Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова



жүктеу 3,87 Mb.
Pdf просмотр
бет24/76
Дата02.04.2023
өлшемі3,87 Mb.
#41962
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76
АСУ қаз

Техникалық қорғаныс құралдары
(кабельдік жүйені, элек-
трлік қуат алу жүйелерін, архивация құралдарын, дискілік мас-
сивті жəне т.б. қорғау құралдары); 

қорғаудың бағдарламалық құралдары
(антивирустық бағ-
дар ламалар, өкілеттілікті шектеу жүйелері, рұқсат беру құралда-
рының бағдарламалары);

қорғаудың əкімшілік шаралары 
(ғимаратқа кіруге рұқсатты 
бақылау, қауіпсіздік стратегиясын, төтенше жағдайларда жасала-
тын əрекет жоспарын жасау жəне т.с.с.).
Заманауи технологиялар қорғаудың бағдарламалық жəне ап-
параттық үйлесімі бағытында дамып отырады.
Кабельдің сенімділік мəселесін шешудің ең тиімді жолы құры-
лымдық кабельді жүйелердің (яғни, жеке құрылымдық бөлік терге 
бөлінген) жəне коаксиалды кабельдерді бірте-бірте айналмалы 
жұптарға (мыс кабелі) немесе оптикалық кабельдерге алмастыру 
көмегімен шешу.
Электр қуатының бір сəтке сөнген кезінде ақпаратты жоғал-
тып алмау үшін үздіксіз электрлік қуаттандыратын көздерді 
(ИБП, UPS) орнату ең сенімді құрал болып табылады. 
Мəліметтерді архивациялаудың сенімді жəне тиімді жүйесін 
ұйымдастыру желідегі ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету-
дің ең сенімді жолы болып табылады. Бір немесе екі топтама-
дан құралған кіші желілерде көбіне стример қолданылады. Ірі 
желілерде арнайы архивациялық сервер - RAID қолдану дұрыс.
Мұндай топтама көрсетілген уақытта ақпаратты автоматты 
түрде архивтейді жəне жасалған резервтік көшірме жайлы есеп 
береді.


88
ЖЕЖ қорғаудың кеңірек тараған механизмдерінің бірі же-
ліаралық экрандар – брандмауэрлерді (fi rewalls) қолдану болып 
табылады. 
Экран – бұл клиенттердің басқа ұқсас топтамаларда сақта-
латын ақпараттарды алуын шектейтін құрал. 
Экрандар үшін «ішкі» жəне «сыртқы» деген түсініктер бар, 
экранның міндеті ішкі желіні қоршаған ортаның «қарқынды 
қастықтарынан» қорғау. Сыртқы желілердің ең көп бұзушылық -
қа ұшырайтыны Internet желісі. 
Желіаралық экранның жеке қорғалуы əмбебап жүйелерге 
қолданылатын қорғау құралдарының көмегімен жүреді. 
Орталықтандырылған басқаруды жүзеге асыру кезінде ақ-
паратты желідегі актив жəне пассив түрде тыңдаудан қорғаудың 
да қамын жасау қажет, яғни оның бүтіндігі мен құпиялылығын 
қамтамасыз ету керек. 
Ақпаратты көрсету құралдары (АКҚ) ақпараттың жаңа ақ-
парат келгенше қысқа мерзімге уақытша бейне түрінде шығуын 
қамтамасыз ететін құрылғылар жəне белгілі бір қалыптағы 
қағаз беттерінде ұзақ мерзімге шығуын, яғни құжаттың қалың 
көшірмесін қалыптастыруды қамтамасыз ететін құрылғылар бо-
лып бөлінеді. 
Сондай-ақ, АКҚ-ын жеке жəне ұжымдық түрлерге де бөледі. 
Ұжымдық АКҚ ретінде түрлі технологиялармен орында-
ла алатын əр түрлі электрондық көрсеткіш тақталары назарға 
алынады: плазмалық панель, бейнеқабырға, сұйық кристаллды 
матрицалық көрсеткіш тақта. 
Плазмалық панелдің жұмыс істеу ұстанымы люминофорларға 
қатты сиретілген газдық ортадағы электр разрядында ультракүл-
гін сəуле ықпал еткен кездегі жарықтануына негізделген. Мұн-
дай разряд кезінде басқарушы кернеуі бар электродтар арасын-
да газдың (плазманың) иондалған молекулаларынан тұратын 
өткізгіш «бау» пайда болады. Басқарушы сигналдарды панель 
əйнегінің ішкі бетіне орнатылған вертикальды жəне горизон-
тальды өткізгіштерге бере отырып басқару үлгісі телевизия-


89
лық көрсетілім растрының «кіші» жəне «кадрлық» орналасуын 
жүзеге асырады. 
Плазмалық панелдердің құндылығы мынада:
− 
қауіпсіздік – зиянды магниттік жəне электрлік өрістердің 
болмауы;
− 
жинақылық,
− 
жоғарғы сенімділік.
Плазмалық панелдердің ең басты кемшілігі олардың қым-
баттығы. 
Сұйық кристаллды матрицалық көрсеткіш тақтасы символ-
дық ақпаратты көрсетуге арналған жəне сұйық кристаллды 
негізде дайындалған белгілі бір модульдер жинағынан тұрады. 
Əрбір модульге 7, 38, 88 немесе 111 сегмент кіре алады, олар 
бірегей қаріптер жазуға мүмкіндік береді. Сегмент өлшемдері əр 
түрлі – 50 х 100 мм-ден 180 х 33 мм-ге дейін болып келеді.
Сұйық кристаллды матрицалық көрсеткіш тақтасының ба-
сымдықтары:
− 
тəуліктің кез келген уақытында символдарды үйлесімді та-
нуы,
− 
күн сəулесінің тікелей түсуінен қорықпау,
− 
символдардың бірегей жарықтығы,
− 
қуатты аз жұмсау,
− 
техникалық қызмет көрсету қарапайымдылығы мен қо лай-
лылығы.

жүктеу 3,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау