82
жерлер пішіні де дәл кескінделеді. Ал ұзындықтың масштабы
картаның кез келген нүктесінде барлық бағытта да бірдей мөлшерде
сақталады. Неғұрлым аумағы үлкен географиялық объектілердің
ауданы қатты бұрмалануға ұшырайды.
Тең аралықты проекциялардағы картада ұзындықтың масштабты
тек канa бір басты бағыт бойынша, тек параллель – немесе мередиан
бойымен ғана сақталады. Бұрыштар мен ауданнын бұрмалануы
соншалықты байқала бермейді.
Еркін проекциялардағы карталарда бұрыштар мен ауданның,
ұзындықтың бұрмалануы аз мөлшерде картаның кез келген нүктесінде
кездеседі.
Географиялық
объектілерді
жазықтыққа
көшіру
үшін
пайдаланылатын көмекші геометриялық беттердің түріне және
картографиялық тордың ерекшелігіне қарай проекциялар: цилиндрлік,
конустық және азиммуттық деп бөлінеді.
1-сурет. Проекциялар
18.1 Цилиндрлік проекция
Цилиндрлік проекциялар – параллельдер (альмукантараттар)
параллель түзулер болып, ал меридиандар (вертикальдар) параллельдерге
(альмукантараттар) перпендикуляр тең қашықтықтағы түзулер болып
бейнеленетін картографиялық проекциялар. Цилиндрлік проекцияда
параллельдер мен меридиандар көп жағзайда бір- біріне тікбұрыш
жасап орналасады. Цилиндрлік проекциялар дүниежүзілік карталардың
барлық түрін жасауда кеңінен пайдаланылады.
83
1. Тура жанама цилиндрдегі квадраттық цилиндрлік проекция.
Осы проекция перспективті емес проекция, оны құру кезінде
меридиан бойындағы масштабы бас масштабтардан ерекшеленбеуі
керек. Бұл жағдай қиылысқан кезде дұрыс және шамасы бірдей
квадраттар құрайтын өзара перпендикуляр сызық тура тор құру
арқылы
жүргізіледі.
Алынған
картографиялық
тордың
бұрмаланушылықтары болуы мүмкін. Барлық түрлерінің нольдік
бұрмалану сызығы – экватор; Сызықтардың бас масштабы сақталады.
2. Тура қиып өтетін цилиндрдегі тік бұрышты цилиндрлік
проекция. Бұл проекцияның алдынғысынан ерекшелігі бұның бас
масштабы ендікті қиып өтетін паралель сақталады. Осы проекцияда
құрылған әлемдік карта квадраттық проекцияға қарағанда
бұрмаланушылық аз болып келеді. Проекция ежелгі грек философы
Анаксимандр мен жасалған. Қазіргі кезде кейбір әлемдік карталарды
жасауда қолданылады.
3. Жанама цилиндрдегі Меркатордың қалыпты тең бұрышты
цилиндрлік проекциясы. Оның негізінде тең бұрыштылық қасиет
жатыр. Барлық басқа түрлерінің нольдік бұрмалану сызығы – экватор
болып келеді. Экватордан ұзарған сайын бұрмалану көбейеді.Бұл
перспективті емес проекцияны 1569 жылы Герарк Кремер жасады.
Бұл проекциялар теңіз карталарын жасау үшін кеңінен қолданылады.
Өйткені картографиялық проекцияға картографиялық тор кез-келген
бағытта локсодромиялы тура сызық етіп көрсетеді.
4. Н.Н. Урмаевтің қалыпты еркін цилиндрлік проекциясы. Бұл
проекцияны Урмаев 1949 жылы жасады. Онда меридиан паралель
арасында аралықтар экватордан бастап өседі, бірақ Меркатор
проекциясы сияқты созылмайды, соның арқасында ауданы аз
бұрмаланады. Қасиеттер жиынтығы бойынша бұл еркін проекция
жиынтығы болып келеді. Осы салынған проекцияда сызылған
карталарда сағаттық белдеулер қолданылған.
5. М.Д. Соловьевтің қисық еркін проекциясы. Бұл проекцияда
картографиялық тор қисық қиып өтетін цилиндрдегі есептеулер
арқылы құрылады. Қиып өту сызығы немесе шар бетіндегі кіші
шеңбер бойынша 100 градус батыс бойлық қиылысу нүктесінде 60
градус солтүстік ендік паралель жанасады. Цилиндр осі глобус осімен
15 градус бұрыш жасайды.
Нүктелердегі масштабтар мен бұрыштардың бұрмаланулары тек
қана ендікке (зениттік кашықтыққа) байланысты, сондықтан олардың
изоколдары параллельдермен сәйкес келетін түзулер түрінде болады.
Цилиндрлік проекциялар, әдетте, үлкен шеңбер доғасын бойлай
созылған аумақтардың карталары үшін қолданылады.
84
Жасаушыны (түзу немесе қисық сызықты) тұрақты осьтен
айналдырғандағы қозғалыс траекториясынан пайда болатын беттерді
айналу беттері деп атайды. Жасаушының әрбір нүктесі центрі осьте
болатын шеңбер сызады. Бұл шеңберлер параллелельдер деп аталады.
Ең үлкен параллель экватор, ал ең кіші параллель мойын Айналу осі
арқылы өтетін жазықтықтың айналу бетімен қиылысу сызығы
меридиан болады. Ось арқылы өткен қиюшы жазықтық деңгейлік
болғанда ,айналу бетімен қиылысуының проекциясы басты меридиан
болып шығады. Айналу беттері, өздерін құрайтын геометриялық
фигуралардың проекцияларымен бір мәнді анықталатындай болу
керек. Сондықтан көпшілік жағдайда айналу денелерін олардың
осьтерінің проекцияларымен басты меридианы, ал екіншісінде
экваторы көрсетеді.
2-сурет. Цилиндрлік проекцияның құрылуы
Проекциялаушы түзулер айналу денесінің кенер сызығы арқылы
өтіп, денені қаусыра орап өтетін проекциялаушы бет құрайды. Бұл
проекциялаушы беттің проекция жазықтығымен қиылысуынан әлпет
шығатынын білетінбіз. Осыдан әлпеттің кенер сызығының проекциясы
екенін көреміз. Дененің фронталь әлпеті басты меридианмен
беттеседі, ал горизонталь әлпеті экватор сызығының горизонталь
проекциясында жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |