Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ӛрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



жүктеу 3,88 Mb.
Pdf просмотр
бет115/147
Дата20.11.2018
өлшемі3,88 Mb.
#22302
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   147

260 
 
https://www.youtube.com/watch?v=KzBRlell_N4  
2.  Выпуск  юмористического  журнала  «Ералаш»  «Школа  моей  мечты».  - 
https://www.youtube.com/watch?v=oH8y5XkDbA4  
3.  О  внесении  изменений  и  дополнений  в  постановление  Правительства 
Республики  Казахстан  от  23  августа  2012  года  №  1080  «Об  утверждении 
государственных общеобязательных стандартов образования соответствующих 
уровней образования». Постановление Правительства Республики Казахстан от 
25 апреля 2015 года № 327. - http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1500000327  
4.  Оценивание 
учебных 
достижений 
учащихся. 
Методическое 
руководство/ Сост. Р.Х. Шакиров, А.А. Буркитова, О.И. Дудкина. - Б.: «Билим», 
2012. - 80 с.  
5.  Фишман  И.С.,  Голуб  Г.Б.  Формирующая  оценка  образовательных 
результатов учащихся: Методическое пособие.-Самара: Издательство «Учебная 
литература», 2007. - 244 с.  
6.  Формативное  оценивание  в  начальной  школе.  Практическое  пособие 
для учителя/ Сост. О.И. Дудкина, А.А. Буркитова, Р.Х. Шакиров. - Б.: «Билим», 
2012. - 89 с.  
 
 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ - БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСТАРЫНЫҢ 
МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДА 
 
М. Е. Қуантаева, 
филология ғылымдарының кандидаты 
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ Солтүстік Қазақстан  
облысы бойынша ПҚ БАИ директорының орынбасары 
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы  
бойынша ПҚ БАИ Петропавл қаласы, kuantaeva_@mail.ru 
 
Әлем  кеңістігіндегі  болып  жатқан  ӛзгермелі  жағдайлар  білім  беру 
жүйесіне де ӛзіндік әсерін тигізіп отырғаны белгілі. Елімізде жүргізіліп жатқан 
білім  саясаты  әлемдік  білім  кеңістігімен  ықпалдасуға  бағдарланған.  Әлемдік 
білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты - ӛзгермелі ӛмір 
жағдайына  тез  бейімделетін,  ӛз  жолын  дұрыс  таңдай  білетін,  оң  шешім 
қабылдай  алатын,  кӛшбасшылық  қабілеттері  бар  тұлға  дайындау  болып  отыр. 
Қазіргі  білім  беру  жүйесінің  мақсаты  -  бәсекеге  қабілетті  маман  дайындау. 
Ендеше  отандық жүйені  меңгере  отыра,  халықаралық  тәжірибені  де  қызметтік 
қолданысқа  кіріктіру  қажет.  «Тереземіз  тең  болсын»  десек,  шетелдік 
технологиялардан хабардар болғанымыз жӛн. 
Осы  бағытта  «Ӛрлеу»  біліктілікті  арттыру  ұлттық  орталығының  ұстанып 
отырған  саясаты  -  педагогтерге  курстық  даярлықты  ұйымдастыратын 
профессорлық-оқытушылық  құрамның,  бӛлім  қызметкерлерінің  шетелдік 
тәжірибені  игеріп,  оны  курс  барысында  қолдану  үшін  тағылымдамаға  жолдау 
ӛз жемісін беруде.  


261 
 
Әлемге білім беру саласында озық технологияларымен танымал британдық 
білім  беру  жүйесімен  танысу  үшін  2015  жылдың  12  мен  20  желтоқсан 
аралығында ӛрлеуліктер Ньюкасл-апон-тайн қаласында болып қайтты. «Ӛрлеу» 
БАҰО»  АҚ  қызметкелеріне  -  филиал  директорларының  орынбасарлары,  бӛлім 
басшылары,  кафедра  меңгерушілері  -  «Кӛшбасшы  қабілеттерін  жетілдіру» 
тақырыбына  North  Leadership  Center  директорының  орынбасары  доктор  Анна 
Рид,  білім  беру  саласы  бойынша  халықаралық кеңесші  Мэгги  Фэррар,  Ұлттық 
мектептер  кеңесінің  жетекшісі  Алан  Серджесон,  тренер  Кэвин  Джеймс  дәріс 
оқыды.  Тағылымдаманың  тәжірибелік  бӛлігі  Shotton  Holl  академиясы  мен 
Gateshead колледжінде ӛтті. 
Біліктілікті  арттыру  бағдарламасын  North  Leadership  Center  Newcastle 
University  ұйымдастырды.  Ньюкасл  университеті  -  Ұлыбританияның  жетекші 
жоғары  оқу  орындарының  бірі.  Университет  медицина,  экология,  инженерия 
бағыттары бойынша ғылыми-зерттеулерімен әлемге белгілі.  
Тағылымдама  барысында  кӛшбасшылықты  дамытатын  сан  қырлы  әдіс-
тәсілдер:  SWOT-талдау,  brainstorming,  STЕEP-сараптама  т.б.  қолданылып, 
тәжірибелі  мамандар  тренингтер  ӛткізді.  Американдық  ғалымдар  Ричард 
Бекхард,  Брюс  Такман,  ағылшын  ғалымы  Мередит  Белбин  зерттеулері 
тағылымдама мазмұнын тереңдете түсті. Ұжыммен тиімді  жұмыс жүргізе білу, 
ұжым  іс-әрекетін  бағыттай  білу,  келіп  түскен  ақпаратқа  сараптама  жасап,  оң 
шешім қабылдау сынды материал курстық дайындық мазмұнын толықтырады. 
Шетелдік іссапар нәтижесі 2016 жылы ұйымдастырғалы отырған біліктілік 
арттыру курстарына енгізіліп, курс мазмұнын түрлендіру, жаңарту мүмкіндігін 
бермек.  Атап  айтқанда,  «Білім  беру  мазмұнын  жаңарту  жағдайында 
отаншылдық және кӛшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру тұлғаны тәрбиелеу 
мен  әлеуметтендірудің  негізі  ретінде»,  «Білім  беру  мазмұыны  жаңарту 
жағдайында  орта  білім  беру  ұйымдарының  педагогикалық  менеджменті», 
«Білім  беру  мазмұынын  жаңарту  аясында  мектепті  басқарудың  құзырлылық 
амалы» және т.б. Сӛйтіп курстар мазмұны әлемдік білім беру жаңалықтарымен 
жандана түспек. 
Бұрын алған кәсіби білімін жаңартуға келген педагогтер ӛз кезегінде сабақ 
беру  әдістемесін,  оқушылармен  жұмыс  жүргізуді,  сабақ  ұйымдастыруды  жаңа 
кӛзқараспен,  жаңа  сипатта  ӛткізетін  болады.  Жаңа  формациядағы  мұғалім  - 
жаңа толқынды тұлға қалыптастыра алады. 
Елбасы:  «Ұлттық  бәсекелестік  қабілет  бірінші  кезекте  оның  білімділік 
деңгейімен  айқындалады»  деп  айтқан  болатын.  Осы  тұрғыда  Қазақстан 
Республикасының  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасында:  «Орта  білім 
берудің  мақсаты  -  жылдам  ӛзгеріп  отыратын  дүние  жағдайларында  алынған 
терең  білімнің,  кәсіби  дағдылардың  негізінде  еркін  бағдарлай  білуге,  ӛзін-ӛзі 
іске  асыруға,  ӛзін-ӛзі  дамытуға  және  ӛз  бетінше  дұрыс,  адамгершілік 
тұрғысынан  жауапты  шешімдер  қабылдауға  қабілетті  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру» деп кӛрсетілген. 
Ең күрделі және маңызды нәрсе - білім жүйесін мазмұндық ӛзгерту, оның 
ішкі  мүмкіндіктерін  пайдалану,  білім  сапасын  арттыру  тетіктері  мен  түрлерін 


жүктеу 3,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау