тоқталу керек. Мысалы: Қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың
өмірі мен шығармашылығы. Мен оқушылардан Абай туралы не
білетіндіктерін сұрастырамын. Одан кейін Абай өмірбаянын оқушыларға
қарапайым түсінікті тілмен әңгімелеп беремін. Әңгімемді ең алдымен Абай
өскен ортаны сипаттаудан бастап,оның балалық шағы,қазақтың халық
поэзиясының жас ақынға әсері, әке ықпалымен ел ісіне араласуы, әке арманы,
Абайдың әке жолымен жүрмеуін айтып және Абайдың ақын ретінде
қалыптасуына ауысамын. Осы тұста мен Абай мүсінінің үлкен суретін
көрсету арқылы мынадай ой қозғаймын:
•
Артына өшпес мұра, қымбат қазына қалдырған Абай соқтықпалы
заманда мыңмен жалғыз алысты.
•
Мына мүсінде ұлы ақын сонау алысқа тебірене қарап шын жүрегімен
біздің бақытты заманды сезіп, тыныштық тауып тұрғандай.
Осылай басталған сабақ өзінің эмоциялық күшімен оқушылар
санасына жақсы әсер қалдырады. Өмірбаянды өту цифрлар жиынтығының
тізбегіне айналмауы керек. Сондықтан да ақын- жазушылар өмірінен
хронологиялық кесте жасаған кезде жазушы өмірінен тәрбиелік мәні бар
материалдарды таңдап алуға оқушыларды дағдыландырған дұрыс. Мұндай
жағдайда оқушылар ақын өміріне ойлана үңіледі, оның қоғам дамуына,
қоршаған ортаға көзқарасын анықтауға талпынады.
Сабақ соңында оқушыларға келесі сабаққа дайындалу ретінде бүгінгі
сабақпен ұштастыра отырып әр түрлі тақырыпта сілтемелер беремін;
Мысалы:
•
Абай өмір сүрген қоғамдық орта.
•
Ақынның адамгершілік қасиеттерді дәріптейтін шығармалары;
Әдебиет сабағынан берілетін теориялық ұғымдар әдебиет тану ғылымында
әдебиет теориясы атқаратын қызметтің зор екендігін көрсете алуы керек.
Оқушы өзі оқып шыққан шығарманың оқиғасын ғана қызықтап, оның
көркемдік әрін жете танымаса, жазушының шебер жасалған бейнелеріне,
суреттеріне сүйсінбей, құр талғамсыз оқыған болса, онда мұндай оқудың
берері аз болады. Сондықтан мен өтілетін шығарманың мазмұнын ғана
ұғындырып қоймай, оқушыларды ондағы кейіпкерлер дүниесіне үңілуге,
олардың іс-әрекет, қылықтарына өзінше баға бере білуге, сондай-ақ
қаламгердің қиялымен жасалған әсерлі суреттеріне, тамаша тапқырлықпен
жасалған ұшқыр теңеу, эпитеттеріне, халық тілінің байлығына шын сүйсіне
білуге баулимын. Осылай өте отырып, көркем шығарманың құнды қасиетін
белгілі шамада жас ұрпақ бойына сіңіре аламын деп ойлаймын. Оқушының
әдебиет теориясынан белгілі дәрежеде білімінің болуы- пән мұғалімінің естен
шығармайтын өзекті мәселелерінің бірі. Әдебиет теориясынан көбірек
хабардар болса, оқушылар көркем әдебиетті де жақсы түсініп оқиды. Бірақ,
теориялық мәліметтерді жеке дара түсіндіріп, оны көркем мәтіннен бөліп
алып оқытудың оқушыларға берері шамалы.
Сондықтан да теориялық ұғымдарды көркем шығарманы оқып талдау
үстінде өткен жөн. Сонымен бірге ол ұғымдарды көрнекі құралдарды
пайдалану арқылы түсіндірген ұтымды болады. Оқушылардың әдебиет
19