жоғары болуы керек. Ол дегеніміз: Соқыр - зағип, жанары солған, нашар
көретін, Ақсақ - аяғын сылтып басатын, Саңырау, керең - құлағының
мүкісі бар, есту қабілеті нашар, Мылжың – сөзуар, Ұры - қолының
жымысқысы бар, Өсекші - аузы жеңіл, Өтірікші - қосып айтады, Топас – ісі
шала деген эвфимизм мен дисфемизм сөздерді сабақта да, күнделікті қарым-
қатынаста да орынды қолдана білу. Жаны жаралы немесе ұялшақ, момын
жанды ренжіту - оларды білімге деген талпынысы мен жігерінен айыру,
оларды білім нәрінен алыстату екенін естен шығармау керек. Олардың ар-
намысына тиіп кетпеуін бақылауда ұстай білу, әр мұғалімнің борышы деп
білемін. Бір сөзбен ақ сіз өз сабағыңызда қолданған барлық интерактивті
әдіс-тәсілдерді сызып тастайсыз, оларды жоққа шығарасыз,-деп ойлаймын.
Негізі, тұрпайы сөздің мәдениетсіздікке әкелетінін және оларды қолдану
оқушылар ғана емес, жалпы адамдар арасында дау-дамай, қақтығыс, ұрыс-
керіс туғызатынын балаларға түсіндіре, санасына жеткізе отырып, мәдениетті
сөйлеуге үйрету, тұрпайы сөздерді мәдени сөздермен алмастыру, күнделікті
сөйлеу нормасына енуін қадағалау мұғалімдер мен ата аналардың басты
міндеті деп түсінемін
Ұстаздар жаңа қоғам мүшелерін тәрбиелесе, ұстаздарды қоғам
тәрбиелейді. Ғұлама әл Фараби атамыздай, бізге біреу енкейіп сәлем берсе,
сен одан да төмен енкейіп сәлем бер, өзіңнің білімділігінді, мәдениеттілігінді
сонымен дәлелде, өз шәкірттеріне үлгі бола біл дегім келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету
арқылы қолдау туралы ҚР Заңы // 2002. - №343.
2.
Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2010.
3.ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы «Инклюзивті оқыту» әдістемелік ұсынымдары. - Астана, 2015.
4.Әдеби терминдер сөздігі.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ
ЖАҢАШЫЛДЫҚПЕН ҰШТАСТЫРУ
Амирханова Алима Имашевна
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Байысов атындағы орта мектебінің қазақ
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қоғамымыздағы қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің
оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі
технологиялары енгізіліп, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде.
Жаңа технологияны меңгеру тәрбиенің интелектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді.
16
Қазіргі кезде мұғалімнің өз шеберлігіне орай көптеген
технологияларды қолданып игеуріне болады. Атап айтсақ «Дамыта оқыту»,
«Модульді оқыту», «Деңгейлеп саралап оқыту», «АКТ», «Сын тұрғысынан
ойлау» т.б. технологияларының элементтерін кеңінен пайдалануға болады.
Бұл педагогикалық технологиялар – бала мен мұғалімнің түрленіп
отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы
құрылымы.
Осы орайда әр жеке оқушының шығармашылық кезеңі жаңалық ашуға
деген ынтамен серіктес екенін ескере отырып, өзімнің таңдаған «Әдебиет
пәнін оқытуда ұлттық құндылықтарды жаңашылдықпен ұштастыру» атты
шығармашылық тақырыбым жайлы айта кетпекпін.
Әдебиет пәнін оқытуды жақсарту – осы пән мұғалімдері үнемі көңіл
бөлуге тиісті өмір талабының бірі. Өйткені әдебиет пәні жас ұрпақты жан
сұлулығына, биік адамгершілік қасиеттерге, өмірді сүйе білуге баулиды. Ең
бастысы, әдебиет арқылы ертеңгі елінің қоғам құрылысшылары – бүгінгі
мектеп оқушыларының бойында рухани мұраттарына адалдық, адамгершілік
дүниетаным, азаматтық күрескерлік көзқарас қалыптасады. Заманауи білім
беруде де әдебиетті оқытудағы осы міндеттерге баса назар аударылған.
Төменгі сыныптарда әдебиет пәнін оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар:
оқушылардың сөздік қорының дамуына, сөйлеу тілінің жетілуіне, әдеби
талдаудың кейбір тәсілдерін меңгеруіне назар аударылса, жоғарғы
сыныптарда әдебиет пәнінің ғылыми курс жүйесімен оқытылып, жанрлық
ерекшеліктерімен танысып, оның күрделі ұғымдары жайлы мағұлмат алуына
көңіл бөлінеді. 5-сыныпта ертегілер жанр ретінде арнайы оқытылады.
Ертегілердің ішінде көркемдік деңгейі жоғары, ауыз әдебиетінің озық
туындылар қатарына жататын ертегілердің бірі –«Ер Төстік» Мен ең
алдымен оқушылар назарын ертегі компазициясының күрделілігіне,
сюжетінің шиеленісуіне, мазмұнының қызықтылығына аударамын.
Ертегідегі оқиғаның басталуы, дамуы,шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі,
адам образдарының жасалуы сияқты теориялық ұғымдар жөнінде
оқушыларға мәлімет беріледі. Содан кейін ертегінің тақырыбы әңгімеленеді.
Ертегі кейіпкерлері көпшілігінің қиял-ғажайыптық сипаттағы бейнелер
екенін пайымдай келіп, оқушылар ертегілердің қиял-ғажайып түрі дегеннің
не екенін біледі.
Мен ертегі кейіпкерлерін сипаттай келіп, оның идеясына байланысты
оқушыларға бірқатар түрткі сұрақтар қоямын:
-
Ертегінің негізгі идеясы нені білдіреді?
-
Ертегінің негізгі идеясы – адам баласына қастық жасаушы жауыздық
күштерге қарсы күресу, оларды қарапайым адамның қалайша жеңгенін
көрсету.
-
Оқиға қай кейіпкерлердің төңірегіне құрылған?
-
Әйелдердің де ерлер тәрізді халық алдындағы өз борыштарын атқара
алатындығын ертегіден қалай байқауға болады?
Ұзын сонар баяндау, көп сөз оқушыларды жалықтырады. Сондықтан
мен
сабақтың танымдық сапасын арттыру үшін көрнекті құралдар мен
17
Достарыңызбен бөлісу: |