Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет14/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   122

бағдарламасының  бөлімдерін  (ортақ  тақырыптарын  және  белгілі  бір  оқу 
кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі 
туралы  ақпарат  алу  мақсатында  балл  және  баға  қою  арқылы  өткізіледі. 
Дескрипторлар-  оқытудың  міндеттерін  жүзеге  асыратын  өлшемдер, 
оқушылар  жұмыс  барысында  орындайтын  іс  –  әрекеттер  тізбесі  Жиынтық 
бағалауда  барлық  критерийлер  барынша  қолданылуы  керек.  Критерий 
оқушының  жас  ерекшелігіне,  бағдарламаға  сай  алынады.  Әрбір  жетістік 
ұпаймен және дескриптор арқылы белгіленеді.  
Қалыптастырушы  бағалау  және  жиынтық  бағалау  барлық  пәндер  бойынша 
қолданылады. 
– 
Білім беру бағдарламаларын жаңартудың басымдықтары; 
– 
Ұлттық  тілінде  оқытатын  мектептердегі  қазақ  тілінің  оқу  бағдарламасын 
жаңартудың 
мақсаты; 
– 
Спиральді оқу бағдарламасы; 
– 
Қазақ тілін оқытуда қолданылатын оқыту тәсілдері; 
– 
Белсенді оқу, белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі; 
– 
Қазақ тіліндегі тілдік дағдылар; 
Критериалды  бағалау  қағидаттары  тақырыптарында  әріптестермен 
бірлескен  білім  ортасында  жаңа  бағдарламаны  талдап,  талқылап, 
тәжірибемен  бөлісу  арқылы  кәсіби  тұрғыдан  шыңдала  түсуімізге  көп 
ықпалын тигізді. 
Жаңа  2016  -  2017  оқу  жылында  мектебімізде  қазақ,  орыс  тілінде  1 
сыныптар  бастауыш  білім  берудің  жаңа  мемлекеттік  стандарты  бойынша 
оқытылуда.  «Жаңартылған  бағдарлама  –  білім  берудің  жаңа  мазмұны» 
аясында қазақ тілі пәнінен «Мақта қыз бен мысық» тақырыбында ашық сабақ 
өткіздім. 
 
 
ЖАҢАРТЫЛҒАН  БАҒДАРЛАМАНЫ  ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 
ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН  ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-
ТӘСІЛДЕРІ 
 
Шаймагамбетова А.Б. 
Алматы облысы,  Іле ауданы, №38  гимназиясының 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
       
Бүгінгі таңда білім беру ісіне ерекше көңіл бөлініп, қолға алынып отыр. 
Соған сәйкес білім саласына заман ағымына сай жаңа бағдарламалар,   жаңа 
технология әдіс-тәсілдері енгізілуде.  
     
Осы  орайда,  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев:  «Білім  беру  реформасы  – 
Қазақстанның  бәсекеге  нақтылы  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік 
беретін  аса  маңызды  құралдардың  бірі»,  –  деп,  білім  беру  жүйесінде 
жүргізіліп жатқан реформалар бүгінгі күннің талабынан туындап отырғанын 
атап  көрсетті.  Қазіргі  таңда  қоғамда  түрлі  экономикалық-әлеуметтік 
реформалар  жүріп  жатыр.  Осыған  орай,  мемлекет  тарапынан  білім  беру 
28 
 


салаларын  реформалауға  көңіл  бөлінуде.  Жаңартылған  білім  беру 
бағдарламасының  негізгі  мақсаты  -  білім  мазмұнының  жаңаруымен  қатар, 
критериалды  бағалау  жүйесін  енгізу  және  оқытудың  әдіс-тәсілдері  мен 
әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен 
жаңартылған  білім  жүйесі  құзыреттілікке  және  сапаға  бағытталған 
бағдарлама.  
     
Оқушыларды  Отанын  сүюге,  адамгершілікке,  ізгілікке  баулу  – 
ұстаздардың  парызы.   Ол  үшін  мұғалім  қазіргі  заманға  лайық  өз  пәнін 
меңгертуде   рухани,  шығармашылықпен  жұмыс  істеп,  өмірге  еніп  жатқан 
жаңа реформаны, технологияны меңгерген, білімі мен білігі жоғары деңгейде 
болуы шарт.  
      
Қазақ тілін оқытудағы басты мақсат – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық 
деңгейде  қызмет  атқара  алатын,  дүниетанымы  жоғары,  жан-жақты 
қалыптасқан  тұлға  тәрбиелеу,  оқушылардың  өзара  белсенді  әрекеттер 
арқылы  өздігімен  білім  игеру,  оны  іздену,  құрастыру,  ой-өрісін  кеңейтуде 
ауызша сауатты сөйлеу мен жазба тіл мәдениетін дұрыс қалыптастыру болып 
табылады.  
   
Тұлғаның  қалыптасуына  қажетті  басты  құрал  –  тіл.  Тілді  дамыту  – 
еліміздегі  мемлекеттік  саясаттың  ең  басты  бағыттарының  бірі.  Сондықтан  
оқушыларды қазақ тіліне қызықтыру және мемлекеттік тілді еркін меңгерту  

бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесінің  бірі  болғандықтан,  жаңартылған 
бағдардама  аясында  қазақ  тілін  оқытудың  тиімді  әдіс-тәсілдерін  ұсынып 
отырмын.   
   
Мәселенің туындау себебі: 
 
Қазақ тілінде еркін сөйлей алмау; 
 
Оқушылардың тілдік қорының аздығы; 
 
Жаһандануда қазақ тілінің қолданыс аясының тарылуы; 
 
Оқушылардың шет тілдерге еліктеуі, орыс тіліне бейімділік; 
 
Ақпарттарды өзге тілде алу. 
Мәселенің өзектілігі: 
 
Тілге деген қызығушылығы артады; 
 
Сөздік қоры бай адам айналамен жақсы қарым қатынаста болады; 
 
Өз ойын толық жеткізеді; 
 
Айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдылары  қалыптасады. 
Мәселенің мақсаты: 
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабақтарында  жаңартылған  бағдарламаға  сәйкес 
интербелсенді әдістерді пайдалана отырып: 
 
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру; 
 
Білім көкжиектерін кеңейту; 
 
Өз пікірі бар, сауатты оқушыны  дайындау; 
 
Ұлттық  мәдениет пен әдебиетті, тарихты құрметтеуге  тәрбиелеу; 
 
Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру көзделеді. 
Күтілетін нәтиже: 
 
 
Қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдысы қалыптасқан; 
 
Өз ойын еркін жеткізе алатын; 
29 
 


 
Айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдылары  қалыптасқан; 
 
Тілдің қоғамдағы маңызын түсіне алатын; 
 
Эстетикалық талғамы жоғары; 
 
Рухани   дүниесі бай жеке тұлға тәрбиелеу. 
 
Нәтижеге жету жолдары: 
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 
• 
Бірінші ереже. Сыныпты  жұмысқа дайындау. 
• 
Екінші ереже. Топқа бөлу.  
• 
Үшінші ереже. Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау. 
• 
Төртінші ереже. Жұмыс ережелерін қабылдау. 
• 
Бесінші ереже. Сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру. 
• 
Алтыншы ереже. Барлық үйренушілер жұмысқа қатысуы керек.  
• 
Жетінші ереже. Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалуы керек.  
• 
Сегізінші ереже. Жазбаша жұмыстар. 
• 
Тоғызыншы ереже.  Кері байланыс. 
Сабақ барысында:  
 
Миға шабуыл 
 
Автор орындығы 
 
Ыстық орындық  
 
Уақыт тізбегі  
 
Хикая картасы 
 
Балық қаңқасы 
 
Дара  диаграмма 
 
Буриме 
 
INSERT 
 
Аквариум 
 
Пікірталас,  дөңгелек  үстел,  диалог,оқушы  тұлғасының  үйлесімді 
қолайлы  білім  беру  ортасын  құра  отырып  сын  тұрғысынан  ойлау,  зерттеу 
жұмыстарын  жүргізу,  тәжірибе  жасау,  АҚТ  –ны  қолдану,  коммуникативті 
қарым-қатынасқа  түсу,  жеке,  жұппен,  топта  жұмыс  жасай  білу, 
функционалды  сауаттылықты,  шығармашылықты  қолдана  білуді  және  оны 
тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдері:  
      
Жаңартылған бағдарлама негізінде қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері: 
 
оқушылардың қызығушылығын туғызады; 
 
әрқайсысының оқу үрдісіне қатысу белсенділігін кеңейтеді; 
 
әрбір оқушының сезіміне назар аударады; 
 
оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді; 
 
оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді; 
 
кері  байланысты  (аудиторияның  жауап  беру  реакциясын)  жүзеге 
асырады; 
 
оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады; 
 
өмірлік машықтарды қалыптастырады; 
 
мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі. 
Қазіргі уақытта оқу сабақтары барысында жаңартылған бағдарламаның 
жүзеге  асыру  шеңберінде  оқытудың  интербелсенді  әдістері  және 
30 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау