ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013
№ 1 басылым
18.09.2013ж.
40 беттің 22-сі
ADOTable1.FieldByName {'FIO').AsString := Edit2.Text;
// - өріс – жол
ADOTable1. FieldByName ('RS').AsFloat := StrToFloat(Edit3.Text); // -өріс
real
Өзгертулер енгізгеннен соң олар бекітілуі немесе одан бас тарту керек. Оны
навигатордағы сәкесінше және батырмалардың көмегімен орындайды.
Жазуларды қосу
Жазуларды қосу тек модификацияланатын деректер жинағы үшін мүмкін.
Жазуды қосу (енгізу) үшін:
Insert әдісімен деректер жинағын енгізу (қою) режиміне келтіру;
Жаңа жазу өрісінің мәнін беру;
Істелінген әрекетті бекіту немесе бас тарту; осыдан кейін деректер жинағы
көру режиміне көшеді.
Жаңа жазу бағдарша тұрған жазудың алдына қоыйлады. Керек болған жағдайда
бағдаршаны талап етілетін орынға көшіруге болады. Курсорды тиісті ұяшыққа
орналастырғаннан кейін Ins. пернесін басу керек, ұяшықтағы жазу өшеді.
Жаңа жазу өрісіне мәнді енгізуді қолмен (мысалы, DBGrig жолының өрісіне)
немесе программалық жолмен. Мәнді программалық жолмен енгізуде SetFields
әдісін қарастыру керек. Оның параметрлерінде жаңа жазудың барлық өрістерінің
мәні беріледі. Олар бір жолдық редакторлеу өрістерінен алынуы мүмкін. Мысалы:
Table1.SetFields (StrToInt(Editi.Text), Edit2.Text, StrToFloat(Edit3.Text));
Өрістер мәндерінің реті олардың деректер жинағының жазулар ретіне сәйкес
келуі тиіс. SetFields әдісі орындалғаннан соң деректер жинағы автоматты түрде көру
режиміне көшеді – жазу деректер жинағына қосылған.
Жазуды деректер жинағына InsertRecord әдісімен де қосуға болады. Ол Insert
және SetFields әдістерінің функцияларын біріктіреді. Оператор мысалы:
InsertRecord (StrToInt(Edit1.Text), Edit2.Text, StrToFloat(Edit3.Text));
Деректер жинағы соңына жазуды Append және AppendRecord әдістерінің
көмегімен жүргізуге болды.
Жазуларды өшіру
Ағымдағы жазуды өшіру Delete әдісімен орындалады. Жазу өшкенде ағымдағы
болып келесісі саналады, ал егер соңғы жазу өшірілсе, оның алдындағы жазу
ағымдағы болады. Егер деректер жинағы қою немесе іздеу режимінде болса, онда
Delete әдісін шақыру Cancel әдісін шақыруға ұқсас, жазуларды қоюдан немесе
іздеуден бас тарту. Егер Delete әдісін орындау қатеге әкелсе, онды ерекше жағдай
туындайды және OnDeleteError оқиғасы іске араласады. Жазуды өшірер алдында
қолданушыдан өшіруді дәлелдеуді сұрау керек. Мысалы, келесі әдістердің
операторлары көмегімен:
Procedure Tform1.btnDeleteClick(Sender : TObject);
Begin
If MessageDlg (‘Жазуды шындығымен өшіру керек пе?’, mtConfirmation,
[mbYes, mbN], 0)=mrYes then // Егер Yes батырмасы басылса
ADOTable1.Delete;
// - жазу өшіріледі
End;
Барлық жазуларды EmptyTable операторымен немесе цикл көмегімен өшіруге
болады. Мысалы:
ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013
№ 1 басылым
18.09.2013ж.
40 беттің 23-сі
Procedure Tform1.btnDeleteAllClick(Sender : TObject);
Var n: longint;
Begin
ADOTable1.Last;
//соңғы жазуға көшу
For n:= ADOTable1.RecordCount DownTo 1 do ADOTable1.Delete;
End;
Мысал циклінде n – жазулар номері соңғысынан біріншісіне қарай -1
қадамымен қарастырылады, әрбір п үшін кезектегі соңғы жазу өшіріледі.
Бақылау сұрақтары
1. Деректерге навигациялық тұрғыдан қалай қол жеткізуге болады?
2. Деректер жинағын қалай сұрыптау керек?
3. Жазуларды фильтрлеу, іздеу, модификациялау, редактрлеу, қосу, өшіру үшін
қандай деректер жинағын пайдаланамыз?
4. Жазуларды қалай фильтрлеуге болады?
5. Жазуларды қалай іздеуге болады?
6. Деректер жинағын қалай модификациялау керек?
7. Жазуларды қалай редактрлеу керек?
8. Жазуларды қалай қосу керек?
9. Жазуларды қалай өшіру керек?
Әдебиет: (2)
7 тақырып. SQL тілі жайлы негізгі мағлұматтар
Дәріс жоспары
1. Кестенің жеке өрістеріне деректер енгізу
2. Басқа кестедегі деректерді кестеге енгізу
3. Кестеде сақталатын деректерді өзгерту
4. Кестенің бір өрісіндегі деректерді түрлендіру
5. Кестенің бірнеше өрістеріндегі мәндерді өзгерту
6. Кестеден деректерді өшіру
Дәрістің қысқаша мазмұны
Деректердің санының өсуі, оларды сақтау және өңдеу қажеттілігінен, әртүрлі
компьютерлік жүйелерде қызмет ететін МҚ-ң стандартты тілін құру сұранысы
туындады. Шынында да, мұндай стандартты тіл қолданушыға деректерді дербес
компьютерден, желілік жұмыс станциясынан немесе әмбебап ЭЕМ-да жұмыс істей
отырып басқару мүмкіндігін береді.
SQL (Structured Query Language)-бұл құрылымдық сұранымдар тілінің
қысқартылған атауы, реляциялық МҚ-да деректерді құру және өңдеу құралдарын
береді. Компьютерлік технологиялардан ерекшелігінен тәуелсіздігі, және SQL-ді
реляциялық деректер қорының технологиясы облысындағы өндіріс жетекшілерімен
қолдауы оны МҚ стандартты тіліне айландырды.
Реляциялық МҚ пайда болғанға дейін, көптеген МҚБЖ үшін құрылған барлық
деректерді басқару тілдері, файлдардың логикалық жазулары түрінде берілген
деректермен жүргізілетін операцияларға бағытталған. Әрине, бұл қолданушыдан