бағдарламасы, оқу жоспары, критериалды бағалау басшылығы, үлестірме
материалдарға негізделеді. Әр мұғалім тиімді оқу мен оқыту тәсілдерімен
таныса отырып, өзінің педагогикалық қызметіне белсенді оқу қағидаттарын
енгізеді. Оқу мен оқытудағы әр іс-әрекет мақсатқа жетуге бағытталатынын
түсінді. Егер ұстаз тәжірибесінде үйреніп жатқан белсенді әдіс-тәсілдерді
тиімді қолдана білсе, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері
дамып, білімнің қажеттілігін түсінеді. Яғни, «Не үшін?», «Қалай?»,
«Неліктен?» деген сұрақтарға жауап іздей бастайды. Жаңартылған білім
берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру
ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын
жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым–
қатынасқа түсу, жеке, топта жұмыс жасай білу, функционалды
сауаттылықты, шығармашылықпен қолдана білу. Жаңартылған білім беру
бағдарламасының ерекшелігі: спиральді қағидатпен берілуі. Әрине,
жаңашылдық болғаннан кейін қиындықсыз болмайды. Үйренгеніміз де,
үйренеріміз де көп. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. Қай кезеңде,
қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім
саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап
етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін,
алдағы өмір жолын
өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында. Жаңа бағдарлама
мұғалімдерге қазіргі заманға оқыту әдістерін жеті модуль арқылы ұсынады.
1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. 2. Сыни тұрғыдан ойлауға
үйрету. 3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау. 4. Білім беруде
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаоану. 5. Талантты
және дарынды балаларды оқыту. 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай
білім беру және оқыту. 7. Білім берудегі басқарушы және көшбасшылық.
«Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға –
мұғалім», – деп бекер айтылмаған. Бала оқыту жүйесінде мұғалімдерге үлкен
міндет жүктелетіні айдай анық. Сол міндетті абыроймен атқару үшін күні-
түні іздену, әлемдегі озық әдіс-тәсілдерді барынша мектеп өміріне ендіру –
ұстаздар үшін парыз. Сонда ғана елбасымыз айтқандай озық және бәсекеге
қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құра аламыз деп ойлаймын.
ЖАҢАЛЫҚҚА БАСТАҒАН ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА
АЯСЫНДА ОРЫС СЫНЫПТАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ
Кауменова М.Т.
Алматы облысы, Іле ауданы, №38 гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру
бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын
қанағаттандыратын тың бағдарлама. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам
басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр – сырын зерттей бастаған
сәтімде арнайы курсқа баруым бағдарлама туралы туындаған сұрақтарымның
26