Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет115/122
Дата04.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2913
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   122

перспиктиваларын  көрмей  тұра  алмайды.  Даму  үздіксіз  жүреді,  ойлау, 
қорытынды  шығару  үрдістері  қалыптастырады.  Мектепте  оқыту  баланың 
жан-жақты  дамуын  қамтамсыз  етеді  және  ол  бала  дамуының  негізі  болып 
табылады. Сондықтан оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс болады.  
Бастауыш  саты  -  оқушыда,  оның  интелектісі  дамуының  іргетасы 
танымдық  әрекеті  қалыптасуының  куатты  жүретін  кезеңі.  Танымдык 
түрлерін  меңгеру  оқушы  ойын  тәртіптеп,  оның  белгілі  бір  бағыты  жүйелі 
«арнамен  жүруін»  қамтамасыз  етеді;  жеке  тұлғаның  негізгі  психикалық 
үрдістері  қалыптасып,  ырықты,  зейін,  рефлексия,  өзін-өзі  бақылау,  әрекет 
амалдың ішкі жоспары сияқты нысандар пайда болады. Оқушы әр түрлі оқу 
тапсырмаларын  өздігінен  шешіп  орындаудың  ортақ  тәсілдерін,  өз  әректін 
бақылап  бағалаудың,  нәтижесін  эталонмен  салыстыруды  меңгереді. 
Бастауыш  мектеп  жасындағы  баланың  биологиялық,  әлеуметтік  мәдени, 
педагогикалық  ерекшеліктері  мен  белгілері  танымдық  әрекеттің 
қалыптасуында басты назарда ұсталады. 
Бала дүниеге келгеннен бастап, оның танымдық әрекетінің қалыптасуы 
үздіксіз  жүріп  отырады.  Мектепке  дейінгі  шақтың  соңында  баланың 
психикасы  мектепте  оқи  бастауға  қажетті  және  жеткілікті  даму  дәрежесіне 
жетеді. Мәселен, жеті жастағы балаға: 
1. Сөйлеудің даму дәрежесі, сөз қоры, белсенді және пассивті сөздігі қажет; 
2. Қоршаған дүние жайлы үғымдар қажет; 
3.  Қажетті  іс-әрекет  жайлы  икемділігі  мен  дағдылырының  (қарындашты 
ұстай білу, желімдеу, кесу, сурет салу) дамуы; 
4. Іскерлікке өзін жеге білу үстінде көрінетін бала еркінің дамуы, күрделігіне 
қарамастан  берілген  тапсырмаларды  ынталана  орындауы,  мұғалім  қоятын 
талаптарға бағынуы тән. 
Мектепке  келген  кезінен-ақ,  балада  ақыл-ой  әрекеті  сияқты  аса  маңызды 
қабілет  қалыптасады.  Бұл  қабілет  оқи  білуге  үйрену  ынтасынан  көрінеді. 
Окытудың  алғашқы  қадамдарынан  бастап  мектеп  осы  қабілетті  жан-жақты 
дамытып, әрі жаттықтырып отыруға тиіс.  
Бастауыш  мектепте  баланың  бүкіл  психикалық  әрекетін:  зейін,  қабылдау, 
есте  сақтау  мен  есте  қалдыру,  ойлау,  бақылау  әрекеттерін  реттеп  отыру 
арқылы анымдық әрекеті қалыптасады. 
Бастауыш  сынып  оқушыларының  маңызды  тағы  бір  ерекшелігі  - 
оларды эмоционалдық көңіл-күйінің көтеріңкілігі. Жарқын айтылған бір ауыз 
сөз,  көрілген  фильм,  оқылған  кітап  не  әңгіме  балаларды  баурап  алады, 
олардың жан сарайында жаңғырық тудырады. Бұл жастағы балалар айтқанға 
оп-оңай  көнгіштігімен  ерекшеленеді,  олар  ересек  адамдардың,  әсіресе, 
мұғалімнің тәрбиелеу ықпалына тез беріледі. 
Бастауыш  сынып  оқушылары  әдетте  әр  түрлі  тапсырмаларды  ұқыпты 
орындайды, іс үстінде зор табандылық көрсетеді. Тапсырмалар беру жүйесін 
қүру,  оның  орындалу  сапасын  бақылау,  қол  жеткен  табыстары  үшін 
балаларды  мадақтап  отыру  жолымен  танымдық  әрекетті  қалыптастырудың 
маңызы зор. 
247 
 


Баланың өз мінез-құлқына, өз ақыл-ой әрекетіне ие болуы осы әрекет 
тәсілдерін меңгеру үрдісінде өтеді. Сондықтан мүғалімнің міндеті бастауыш 
сынып  оқушысына  оқу  жұмысының  неғүрлым  жетілген  әдістерімен 
мұғалімді тыңдай білу, бақылау, оқулықты оқи білу, мән-мағына есте сақтау, 
оқылған  нәрсені  есте  қалдыру,  жатқа  білу,  есептерді  талдап,  шешу, 
дәптердегі  оқу  материалына  ынта  қою,  тағы  осылар  сияқты  әдістерімен 
қаруландыру керек. 
Бастауыш білім алу үрдісінде оқушылар дұрыс, еркін, тез әрі түсінікті 
оқуға,  өз  ойларын  ауызша,  жазбаша  дұрыс  қорытуға,  мазмұндауға, 
арифметикалық есептер шығаруға бауланады, оларға табиғат жөнінде кейбір 
түсініктер беріледі. Оқу барысында балалардың көркем өнерге деген ынтасы, 
өнерге  деген  ықылысы,  сүйіспеншілігі  артады,  шығармашылық  қабілеті, 
музыкалық  сезімі,  эстетиканы  (көркемдікті)  сезіне  білу  қабілеті  дамиды. 
Баланың  ғылыми  мәліметтерді  ұғып  алуға  ынталануы,  ойлану 
операцияларын  игеруі  оның  ойлау  қабілетінің  басты  ерекшеліктеріне 
айналады  да,  ол  қажетті  білімдерді  меңгере  бастайды.  Бастауыш  білім  алу 
үрдісінде жасөспірімнің одан әрі білімін жетілдіре беруіне негіз салынады. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Өмірбекова Қ.Қ., Оразаева Г.С., Төлебиева Г.Н., Ибатова Г.Б. Алматы: 
Дәуір, 2011. — 648  
2. 
Омирбекова  К.К.,  Тулебиева  Г.Н.,  Коржова  Г.М.,  Оразаева  Г.С. 
Логопедия негіздері. Алматы: Нұр-принт, 2014. – 64 б 
 
 
ҚАЗАҚ  ТІЛІ  САБАҒЫНДА  ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ФУНЦИОНАЛДЫҚ  
САУАТТЫЛЫҒЫН  ДАМЫТУ 
 
Куракбаева А.Р. 
Алматы облысы, Райымбек ауданы, 
С.Серкебаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
      
Функционалдық  сауаттылық  дегеніміз адамдарды әлеуметтік,  саяси  
және    экономикалық    қызметтерге    белсене    араласуы,  яғни    бүгінгі  
жаһандану    дәуіріндегі    заман    ағымына,  жасына    қарамай    ілесе    отырып, 
адамның  үнемі  білімін  жетілдіріп  отыруы. 
      
Функционалдық    сауаттылықтың  бір  түрі-  оқу    мен    жазудағы  
сауаттылық.  Қазақ    тілі    сабағында    оқу    мен    жазудағы    сауаттылықты  
арттыруда    басты    мақсат    етіп    алатын    не    нәрсе    екенін    және    оның  
нәтижесінің  қандай  болатындығына  тоқталғым  келеді. Күнделікті  сабақта  
оқушының    дұрыс    сөйлей    білуін    басты    назарда    ұстай    отырып,    оның  
сөйлемдер  мен  сөздерді  өз  орнымен  дұрыс  құрастырып  қолдана  білуіне  
ден  қоя  отырып, оның  сабақта  ойын еркін  жеткізе  білуіне  ықпал  жасау. 
Осыны  қадағалай  жүріп, баланың  өз сөзін  сауатты  жаза  білуі  үшін  оны  
сауатты  оқуға  үйрету. Баланың  кез  келген  мәтінді  ежіктеп  оқуы  оның  
248 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау