Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 5,58 Mb.
Pdf просмотр
бет7/60
Дата21.11.2018
өлшемі5,58 Mb.
#22628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60

 
18 
Топография  –  жер  бетін  әуе  және  ғарыштық  түсірім  негізінде 
жоспарға  және  ірі  масштабты  картаға  түсіру,  әрі  бейнелеу  әдістерін 
зерттейтін  ғылым.  Бұған  көзбен  өлшеу,  бұрыш  өлшеу,  мензульдық, 
тахеометриялық  немесе  алыстан  өлшеу  сьемкалары  жатады.  Таулы 
жерлерде фотограмметрия қолданылады. 
Топография  жер  бетін  зерттеуде  физика  және  экономика, 
географияға,  ал  жер  бетін  топографиялық  түсіруде  (топографиялық 
карта  жасауда)  геодезия  мен  картография  ғылымдарына  сүйенеді. 
Топографиялық  картаның  мазмұнының  толықтығы  ең  алдымен 
планның немесе картаның масштабына байланысты болады. 
Масштабы  кішірейген  сайын  картаның  жер  беті  элементтерін 
сұрыптау және жалпылау дәрежесі артады. Мұндай жағдайда картаға 
географиялық  тұрғысынан  маңызды  деп  есептелінетін  жер  беті 
элементтерін мүмкіндігінше көбірек қамту көзделеді. Картаны толық 
етіп құрастыруда топографиялық шартты белгілер жүйесі де маңызды 
рөл атқарады. Әскери істегі Топография  – тактикалық және оперативтік 
мақсаттар  үшін  жергілікті  жердің  ерекшеліктерін  зерттейтін  әскери 
ғылым  саласы.  Кейінгі  кезде  жерді  план  не  картаға  түсірерде 
аэросьемка  немесе  аэрограмметрия  деп  аталатын  фотографиялық 
сьемкалар қолданылады. 
План (лат. planum – жазықтық)  
1. 
жер бетінің белгілі бір телімін жазықтықта (1:10000 не одан 
да үлкенірек масштабпен) шартты белгілердің көмегімен бейнелейтін 
сызба (топографиялық План); 
2. 
қандай  да  бір  ғимараттың  немесе  нәрсенің  горизонталь 
қимасы немесе оның жоғарыдан қарағандағы көрінісі; 
3. 
горизонталь проекция. 
План элементтері 
План элементтері – сызбада көрсетілген сызықтық контурлардың, 
аудандардың,  масштабтан  тыс  объектілердің,  жазулардың  шартты 
белгілері. План элементтері өздерінің бейнеленуі бойынша штрихтық, 
аялық,  жартылай  түсті  құйылған  және  түрлі  түсті  болып  бөлінеді. 
План  элементтері  тушьпен,  қарындашпен,  сондай-ақ  декольдермен 
және темплеттермен сызылады. 
Пландар дәлдігі 
Пландар  дәлдігі  –  пландағы  объектілер  орындарының  жергілікті 
жердегі  нақтылы  орындарымен  айырмашылығы  шамасын  сипаттайтын 
ұғым. Пландар дәлдігі план бойынша анықталған контурлар орны мен 
нүктелер  биіктігі  жер  бетінде  тексеру-өлшеу  нәтижелерінен  алынған 
мәліметтер  айырмашылығымен  бағаланады.  Шектеулі  айырмашылық 
нұсқаулармен  белгіленген  орташа  квадраттық  қателіктердің  екі  есе 


 
19 
шамасынан  аспауы  қажет.  Шектеулі  шамадан  асатын  айырмашылық 
саны жалпы тексеру-өлшеу санының 5%-ынан аспауы тиіс. Шектеулі 
айырмашылық  саны  10%.  Орташа  қателіктерді  есептеуге  шектеулі 
шамадан асатын барлық айырмашылықтар енгізіледі. 
Топографиялық сипаттама 
Топографиялық  сипаттама  –  бөгеннің  негізгі  топографиялық 
сипаттамалары  ретінде  айдын  ауданы  мен  көлемінің  тежелу  деңгейі 
араларын 
байланыстыратын 
қисық 
сызықтар 
немесе 
бұл 
сипаттамаларды анықтау үшін жергілікті жердің горизонталды планы 
түріндегі  болашақ  су  басатын  ауданның  ірі  масштабтағы  планды-
биіктігі  бейнелетін  түсірулер.  Ұсақ  масштабты  түсірулер  арқылы 
алынған  топографиялық  сипаттамалар  шамалап  алынған  деп 
есептеліп,  көп  жағдайларда  жобалаудың  тек  алдыңғы  сатыларында 
ғана  пайдаланылуы  мүмкін.  Ол  кейіннен  ірі  масштабты  түсірулер 
арқылы  дәлірек  анықталатын  болады.  Бөген  айдынының  ауданын 
анықтау  –  деңгейдің  әр  түрлі  жағдайларындағы  аудандардың  түсіру 
пландарында планиметриялау арқылы жүргізіледі. Айдын аудандарының 
деңгей белгілерімен байланысын анықтау (сызу) үшін планиметрияны 
барлық  горизонтальдар  ауқымында  (ең  төмеітті  деңгей,  яғни  түбінен 
ең жоғарғы деңгей – тежелген суға дейінгі аралықта) жүргізу қажет. 
Бақылау сұрақтары: 
Топографиялық  карта  дегеніміз  не?  Оның  негізі  ерекшеліктері 
қандай және ол карталарды қайда қолданады? 
Топографиялық карта бойынша географиялық түсіндірме беріңіз. 
Топографиялық карталардың қызметтерін сипаттаңыз. 
 
5. Карта  масштабы  және  топографиялық  карталардағы 
өлшеулер 
Жер  беті  мен  оның  шағын  аймақтары  қағаз  бетіне  белгілі  бір 
масштаб  арқылы  кішірейтіліп  кескінделеді.  Масштаб  дегеніміз 
пландағы, картадағы сызықтың (кесіндінің) өзіне сәйкес жер бетіндегі 
ұзындығының горизонталь проекциясына қатынасы. 
План  және  ірі  масштабты  топографиялық  картада  жер  бетінің 
шамалы бөліктерінің бейнелерінде жер формасының ықпалынан туған 
бұрмаланулар аз және масштаб өзгермейді. 
Ал,  ұсақ  масштабты  картаны  алсақ,  оның  әр  нүктелерінде 
масштабтар  әр  түрлі  болады  да,  проекция  түріне,  бағытына  қарай 
масштаб өзгереді. 


 
20 
Бұрмалануларға байланысты масштабты 2 түрге бөлеміз: 

 
Бас масштаб 

 
Жеке масштаб 
Бас масштаб дегеніміз – эллипсоидтың кішірейту мөлшері. Жеке 
масштаб – басқалары. Басты масштабта бұрмалану жоқ, нүктелер мен 
изоколалар сақталады және картада көрсетіледі. 
Сандық масштаб 
Егер  план  1:1000  масштабында  жасалса,  онда  жер  бетіндегі 
ұзындығы  1000  см-лік  арақашықтық  планға  1  см-лік  кесінде  түрінде 
кескінделген  болады.  Мұндай  масштаб  сандық  масштаб  делінеді. 
Мына  төмендегі  бірнеше  сандық  масштабтар  1:1000;  1:2000;  1:5000; 
1:10000, т.б. ірісінен ұсақтарына қарай қатармен жазылады. Масштаб 
ірі болса, ол планда арнаулы деректер толық көрсетіледі. Әр планның 
мақсатына  лайықты  өзіне  сәйкес  масштабы  болады.  Егер  сандык 
масштаб  белгілі  болса,  сызықтың  ұзындығын  қағаз  бетіне  не 
керісінше,  пландағы  кесінді  арқылы  оның  жер  бетіндегі  ұзындығын 
анықтауға  болады.  Бірінші  мысал:  жер  бетіндегі  сызықтық 
проекциясы  275  м-ге  тең  делік.  1:5000  сандық  масштабта  бұл 
қашықтық  планға  275 :  5000,00.  055м5,  5  см-ге  тең  кесінді  болып 
кескінделеді.  Екінші  мысал:  1:  2000  масштабы  пландағы  кесінді 
ұзындығы  6,5  см  болса,  онда  жер  бетіндегі  ұзындығы  6,5  х  2000  1 
3000  см  130  м.  Іс  жүзінде  бұл  есептерді  қолдану  ыңғайсыз 
болғандықтан,  сандық  масштабтың  орнына  сызықтық,  көбінесе 
көлденең  масштаб  қолданалады.  Сандық  масштабтың  қағаз  бетінде 
график түрінде бейнелеуін-сызықтық масштаб дейді. 
Атаулы масштаб 
Әдетте,  сандық  масштабпен  қатар  атаулы  масштабта  жазылады: 
жер бетіндегі горизонтальдық қашықтықтың қандай мөлшері картада 
1  см  сайкес  екенін  көрсетеді.  Мысалы:  1  см  де  100  метр.  Масштаб 
картаның оңтүстік бұрышының жиек сызығының астына жазылады. 
Сызықтық масштаб 
Сызықтық  масштаб  бір  түзудің  бойын  масштаб  негізі  деп 
аталатын  біріне-бірі  тең  бірнеше  кесінділерге  бөлгеннен  шығады. 
Масштаб негізгі әдетте 1 см-ге тең болып келеді. Сол жақтағы шеткі 
негіз тең 10 бөлікке бөлінеді де, оның оң жақ ұшы 0- деп белгіленеді. 
Сандық  масштабтың  да  кемшілігі  бар,  ол  сызықтық  масштабпен 
пайдаланғанда, оның 0-ден сол жақтағы негізінің ұсақ бөлшектерінің 
аралығын  көз  мөлшермен  бағалаудан  тұрады.  Сондықтан  өте  үлкен 
дәлдікті  қажет  ететін  өлшеулер  үшін  көбіне  көлденең  масштаб 
қолданылады. 


жүктеу 5,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау