102
Мұндай жағдайда жаппай қабылдаған тəжірибе соңғы рөл ой-
намайды. Осыған сəйкес, мысалы, кейбір деңгейде ДБ белгілеріне
ие
болса да файлдық архивтерді, Интернет-порталдарды немесе
электрондық кестелерді деректер базасы деп атамайды. Бұл дең-
гейді, көп жағдайда, жеткіліксіз деп есептеу қабылданып кеткен.
Физикалық сақталу ортасы бойынша ДБ топтастырылуы:
- екіншілік жадыдағы (дəстүрлі) ДБ: əдеттегі сақталу орта-
сы болып перифериялық жəне энергияға тəуелсіз жады – қатты
диск есептеледі. ДББЖ ның оперативті жадында тек кеш жəне
ағымдағы өңделуге арналған мəліметтер орналасады.
- Оперативті жадыдағы ДБ (in-memory databases): барлық
мəліметтер оперативті жадыда орналасады.
- үшінші жадыдағы ДБ (tertiary databases): мұнда əрқашанғы
сақтау ортасы болып серверден байланысты үзе алатын жаппай
сақтау құрылғысы есептеледі, əрине, магниттік ленталар неме-
се оптикалық дискілердің негізінде.
Сервердің екінші жадын-
да үшінші жадыдағы мəліметтер каталогы, файлдық кеш, жəне
ағымдағы өңдеуге арналған мəліметтер сақталады; бұл мəлі-
меттерді көшірудің өзі арнайы процедураны талап етеді.
Бөліну деңгейі бойынша ДБ топтастыру:
- орталықтандырылған;
- бөлінген.
Теория мен тəжірибеде кеңістікті (англ.spatial), уақытша не-
месе темпоральды жəне кеңістікті-уақытша (spatial-temporal) де-
ректер базасы арнайы орын алады.
ДББЖ негізгі қызметі:
- сыртқы жадыдағы деректерді басқару (мысалы, дискілердегі);
- оперативті жадыда дискілік кэш қолдану арқылы деректерді
басқару;
- байланыс үзілгеннен кейінгі өзгерістерді журнализациялау,
резервтік көшірме жəне деректер базасын қалпына келтіру;
- деректер базасының тілін қолдау (деректерді анықтау тілі,
деректерді манипуляциялау тілі).
Əдетте заманауи ДББЖ келесідей компоненттерден құралады:
- сыртқы жəне
оперативті жадыдағы басқаруға, журнализацияға
жауап беретін өзек;
103
- деректерді алуға, өзгертуге жəне машинаға тəуелсіз ішкі
атқарушы кодты құруға деген сұраныстың оптимизациялануын
қамтамасыз ететін деректер базасы тілінің процессоры,
- ДББЖ мен тұтынушы интерфейсін құратын деректер мани-
пуляциясының бағдарламаларын орындау мерзімін қолдау
дың
ішкі жүйесі;
- ақпараттық жүйелерге қызмет көрсететін қосымша мүм-
кіндіктердің қатарын қамтамасыз ететін сервистік бағдарламалар.
Енді, ДББЖ ға қатысты топтастырушы белгілердің қатарын
қарастырамыз. Қарым-қатынас тілі бойынша ДББЖ ашық,
тұйық
жəне аралас болып бөлінеді. Ашық жүйелер дегеніміз – бұл де-
ректер базасын пайдалану үшін бағдарламалаудың əмбебап тіл-
дері қолданыс табатын жүйелер. Тұйық жүйелер деректер банкі
тұтынушыларымен қарым-қатынас жасаудың жеке тіліне ие.
Архитектурасындағы деңгейлердің саны бойынша бірдең-
гейлі, екідеңгейлі, үшдеңгейлі жүйелер бар. Деңгейдің бұдан
да көп мөлшердегі түрлерін атауға болады. ДББЖ ның архитек-
туралық деңгейі ретінде механизмдері деректердің кейбір дең-
гейдегі абстракциясын (логикалық жəне физикалық деңгей, сон-
дай-ақ, тұтынушының «көзқарасы» - сыртқы деңгей) қарастыруға
болады.
ДББЖ қызметіне қарай ақпараттық жəне
операциялық бо-
лып бөлінеді. Ақпараттық ДББЖ ақпаратты сақтау мен оған қол
жеткізу мəселелерін ұйымдастырады. Одан күрделі өңдеуді орын-
дау үшін арнайы бағдарламалар жазу қажет. Операция лық ДББЖ
күрделі жұмыс атқарады, мысалы, автоматты түрде өңделген,
деректер базасында тікелей сақталмайтын, өңдеу алгоритмде-
рін өзгерте алатын көрсеткіштерді алуға мүмкіндік береді.
Қолдану мүмкіндігі аясында əмбебап жəне арнайы, əдетте
шиеленіске бағытталған ДББЖ деп бөлуге болады.
Деректердің құрылымдары 2.7-суретте көрсетілген.
Деректер базасын басқару жүйесі деректердің əр түрлі
типіне ие. Əр түрлі ДББЖ ғы деректер типінің жинағы əр түрлі.
Бұған қоса, бір қатар ДББЖ өңдеушіге деректердің жаңа типін
қосуға жəне осы деректермен жасалатын жаңа операцияларды
қосуға мүмкіндік береді. Мұндай жүйелер
деректер базасының
кеңейтілген жүйелері (ДБКЖ) деп аталады.
104
ДБКЖ тұжырымының ары қарайғы дамуының нəтижесі
күр
делі объектілерді тікелей моделдейтін деректер базасының
жеткілікті дəрежеде қуатты мүмкіндіктерге ие объектіге бағыт-
талған деректер жүйесі болып табылады.
ДББЖ қуаттылығы бойынша үстелдік жəне корпоративтік бо-
лып бөлінеді.
Корпоративтік ДББЖ бөлінген ортада жұмыс жасауды қам-
тиды, жүйелерді жобалауда ұжымдық жұмысты қолдайды, жо-
ғарғы нəтижелілікке ие болуға ұмтылады. Басқарудың əр түрлі
құрал дарына жəне бүтіндікті сақтаудың кең мүмкіндіктеріне ие.
Бұл жүйелер күрделі, қымбат жəне белгілі мөлшерде есептеуіш
ресурстарды талап етеді.
Корпоративтік ДББЖ ішіндегі ең танымалдары Oracle, DB2,
Sybase, MS SQL Server, Progress жəне басқалар болып табылады.
ДББЖ классы мен қолданбалы операциялық жүйе арасын-
да байланыс бар. UNIX ішіндегі жүйелер корпо ративтік бөлгіш
жүйелер ретінде позицияланады.
Қазіргі кезде бұл секторға
Windows NT жəне оның орнын алмастыратын Windows2000
«кіргізіліп жатыр».
Иелік ету категориясына деген ұмтылысы бойынша ДББЖ-
ін жасаушыларға жəне тұтынушыларға бөлуге болады. Бі рінші
классқа жататын жүйелер сапалы компиляторға ие болула-
ры жəне «оқшаулағыш» бағдарлама өнімдерін жасауға рұқсат
беруі, болдырмаудың дамыған құралдарын басқаруы, жобаны
құжаттандыру құралдарын қосу жəне тиімді күрделі жүйелерді
құрудың басқа да мүмкіндіктеріне ие болуы қажет. Соңғы
тұтынушыға бағдарланған жүйелерге қойылатын басты талап-
Достарыңызбен бөлісу: