2.6-сурет.
Байланыс желісінің құрамы
яғни изоляциялық жəне қорғаушы қабаттардың жəне байланыс-
тыру құралдары өткізгіштерінің жинағынан тұрады, сондай-ақ,
электромагниттік толқындар таралатын космостық кеңістік
тен
немесе жер атмосферасынан тұрады. Ақпарат берудің барлық
сандық жүйелері деректерді импульстың кейбір нақты формала-
рына байланысты өңдейді.
Байланыс желісі жалпы алғанда электрлік ақпараттық сигнал-
дар берілетін физикалық ортадан, деректер беру құрылғылары-
нан жəне аралық аппаратурадан тұрады. Байланыс желісі (line)
терминінің синонимі байланыс арнасы (channel) термині.
Деректерді берудің (medium) физикалық ортасы кабельден,
яғни изоляциялық жəне қорғаушы қабаттардың жəне байланы-
стыру құралдары өткізгіштерінің жинағынан тұрады, сондай-ақ,
электромагниттік толқындар таралатын космостық кеңістіктен
немесе жер атмосферасынан тұрады. Деректер беру ортасына
байланысты байланыс желілері келесідей түрлерге бөлінеді:
- өткізгіш (ауадағы);
99
- кабельдік (мыс жəне талшықты-оптикалық);
- жергілікті жəне спутниктік байланыс радиоарналары.
Өткізгіш (ауадағы) байланыс желілері кез келген оқшаулағыш
немесе бейнелендіргіш байлаушыларсыз, бағандар арасында
ауада ілініп тұрады. Мұндай байланыс желілері арқылы дəстүр-
лі түрде, телефон немесе телеграф сигналдары беріледі, кейде
бас қа мүмкіндік болмаған жағдайда бұл желілер компьютерлік
деректерді беруге де пайдаланылады. Бұл желілердің жылдамдық
сапасы мен кедергілерден қорғалғандығына алғыс айтуға бола-
ды. Қазірде байланыстың өткізгішті желілері кабельдік желілерге
орын беруде.
Кабельдік желілердің құрылымы күрделі. Кабель бірнеше
изоляциялық қабаттарға бөлінген өткізгіштерден тұрады. Олар:
электрлік, электромагниттік, механикалық, сондай-ақ, кли
мат-
тық болуы мүмкін. Бұдан бөлек, кабель өзіне əр түрлі құрал дар-
дың қосылуын тездететін разъемдардан тұруы мүмкін. Компь-
ютерлік желілерде кабельдің үш басты типі қолданы лады: мыс
өткізгіштерінің айналмалы жұбынан тұратын кабельдер, мыс
кетігі бар коаксиалды кабельдер, сонымен қатар талшықты-
оптикалық кабельдер.
Оралған сымдардан жасалған өткізгіш айналмалы қоссым
(twisted pair) деп аталады. Айналмалы қоссым мыс өткізгіштердің
қос сымы изоляциялық экранға оралғандағы экрандық (Shielded
Twistedpair, STP) нұсқада жəне изоляциялық қаптамасы жоқ эк-
рандық емес (Unshielded Twistedpair, UTP) нұсқада кездеседі.
Өткізгіштердің айналдырылып оралуы сыртқы кедергілердің
пайдалы сигналға əсер етуінен қорғайды. Коаксиалды кабельдің
(coaxial) құрылымы симметриялық емес, ол ішкі мыс кетігінен
жəне кетіктен изоляция қабаты арқылы бөлінетін қаптамадан
тұрады. Коаксиальды кабельдің бір-бірінен қолданылу аумағы
(мысалы, жергілікті желілер, жаһандық желілер, кабельдік теле-
видение желілері) жəне сипаты жағынан ерекшеленетін бірне-
ше типі бар. Талшықты-оптикалық кабель (optical fi ber) жіңішке
(5-60 микрон) талшықтардан тұрады, олар арқылы жарық сигнал-
дары таралады. Бұл кабелдің сапасы жоғары, ол деректерді өте
жоғары жылдамдықпен (10 Гбит/с ке дейін жəне одан жоғары)
100
жібереді жəне басқалармен салыстырғанда деректерді сыртқы
кедергілерден жақсы сақтайды.
Жергілікті жəне спутниктік байланыс радиоарналары радио-
тол қындарды жіберуші жəне қабылдаушының көмегімен құра-
лады. Əр түрлі типтегі радиоканалдардың көбі арна алыстығы
мен пайдаланатын жиілік диапазоны бойынша ерекшеленеді.
Амплитудалық модуляция диапазондарымен (Amplitude Modu-
lation, AM) аталатын қысқа, орташа жəне ұзын толқындардың
(ҚТ, ОТ жəне ҰТ) диапазондары оларда қолданылатын сигнал
модуляциясының типі бойынша ұзақ қашықтықты байланысты
орната алады, бірақ деректер ақырын жылдамдықпен жеткізіледі.
Ең жылдам болып ультрақысқа толқындар (УҚТ) диапазонын-
да, сондай-ақ өте жоғарғы жиілік диапазондарында (ӨЖЖ не-
месе microwaves) жұмыс жасайтын арналар есептеледі, оларға
жиілік модуляциясы (Frequency Modulation, FM) тəн. ӨЖЖ диа-
пазонында ОТЖ (4 ГГц тен жоғары) сигналдары Жер ионосфе-
расында көрінбейді жəне байланыстың беріктігі үшін хабар-
лаушы мен қабылдаушы аралығы тікелей көрінетіндей болуы
қажет. Сондықтан да осы шарт орындалуы үшін мұндай
жиіліктер не спутниктік арналарды, не радиорелиялық арналар-
ды қолданады.
Қазіргі кезде компьютерлік желілерде деректерді беру фи-
зикалық ортасының жоғарыда сипатталған барлық типтері қол-
данылады, осылардың ішіндегі ең перспективтісі талшықты-оп-
тикалық желілер. Осындай желілер арқылы қазірде ірі аумақтық
желі магистральдары, сондай-ақ, жергілікті байланыс желіле рінің
жылдамдығы жоғары линиялары да құрылуда. Жоғары сапалық
құндылығымен жəне монтаждаудың қарапайымдылығымен си-
пат талатын айналмалы қос сым да кең тараған. Айналмалы қос
сым көмегімен концентратордан 100 метрге дейінгі қашық тық-
тағы абоненттерді қосады. Спутниктік арналар мен радиобайла-
ныс көбінесе кабельдік байланысты қолдануға болмайтын кезде
пайдаланылады. Мысалы, желі халық аз орналасқан мекенмен
байланыс орнату үшін қолданылады.
|