

орналастырылады және файлдар жиыны түрінде сақталады. Бір кестені сақтау үшін 

жеке файл  құрылады.  Осындай  жеке файлдар  кесте индекстері  мен  мемо-өрістерді 

сақтау үшін құрылады. 

ДБ-на  утилиттер  мен  программалардан  қатынау  деректер  базасының 

псевдонимі арқылы жүзеге асырылады. 

Псевдоним  –  бұл  деректер  базасы  кестесінің  файлы  орналасқан  жерді 

көрсететін қысқа атау. 

Псевдоним  BDE  Administrator  утилиті  көмегімен  нақты  компьютер 

конфигурациясының  файлында  тіркелуі  керек.  ДБ  псевдонимін  құру  үшін  келесі 

әрекеттерді орындау керек: 

1. BDE Administrator утилитін жүктеу керек (оны басты меню  Windows: Пуск \ 



Программы \ Borland Delphi 6 \ BDE Administrator көмегімен істеуге болады), 

2. Утилит терезесінің басты менюінен Object \ New элементін таңдау керек. 

3. Пайда болған терезеде (1-сурет) құрылатын ДБ типін өзгеріссіз (STANDARD) 

қалдыру және  ОК батырмасын басу қажет. 

4. ДБ администраторы терезесінің сол жақ өрісінде STANDARD1 атауымен жол 

пайда болады. Осы атауды өз қалауыңыз бойынша басқа атау беруге болады. 

5.  Оң  жақ  өрісте  ДБ  параметрі  көрсетілген.  ДБ  орналасқан,  каталогқа  кіру 

маршрутын  көрсететін  PATH  параметрін  өзгерту  қажет.  Жолды  қолмен  енгізуге 

болады,  бірақ  администратор  құралымен  пайдаланған дұрыс: ол  үшін  PATH  өрісін 

шерту керек және пайда болған оң жақ бөліктегі көпнүктелі өрісті басу керек. Содан 

кейін қажет каталогты таңдау және ОК батырмасын басу керек (2-сурет). 

 

 




жүктеу 399,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау