Баласағұндың «Құтты білік» поэмасының тілін, қазіргі ұйғыр тілін (1996,
2006), Дилнур Қасимова ұйғыр тілінің Қазақстандағы қызметін және оның
қолдану формаларын (1995), Гүлниса Нәзәрова қазіргі ұйғыр тіліндегі
дәрілік өсімдіктер аттарын, Бахамова Адаләтбүви Қазақстан ұйғырлары
арсындағы лақап аттарды (2004), Шәмшидин Аюпов ұйғыр тіліндегі
қолөнер лексикасын (1998) зерттеп, сол тақырыптар бойынша өздерінің
ғылыми еңбектерін жазды.
Өкінішке орай кейінгі жылдары ұйғыр тіл біліміне келген жастар саны
онша көп емес. Бұл жерде біз профессор Т.
Талиповтың шәкірті
Х.
Масимованың (2005), профессор Р. Авакованың шәкірттері Р. Бавдинов
(2006) пен А. Қурванбақиеваның (2009), профессор В. Махпировтың шәкірті
Д. Турдиеваның (2010) есімдерін ғана атап өте аламыз.
Қорытынды. Түркологияның үлкен тармақтарының бірі болған ұйғыр
тіл білімі саласының ғылыми негізде қалыптасып, дамуына Ресей кейіннен
Совет ғалымдарының үлесі үлкен болды. 1950 жылдардан бастап
ұйғыртанудың орталығы Қазақстанға ауысты. Ғ. Садвақасов, Ә. Қайдар, Т.
Талипов секілді ғалымдардың қажырлы еңбегі арқсында ұйғыр тіл білімі
үлкен жетістіктерге жетті. Ұйғыр тілінің екі томдық алғашқы академиялық
грамматикасы жазылды. Кейін бұл еңбек қытай тіліне аударылып, Пекинде
басылған болса, арап жазуына көшіріліп Үрімжіде жарық көрді.
1980-
2010 жылдар аралығында қорғалған ұйғыр тілі бойынша он үш
кандидаттық диссертацияның оны лексикологияға қатысты болған. Бұл
кейінгі ұрпақ ғалымдарының ұйғыр тілінің сөздік қорын терең, жан-жақты
зерттеуге ерекше көңіл бөліп жатқанының белгісі болса керек.
ТІЛ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА – БІЛІМ
БЕРУДІҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫ МЕН МҰҒАЛІМНІҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ, КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ШЫҢДАУ
Орманбекова Л.Ж.
«
Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», «Инновациялық
технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерін оқыту
әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы
Бүгінгі таңда елімізде жалпы білім беру мазмұны жаңа бағыт пен жаңа
арнаға бет бұрды. Бұл -
білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен
дамыту үдерісі, бұл білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және алынған
нәтижелерге бағытталған өзгерістер.
Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация»
атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып
барамыз», - деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім
беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені
түсінікті. Қоғамдағы жүріп жатқан өзгерістер, ғылыми техникалық прогресс
222