30
ю
...
...
...
ек
я
ис
...
...
рт
Үшграммалы және n–граммалы шифрдың пайдалану варианттары да мүмкін.
Сондай шифрлардың криптоберіктігі үлкенірек болады, бірақ олар жүзеге асыру үшін
күрделі және кілтті ақпараттың (ауыстыру кестенің үлкен көлемін) көп саның талап етеді.
Барлық n–граммалы шифрлар жиілік криптоталдау көмегімен ашылу мүмкін, тек кездесу
статистикасы жеке символдардың емес, n символдан тұратын тіркестерден пайдаланады.
Пропорционал шифрлар
Біралфавитты орнына қою әдістеріне пропорционал немесе монофониялық
шифрлар жатады, оларда жиілік талдау көмегімен ашудан қорғау үшін шифрланған
белгілердің кездесу жиілігі теңестіріледі. Жиі кездесетін белгілер үшін мүмкін болатын
баламалар пайдаланады. Аса көп пайдаланбайтың бастапқы белгілер үшін бір не екі
балама жеткілікті. Шифрлау кезінде ашық мәтіннің символы үшін орнына қою кездейсоқ
немесе белгілі түрде (мысалы, рет-ретімен) таңдалады. Символдарды ауыстыру үшін
пропорционал шифрды пайдалану кезінде әдетте сандар таңдап алынады. Мысалы, 2.6
кестеде көрсетілгендей орыс тілдің әріптеріне үштаңбалы сандарды қояйық.
Кесте 2.6. Пропорционал шифры үшін ауыстыру кестесі
Символ Ауыстыру варианты Символ Ауыстыру варианты
А
760 128 350 201
С
800 767 105
Б
101
Т
759 135 214
В
210 106
У
544
Г
351
Ф
560
Д
129
Х
768
Е
761 130 802 352
Ц
545
Ж
102
Ч
215
З
753
Ш
103
И
762 211 131
Щ
752
К
754 764
Ъ
561
Л
132 354
Ы
136
М
755 742
Ь
562
Н
763 756 212
Э
750
О
757 213 765 133 353 Ю
570
П
743 766
Я
216 104
Р
134 532
Бос орын 751 769 758 801 849 035…
Бұл жағдайда хабар
БОЛЬШОЙ СЕКРЕТ
келесі түрде шифрлану мүмкін:
101757132562103213762751800761754134130759
Берілген мысалда қайталанатын әріптер үшін (мысалы, «О») ауыстыру
варианттары рет-ретімен таңдалды.
Пропорционал шифрлар қарапайым біралфавитты орнына қою шифрларға
қарағанда ашу үшін күрделірек. Бірақ, «ашық мәтін – шифрланған мәтін» бір жұбы ғана
31
бар болса, ашуы қиын емес. Егер де тек шифрланған мәтіндер қолда болса, онда кілтті
ашу, яғни ауыстыру кестесін табу, күрделі болса да, бірақ сонда да жүзеге асырылу
мүмкін.
Көп алфавитты орнына қоюлар
Бастапқы тілдің табиғи жиілік статистикасын жасыру үшін көп алфавитты орнына
қою қолданады, ол да бірнеше түрлі болады. Көп алфавитты орнына қоюларда
бастапқы мәтіннің символдарын ауыстыру үшін бір емес, бірнеше әліпби пайдаланады.
Әдетте ауыстыру үшін алфавиттер бастапқы алфавиттың басқа ретімен жазылған
символынан жасалынады.
Көп алфавитты орнына қоюдың мысалы Вижинер кестесін пайдалануына
негізделген схемасы болып табылады. Бұл әдісті француз Блез Вижинер 1585 жылы
шыққан «Шифрлар туралы трактатта» жазып шығарған.
Осы әдісте шифрлау үшін NxN элементі бар квадратты матрица тәріздес кесте
пайдаланады, мұнда N – алфавиттағы символдар саны (2.7 кесте). Матрицаның бірінші
жолында бастапқы алфавиттегідей рет-ретімен әріптер жазылады, екінші жолында – сол
әріптердің тізбегі, бірақ сол жаққа бір орынға циклдық ығысумен, үшінші жолда – екі
орынға ығысуымен және т.б.
Кесте 2.7. Шифрлау кестені дайындау
АБВГДЕ........ ..........ЭЮЯ
БВГДЕЖ........ ..........ЮЯА
ВГДЕЖЗ........ ..........ЯАБ
ГДЕЖЗИ......... ..........АБВ
ДЕЖЭИК......... ..........БВГ
ЕЖЗИКЛ......... ..........ВГД
...........
..........
ЯАБВГД......... ..........ЬЭЮ
Мәтінді шифрлау үшін бастапқы алфавиттың кейбір сөзі немесе символдар
жиынтығы болатын кілтті таңдайды. Сосын толық матрицадан бірінші жолынан және
бастапқы әріптері рет-ретімен кілт әріптері болатын жолдарынан бағыныңқы шифрлау
матрицаны жазып шығарады (мысалы, егер «весна» кілтті таңдасақ, онда шифрлау кестесі
2.8 кестегідей болады).
Кесте 2.8. Шифрлаудың бірінші кезеңі – шифрлаудың бағыныңқы матрицасын құру
АБВГДЕЖЗИКЛМНОПРСТУФХЦЧШЩЪЫЬЭЮЯ
ВГДЕЖЗИКЛМНОПРСТУФХЦЧШЩЪЫЬЭЮЯАБ
ЕЖЗИКЛМНОПРСТУФХЦЧШЩЪЫЬЭЮЯАБВГД
НОПРСТУФХЦЧШЩЪЫЬЭЮЯАБВГДЕЖЗИКЛМ
СТУФХЦЧШЩЪЫЬЭЮЯАБВГДЕЖЗИКЛМНОПР
Шифрлау барысында (сур. 2.4) шифрланатын мәтіннің әрбір әріптерінің астында,
кілтті қажетті рет қайталайтын, кілттің әріптерін жазады, сосын шифрланатын мәтінді
шифрлау кестесі (2.8 кесте) арқылы ауыстырады. Ол үшін кестенінің бірінші жолындағы
әріптерді және оның астында тұратын кілт әріптерінің сызықтар қиылысында тұратын
әріптермен ауыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |