Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет7/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   122

арқылы  сұрақтар  дайындап,  оны  мазмұны,  стратегиясы  арқылы  жүзеге 
асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға 
оқушылар  өз  ойларымен  жауап  бере  отырып,  бұл  сұрақтар  оқушылардың 
деңгейіне сай топтастырылады немесе сұрақтардың өзін сұрыптауда «Жуан 
және  жіңішке  сұрақтар»  стратегиясын  мұғалім  жүзеге  асырады.  Осы  кезең 
бойынша  жұмыстану  арқылы  қорытынды  шығаруға  болады:  
Бұл 
технологияның келесі бір кезеңі – ой-толғаныс. Мұнда «Венн» диаграммасын 
қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге 
болады.  Осы  кезеңде  оқушылардың  тілдік  дағдыларын  қалыптастыру 
мақсатында сабақ тақырыбына байланысты яғни, пікір-сайыс өткізуге немес 
«
5  жолдық  өлең»  жаздыруға  болады.  Мұндағы  мақсат  –  оқушылардың 
өзіндік  көзқарасын  қалыптастыру.  Сол  5  жолдық  өлеңді  жазғанда  сабаққа 
қабілеті  төмен  деген  оқушылардың  өзі  3,4  сөз  тіркестерін  құрастырып  өз 
ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз деп білемін. Әрине,
 
сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді, жұмыс түрлерін қолдану мұғалімнің біліктілігі 
мен әдістемелік шеберлігіне байланысты. Әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға 
болады, бірақ мақсат біреу-ақ: қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқыту арқылы әр 
оқушының  рухани  әлемін  ашуға  тырысамыз,  оның  бойынан  суретші, 
құрастырушы  қасиетін  тауып,  шығармашылық  әлеуетін  арттыру  болып 
табылады.
 
   
Қазақ  тілі  оқушыларға  нәтижелі  үйрету  үшін  оны  оқыту  әдістемесін 
жетілдіру – бүгінгі күннің басты мәселесі. Сол себепті де оқыту процесінде 
жетістіктерге  жету  үшін  оқушыларға  ана  тіліміздің  қыр-сырын  ауызша 
сөйлеу тілін де, жазу мәдениетін де ұғындыруымыз қажет. Сондықтан оқыту 
технологияларын  оқу  мазмұнына  оқушылардың  жас  және  психологиялық 
ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынаудың маңызы зор. 
Қорыта  айтқанда,  Елбасы  Н.Назарбаевтың:  «…жаңа  технология  ағыны 
алып  келетін  өзгерістердің  бәріне  дайын  болу  керек»,  -  деген  ойын  қолдай 
отырып,  саналы,  білімді,  ұрпақты  тәрбиелеуде  ұстаздарға  сәттілік  пен 
шығармашылық табыс тілеймін. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Назарбаев  Н.  Болашаққа  бағдар:  Рухани  жаңғыру  //  Егемен  Қазақстан.- 
12.04. 2017. 
2.Инновациялық  білім  беру  үрдістерінің  мәні,  түрлері  және  құрылымы  // 
Ізденіс. – Алматы, 2005. - №3(2). 
3. Инновациялық білім беру үрдістерін жүйелі басқару үлгісінің қызметтері, 
құрылымы және технологиялары // Ұлт тағылымы. – Алматы, 2005.   №4. –
35-38-
б. 
4. Жолымбетов К. Қазақ тілін оқыту методикасы. – А.: Қазақ университеті, 
1991. - 20- 
бет. 
5. 
Оқыту процесін технологияландыру // Ақ желкен, 2000. 
 
 
14 
 


«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ЖӘНЕ «ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНДЕРІН 
КІРІКТІРІП ОҚЫТУДА КЕЗДЕСЕТІН ИНКЛЮЗИВТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ 
ШЕШУ   
 
Клышбеков Бауыржан Сайлаубекович 
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №48 орта мектебінің  мұғалімі                                                           
      
        
Инклюзивті  оқыту  дегеніміз  -  даму  мүмкіндігі    шектеулі  балаларға  
қалыпты  балалармен  бірге  білім  беру,  олардың  білім  алу  құқықтарына 
шектеу  жасамау,  олардың    конституциялық,  азаматтық  заңдарын  бұзбау 
болғандықтан,    мұғалімдердің    өз  жұмысына  өте  үлкен  жауапкершілікпен 
қарауын  талап  етеді.    Бұл  орайда  ұстаздар  қауымымен  қосымша  курстар 
өтетінін,  өз  білімдері  мен  біліктіліктерін  көтеруін  қамтамасыз  етілуі  сөзсіз. 
Менің  ойымша,    қазіргі  жағдайда,  біз,  тек  мектеп  қабырғасында,  сабақ 
барысында кездесетін инклюзивтік жағдаяттар туралы айтып отырғандықтан, 
бұл  жерде  мүгедек  балалар  туралы  сөз  айтылмайды.  Ал  егерде,  жоғарыда 
айтылған,  «үлгерімі  нашар»  оқушылармен  жұмыс  дұрыс  жолға  қойылмаса, 
біз  қолдан  «мүгедек»  жандарды  туғызған  боламыз.  Сол  себепті,  сабақ 
барысында: 

әр  оқушының    ұтымды  еңбек  етуін  қамтамасыз  ете  отырып, 
олардың  сұраныстарымен  санасу  керек,  оларға  қосымша  уақыт 
бере  отырып,  ойын  топшылауға,  басқалармен  бөлісуге 
көмектесуіміз керек.    
Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқытуда:  Тақтаға  жақын  отырғызу,  керек 
жерде мәліметтерді дауыстап айту, әр тапсырманы тиянақты түсіндіру 
және жасалу жолдарын көрсету,  көмек бере отырып, нәтижені  айқындау, 
көрнекі  құралдарды  ашық  және  тартымды  ұсыну  жұмыстары  басым 
болғаны абзал.  
       
Оқыту  қазақ  тілді  емес  мектептерде  «Қазақстан  тарихы»  пәнін 
мемлекеттік  тілде  меңгерту  өзге  ұлт  балаларының  халқымыздың  мәдениеті 
мен  тарихына  қызығушылығын  арттырып,  әлеуметтік-экономикалық 
фактілер  мен  құбылыстарды  қазақ  тілінде  танып  білуге,  талдап-қорыту 
қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Барлық деңгейде оқу процесінде көп 
тілді  білім  беру  заманауи  білім  берудің  айрықша  белгісі  болып  табылады.   
Осыған  сәйкес  мемлекеттік  тілде  ел  тарихын  оқытуға  деген  әлеуметтік 
қажеттілік туындайды. Мәдениетаралық ынтымақтастықтың дамуына ықпал 
етеді.  Сонымен  қатар,  тіл  мен  пәнді  кіріктіріп  оқытқанда,  сабақ  барысында 
мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  жетекші  қызметтерін  ұсыну,  өзіне  сенім 
арту  арқылы  жауапкершілігін  молайту,  барлық  айтылған  ойлардан 
ұтымды  шешім  қабылдай  білу сияқты қасиеттерді бойына сіңіре отырып, 
олардың белсенділігін арттырамыз. 
Тағы  бір  басты  фактордың  бірі-  өз  тәжірибемде  мектепте  «қазақ  тілі» 
пәні мен «Қазақстан тарихы» пәнін кіріктіріп оқыту кезінде  эвфемизм мен 
дисфемизм  сөздерді  дұрыс  қолдана  білу.  Мұғалімнің  мәдениеттілігі  мен 
сөйлеу  мәнері  және  осы  қасиеттерді  оқушылардың  бойына  сіңіру  қабілеті 
15 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау