Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік



жүктеу 399,23 Kb.
Pdf просмотр
бет1/13
Дата25.12.2017
өлшемі399,23 Kb.
#6097
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК 

УНИВЕРСИТЕТІ  

3 деңгейлі СМК құжаты 

ПОӘК 

ПОӘК 


042-18-12.1.89/03-2013 

«Деректер базасымен 

жұмыс істеуге арналған 

қосымшалар құру»  пәнінің 

оқу-әдістемелік 

материалдары 

№1 басылым 

18.09.2013ж 



 

 

 

 

 

«

«Деректер базасымен жұмыс істеуге 

арналған қосымшалар құру

»

»

 

 

 

ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН 

5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған 

 

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

Семей 

2013 


ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013 

№ 1 басылым 

18.09.2013ж. 

40 беттің 2-сі   

 

 



МАЗМҰНЫ  

 

1. Глоссарий 



2. Дәрістер 

3. Практикалық және лабораториялық сабақтар 

4. Студенттің өздік жұмысы 

 



ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013 

№ 1 басылым 

18.09.2013ж. 

40 беттің 3-сі   

 

 



1. ГЛОССАРИЙ 

Бұл ОӘМ-да келесі терминдер және оларға түсініктемелер қолданылған: 



1.1.  DELPHI  –  Windows  операциялық  жүйесінің  ортасында  жұмыс  істеуге 

қалыптанған программаларды құруға арналған біртұтас  орта.

 

1.2. Объект - бізді қоршаған әлемнің белгілі бір бөлігі. 

Объекті-қалыптамалы  программа  –  бұл    объектілер  және  олардың  қарым-қатынас 

әдістерінің жиынтығы.

 

1.3. Қалып - Windows терезесі бола алатын, оның барлық қасиеттерін қабылдайтын, 

басқа компоненттер орналастыруға арналған компонентті айтады.

 

1.4.  Қасиет    -  қалыпқа  орналасқан  компоненттің  мазмұнын  ашатын  белгілерді 

айтуға болады.

 

1.5.    Оқиға  деп  компонентке  қатысты  орындалатын  әр  түрлі  әрекеттерді  айтуға 

болады.

 

1.6.  Жоба  –  тұтастай  қосымшамен  байланысқан  бастапқы  программалар  мен 



файлдардың жиынтығы. 

1.7.  Форма  –  үстіне  басқа  объектілер  орналасатын  объект.  Кез  келген  жобамен 

келесі файлдар байланысты. 



1.8.  TАpplication  класы  –  орындалып  отырған  қосымщаларды  басқаруды  жүзеге 

асырады.


 

1.9. Application айнымалысы – ауқымды айнымалы, DELPHI ортасында жазылған 

кез келген программаларға мүмкіндігі бар.

 

1.10. Initialize әдісі – инициализация қосымшасы үшін қолданылады.

 

1.11. CreateForm әдісі – қосымшада форма құру үшін қолданылады. 



1.12. Run әдісі – қосымшаны іске қосуды жүзеге асырады. 

1.13. Finalization – тек бір рет және программа жұмысының соңында орындалатын 

іс-әрекет.

 

1.14. Implementation – тарату бөлімі Implementation сөзінен басталады. 

1.15. Initialization – тек бір рет және программа жұмысының басында орындалатын 

іс-әрекет.

 

1.16. Interface (интерфейс) – басқа программа бөлімдеріне: басқа модульдерге және 

негізгі бөлімге мүмкіндігі бар ақпараттарды суреттейді.

 

 

2. ДӘРІСТЕР 



Дәріс сабағының құрылымы: 

1 тақырып. Деректер базасына кіріспе 

Дәріс жоспары 

1.  Терминология. 

2.  Бастапқы кілт және индекстер. 

3.  Кестелер арасында реляциялық қатынас. 

4.  Сілтемелі бүтіндік. 

5.  Деректер базасын жобалау кезінде кестелерді қарапайымдау. 

6.  Транзакция түсінігі. 

7.  Бөлшектелген ДББЖ терминологиясы. 

 



ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013 

№ 1 басылым 

18.09.2013ж. 

40 беттің 4-сі   

 

Дәрістің қысқаша мазмұны 

 

1. Терминология 

Деректер базасы (ДБ) – пәндік облыстың құрылымдалған деректерінің аталған 

жиынтығы. 



Деректер  базасын  басқару  жүйесі  (ДББЖ)  –  деректер  базасын  құруға, 

сақтауға  және  оларда  қажет  ақпаратты  іздеуге  арналған  программалық  құралдар 

кешені. 

Деректер  моделінің  үш  негізгі  типі  бар  –  реляциялық,  иерархиялық  және 

желілік. 

1. Иерархиялық модель 

Деректер  базасының  иерархиялық  моделі  элементтерді  бағыну  ретіне  қарай 

жалпыдан  жекеше  орналасқан  және  тоғай  (граф)  түзетін  жиынтықты  көрсетеді. 

Берілген  модель  деңгей,  тораптар,  байланыс  сияқты  параметрлермен  сипатталады. 

Модельдің  жұмыс  істеу  принципі  төменгі  деңгейдегі  бірнеше  тораптар  жоғары 

деңгейдегі бір тораппен байланыс құру көмегімен қосылады. 



2. Желілік модель 

Деректер  базасының  желілік  моделі  иерархиялыққа  ұқсас.  Онда  негізгі 

құрастырушылар (торап, деңгей, байланыс) бар, бірақ олардың қатынасының сипаты 

басқа.  Желілік  модельде  әртүрлі  деңгейдегі  элементтер  арасында  еркін  байланыс 

қабылданған.  

3. Реляциялық модель 

"Реляциялық" (латын сөзінен relation — қатынас) термині деректерді сақтаудың 

мұндай  моделі  оның  бөліктерінен  құралатын  өзара  қатынаспен  құрылған. 

Қарапайым жағдайда ол екіөлшемді массив немесе екіөлшемді кестені көрсетеді, ал 

күрделі  ақпараттық  модель  құру  кезінде  өзара  байланысқан  кестелер  жиынтығын 

құрады. 


Реляциялық деректер базасының негізгі түсінігі 

Реляциялық ДБ кестенің әрбір жолы жазба деп аталады, яғни 



Жазба – бұл ДБ бір ғана объект туралы барлық ақпарат. 

Кестенің әрбір бағаны өріс деп аталады, яғни 



Өріс – қандайда бір жазба ішіндегі ақпарат бірлігінің бірі. 

Әрбір өріс үшін мыналар анықталады: 

 әмбебап атау; 

 өріс типі (яғни берілген өріс мәнінің типі); 

 қосымша сипаттамалар (ұзындық, формат) 

Тип  берілген  өрісті  әртүрлі  жазбаларда  қабылдай  алатын  мәндер  жиынын 

анықтайды. 



Өріс  мәндері  –  бұл  белгілі  бір  типтердің  қандайда  бір  шамасы.  Шама  типіне 

онымен жүргізілетін іс-әрекеттер байланысты.  



Кілттік өріс – оның мәнін әрбір жазба анықтайтын өріс (яғни бұл өріс, оның 

мәндері әртүрлі). 



2. Бастапқы кілт және индекстер 

Деректер  базасының  әрбір  кестесінде  бастапқы  кілт  –  жазбаны  бірмәнді 

идентификациялайтын өріс немесе өрістер жиыны бар болуы мүмкін.  



жүктеу 399,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау