Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова


Теңіз жəне өзен көлігін автоматтандырылған



жүктеу 3,87 Mb.
Pdf просмотр
бет64/76
Дата02.04.2023
өлшемі3,87 Mb.
#41962
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   76
АСУ қаз

3.5 Теңіз жəне өзен көлігін автоматтандырылған 
басқару жүйелері 
3.5.1 Теңіз жəне өзен көлігі
Теңіз көлігі аймақаралық сыртқы сауда қатынастарының да-
муына айтарлықтай мүмкіндік туғызды. Теңіз көлігінің жұмыс 
істеуінің өзі кеме қатынасының халықаралық ережелерінің 
белгіленуін, оның қорғалуын жəне қауіпсіздігін қажет етті. 
Теңіз көлігі – теңіздер мен мұхиттармен бөлінген жер шары-
ның бөлігін қамтитын жəне біріктіретін əлемдік көлік жүйесі-
нің маңызды жəне ажыратылмайтын бөлігі. Оның өнімділігі 
кө ліктің басқа түрлеріне қарағанда көбірек. Теңіз кемелерінің 
жүк көтергіштігі теміржол құрамдарының мүмкіндігінен əсте ба-
сып озады. Көлік құралдарының өзінде жұмыс істейтін адамдар 
саны аз. Нəтижесінде теңіз көлігінің жүктерді та сымалдауының 
өзіндік құны ең төмен өзіндік құнның бірі болады жəне болып 
қала береді.
Теңіз көлігінің үлесін, қазіргі таңда, көліктің барлық түрінің 
3/5-тен артық жүк айналымы құрайды. Құбыржол көлігінің бəсе-
келестігіне қарамастан, теңізбен тасымалданатын жүктердің 
санының жəне жалпы жүк айналымының өсуі жалғасуда. Мате-
риалдық өндіріс саласында, əсіресе отынды жəне шикізат тауар-
ларының басқа түрлерін экспорттауда өндіру жəне жеткізуде же-
келеген елдердің ұлғайып келе жатқан мамандануымен себепші 
болған. Осы тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушылар 
арасындағы аумақтық алшақтығы 8–10 мың км-ге жетеді.
Теңіз көлігінің техникалық базасын флот, порттар, кеме жөн-
дейтін зауыттар, жол шаруашылығы, радиобайланыс, электр-
жəне радионавигация құралдары құрайды. 
Сауда флотының құрамы тасымалданатын жүктердің сипаты-
на байланысты əртүрлі типті кемелермен анықталады. Олардың 


201
басым бөлігі ( 2/3 дейін) – өндіретін (мұнай, кен, көмір), сондай-
ақ қайта өңдейтін (мұнай өнімдері, сұйытылған газдар, металдар) 
салалардың, ауыл шаруашылығының (дəн) көпшілік өнімдері. 
Олардың əлемдік сауда флотының құрылымындағы рөлі қатты 
өзгеріске ұшырағыш нарықтық экономикада жүкке деген сұ-
ранысқа тəуелді. Сонымен, 1950 жылы əлемдік сауда флотын-
да су кемелерінің (танкерлердің) үлесі 41 %, 1970 жылы арзан 
мұнайды өндіру мен тұтынудың қызған шағында – 55 %, ал 1995 
жылы барлық мұнай дағдарыстарынан кейін – 32 % құраған.
Автомобильдер, компьютерлер, теледидарлар, радиоқабыл-
да ғыштар сияқты ұзақ пайдаланылатын қымбат тұратын бұйым-
дардың ғана əлемдік өндірісі 0,5 млрд данаға жетеді. Олардың 
едəуір бөлігін теңіз көлігінің негізгі жүктерінің санаты құрайды. 
Осындай жүктердің санының өсімі оларды теңіз көлігімен, сондай-
ақ көліктің басқа түрімен тасымалдау үшін контейнерлердің 
құрылуына себепші болған.
Осының барлығы көліктің əртүрлі түрімен, сондай-ақ те-
міржол көлігімен контейнерлердің орнын ауыстыру бойынша 
«контейнерлік көпірлерді» ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Теңіз 
жəне құрлықтағы контейнерлік тасымалдау əрекеті жүктерді 
тасымалдаудың уақытын көбірек қысқартты. Көліктегі осын-
дай инновацияны «контейнерлік революция» ретінде бағалады. 
Қазіргі кезде негізгі жүктерді жеткізу үшін кемелерге əлемнің 
теңіз сауда флотының жалпы тоннажының шамамен 20 %-ы 
келеді, олардың ішінде контейнер тасығыш кемелердің үлесіне 
– шамамен 1/3 келеді. Сонда да, олар 40 %-ға дейін құрайтын 
барлық осы жүктерді тасымалдайды. 
Теңіз порттары халықаралық экономикалық байланыстарда өте 
үлкен міндеттерді орындайды. Олар арқылы нағыз көпшілік сыртқы 
сауда жүктерінің басты ағындары, əсіресе отын мен кен өтеді. 
Теңіз көлігімен жүктерді тасымалдау шағын каботажға, үлкен 
каботажға бөлінеді. 
Шағын каботаж – бұл бір бассейннің немесе шектес бассейн-
дер ішінде орналасқан пункттер арасында кемелердің жүзуі.
Үлкен каботаж – континенттік құрлық пен халықаралық бей-
тарап сулармен бөлінген теңіз порттарының арасында кемелердің 
жүзуі.
Барлық көлік теңіз кемелерін жүк, қызметтік-қосалқы, тех-
никалық, жолаушылар, жүк-жолаушылар түріне бөлуге болады.
14–1549



жүктеу 3,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау