Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ӛрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



жүктеу 3,88 Mb.
Pdf просмотр
бет28/147
Дата20.11.2018
өлшемі3,88 Mb.
#22302
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   147

64 
 
негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдарға  бағытталған 
білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа  технологияларын 
енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық 
желілерге  шығу»  деген  жолдар  әрбір  мұғалімнен  ізденісті,  білімділік  пен 
біліктілікті қажет етеді[2]. 
Елбасымыз  әрдайым  атап  кӛрсететіндей,  ел  болашағының  кілті  -  бүгінгі 
жас ұрпақтың қолында екені баршамызға аян. Жас ұрпақтың тағдыры, олардың 
бойына  білім  мен  ізгілік  нұрын  себуші  -  ұстаздардың  қолында.  Бүгінгі 
Қазақстан  қоғамының  тұтастай  алғандағы  әлеуметтік  әлеуеті  осындай  ұстаз 
даярлау ісіне бүкілхалықтық нышан беруге мүмкіндік берілуде. Осыған сәйкес 
білікті  мұғалім  кадрларын  даярлайтын  білім  Ордаларының  алдында  ӛз 
жұмысын уақыт талабына сай қайта құру міндеті тұр. Бұл ӛзгерістердің негізгі 
бағыттары мен мән-мазмұны Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев бекіткен «Білім беруді 
дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында» 
айқындалған.  Бағдарлама  білім  саласында  осы  күнге  дейін  орын  алып  келген 
олқылықтардың  орнын  толтыруға,  еліміздегі  білім  беру  жүйесінің  бәсекеге 
қабілеттілігін  арттыруға,  ел  экономикасының  тұрақты  ӛсуі  үшін  сапалы  білім 
беруді қамтамасыз ету арқылы адам капиталын дамытуға қол жеткізуді кӛздеп 
отыр.  Сондай-ақ  бағдарлама  барлық  деңгейдегі  білім  беру  жүйелерін 
қаржыландыруды  жақсарту,  педагог  мәртебесін  кӛтеру,  білім  беру 
менеджментінің  сапасын  жақсарту,  электронды  оқулықтарды  жүйелі  түрде 
енгізу,  мектепке  дейінгі  білім  беру  мен  тәрбие,  орта  білім,  техникалық  және 
кәсіптік  білім,  жоғары  және  жоғары  мектептен  кейінгі  білім  беру,  тәрбие 
жұмысы  және  жастар  саясаты  тәрізді  мәселелерді  түбегейлі  шешу  міндеттерін 
қамтиды[3]. 
Қазіргі  заманғы  білім  беру  жүйесі,  оқытудың  инновациялық  нысандары 
мен  әдістерін  енгізу  педагог  қызметкерлердің  тұлғасына  және  кәсіби 
құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. 
Сондықтан,  қазіргі  проблемалар  орта  білім  жүйесін  қазақстандық  қоғам 
дамуының  заманауи  талаптарына  және  ғаламдық  білім  беру  кеңістігіне  кірігу 
шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етеді. 
Ғаламдандыру  күннен  күнге  ӛсіп  келе  жатқан  халықаралық  бәсекелестік 
қоғамда  болып  жатқан  ӛзгерістердің  ауқымы  мен  қарқынының  ӛсуі  білім  беру 
беру  саласының,  мемлекет  дамуының  басты  факторына  айналуына  себеп 
болды.  Ұлтымыздың  ұлы  ұстазы  Ахмет  Байтұрсынов  «Білім  біліктілікке 
жеткізер  баспалдақ,  ал  біліктілік  сол  білімді  іске  асыра  білу  дағдысы»,  -  деп 
бекер айтпаған.  
Қазіргі  таңда  ӛтіп  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  ӛзгеріс  жағдайында 
Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі кезінде мұғалімнің жеке тұлға 
ретіндегі,  оның  кәсіби  біліктілігі  айрықша  мәнге  ие  болуда,  ӛйткені  ол 
мектептегі  дәстүрдің  жалғастырушысы  мен  жаңаруының  кепілі  болып 
табылады.  Қай  кезде  де  білім  бастауын  мектептен  алады,  сондықтан  мектеп 
неғұрлым таза, серпінді, шығармашыл болса, ол келіп құятын білім айдыны да 
сондай дәрежеде болады. 


65 
 
Ұстаздардың  біліктілігін  арттыру  және  қайта  даярлау  жүйесін  түбегейлі 
жаңғыру  үшін  Үкіметтің  2012  жылғы  17  ақпандағы  №  232  Қаулысына  сәйкес, 
педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру жӛніндегі Ұлттық орталық - «Ӛрлеу» 
акционерлік  қоғамы  құрылды.  Ұлттық  орталықтың  миссиясы  -  әлемдік  және 
қазақстандық  тәжірибені  тарату,  корпоративті  басқару  негізінде  білім  берудің 
жоғары сапасын қамтамасыз ететін педагог қызметкерлердің біліктілігін жүйелі 
арттыру. 
Білім беру жүйесін дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасындағы  міндеттерді  шешу  мақсатында  «Ӛрлеу»  «Біліктілігі 
арттыру ұлттық орталығының 2012-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы» 
жасалды.  
Жаңа  бағдарламада  білім  берудегі  бәсекеге  қабілеттіліктің  артуы  мен 
адами  капиталдың  дамуына  айрықша  ден  қойылған.  Оның  нәтижесінде 
экономиканың және халықтың әл-ауқатының тұрақты ӛсуі қамтамасыз етіледі. 
БАҰО 
«Ӛрлеу» 
Акционерлік 
Қоғамының 
негізгі 
стратегиялық 
бағыттарының бірі педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың мазмұнын 
әлемдік және отандық тәжірибе негізінде жаңарту болып табылады.  
Білім  беру  жүйесіне  жаңа  инновациялық  технологияларды  енгізу  арқылы 
оқыту  үрдісін  жетілдіру,  оқушының  танымдық  қабілетін  дамыту,  саналы 
деңгейге  кӛтеру  -  бүгінгі  күнгі  күрделі  мәселе.  Білімді  жеке  тұлғаға  бағыттау 
арқылы  ӛзін-ӛзі  таныған,  ақыл-ойын  жан-жақты  дамытқан  ―Мендік‖  пікірі 
қалыптасқан  оқушы  тәрбиелеу  мұғалімдер  алдына  тың  міндеттер  жүктейді. 
Жаңашыл  іс-әрекетке  жетелейді.  Яғни,  инновациялық  оқыту  -  сапалы  білім 
берудің  кепілі  іспеттес.  Қашанда  әлеуметтік  жағынан  қорғанған  адам  -  ол 
технология  ауысуына  және  нарық  талабына  сай  терең  білімді,  әрі  жан-жақты 
адам.  Қазіргі  мұғалімнің  инновациялық  біліктілігін  жетілдірудің  негізгі 
ерекшілігі  -  тек  біліммен  қаруландырып  қана  қоймай,  ӛздігінен  білім  алуды 
дамытып,  үнемі  ілгері  ӛрлеуіне  қажеттілік  тудыру.  Әрине  инновациялық 
педагогикалық  технологиялар  саны  жеткілікті  әзірленіп,  даярланғанын  бәріміз 
білеміз[4]. 
Жалпы  білім  беру  саласында  технология  туралы  екі  түрлі  пікір 
қалыптасып  отыр.  Бірінші,  технология  -  ӛнер,  шеберлік  деген  ұғымның 
синонимі  ретінде  аталады,  яғни  педагогикалық  шеберлік  деген  ұғымды 
білдірсе,  екіншіден,  білім  беру  ісін  технологияландыру,  сол  арқылы  жоғары 
сапалы ӛнім алу, ғылым мен ӛнердің синтезі деген мағынаны білдіреді. 
Педагог-ғалым  В.М.  Монахов:  «Педагогикалық  технологиялар  дегеніміз  - 
оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі», - 
деген анықтама береді[5]. 
«Технология  дегеніміз  қандай  да  болсын  істегі,  шеберлікті,  ӛнердегі 
адамдардың,  ал  педагогикалық  технология  педагогикалық  мақсатқа  қол 
жетудегі  қолданылатын  барлық  қисында  ілім  амалдарымен  әдістемелік 
құралдардың жүйелі жиынтығы»- деп түсіндіреді В. Кларин[6]. 
Ал  Н.Ф.  Талызинаның  анықтамасында:  «Педагогикалық  технология  - 
оқытудың,  тәрбие  құралдарының  арнайы  жиынын,  әдісін,  тәсілін,  айласын 


жүктеу 3,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау