Ол үшін мына сияқты жұмыстарды жүргізуге болады.
1. Берілген сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарын
тапсыру. Мысалы:
-
адам, өсімдік, жануар, алтын су;
-
қызық, жазық, әдемі, үлкен, үш бұрышты;
-
ойлану, жүгіру, сөйлеу, кебу.
Окушылар үш топқа бөлінген сөздердің лексикалық мағынасын ашып
отырып, бірінші топтағы сөздердің зат атауы екенін, екінші топтағы
сөздердің заттың белгісін, сынын білдіретін үшінші топтағылар қимылды
білдіретінін анықтап зат есім, сын есім, етістікке жататынын түсіндіру тиіс.
Сол сияқты лексикалық мағынаны сөздің жасалу жолына, қолданылуына,
шығу тегіне қарай ажырату да грамматикамен тығыз байланысты жүргізіледі.
2. Түбірлес сөздердің қай сөз табына жататынын анықтау
1) келісім, келісті, келіншек, келді.
2) орын, орынша, орындық, орынды.
3) адам, адамдық, адамгершілік, адамды.
Мұндай жаттығу барысында лексикалық мағынамен грамматикалық
мағынаны ажырататын олардың өзара байланыстылығын ажырата білуге
дағдылана бастайды.
Грамматикамен байланысты жүргізілетін жаттығудың тағы бір түрі
сөздің түрлену барысын немесе сөз жасау барысындағы айырмашылықтарын
ажырату болып табылады. Мысалы: белгілі бір сөзге септік, тәуелділік,
жіктік жалғауларын жалғау арқылы лексикалық мағыналарын салыстырып
көруге болады. Оқушылар былайша түрленген сөздердің лексикалық
мағынасы сақталып, грамматикалық мағынасында өзгерістер пайда
болғанына көз жеткізеді. Бұл айтылған жаттығу түрлері оқушылардың
лексикалық мағынаны грамматикалық мағынадан ажыратуға көмектеседі,
сөйтіп сөздердің қолданыс аясын жақсы меңгеріп, практикалық дағдысы
артады, жазу мәдениеті жіктеле түседі.
Ал стилистика саласымен байланысты лексикалық жаттығулар сөзді
таңдап қолдануға, айтылатын ойға лайық сөйлем құра білуге үйретеді. Бұған
байланысты жүргізілетін жаттығу жұмыстары:
Берілген сөздер мен сөз тіркестері қандай лексика-семантикалық топтарға,
қайсысы қандай әдеби тіл стильдеріне жатады. Мысалы,
1) балалар - балдар, тыныш - тиыш.
2) бал - балақай, келін - келіншек, әке – әкей.
3) шалбар - сым,
көйлек - жейде, өңшең - ылғи - кілең.
Ал, орфографиямен байланысты жүргізілетін жаттығулардың да өзіндік
орны, ерекшелігі бар. Өйткені оқушылар сөз байлығын игерумен бірге оның
дұрыс жазылу жолын да саналы түсінуі керек. Ол үшін оқушылардың сөз
қолдану, жазу дағдысын қалыптастырып, әр түрлі жаттығу жұмыстары
жүргізіледі. Ауызекі сөйлеу мен жазба стильдерін , айырмашылықтарын
ажыратып, әдеби тіл нормасын игеруге дағдылана бастайды. Бұл сияқты
жаттығудың мына сияқты түрлері жүргізіледі:
232