Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 287,95 Kb.
Pdf просмотр
бет8/9
Дата20.05.2018
өлшемі287,95 Kb.
#15270
1   2   3   4   5   6   7   8   9

19 

 

жағдайда  анықтаманы  немесе  ережені  хабарлап,  сонан  соң  нақты  материалға 



қолдануды 

ұсынады, 

өздеріне 

мысал 


келтіреді. 

Мұндай 


жолмен 

ұйымдастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті әдіс деп аталады.  

Қандай  әдіс  болмасын  әртүрлі  құралдар  арқылы  іске  асады.  Құралдар: 

оқулық,  сөздік  схема,  картина,  таблица,  кинофильм,  диафильм,  радио, 

магнитофон, т.б. бұл  құралдар өтілетін материалдың сипатына қарай кез-келген 

әдісте қолданыла береді. 

 

Мектепке дейінгі  балалардың тілін дамытуға үйрету заңдылықтары  

 

Бірінші 



заңдылық 

      Тілді  ұғыну  барысында  адам  фонологиялық,  грамматикалық  және 

лексикалық    мағыналарды  меңгереді,.  Балалар  тілдің  фонологиялық 

мағынынасын,  әдеби  тілдің  орфоэпиясын  мектепке  дейін  меңгереді.  Ана 

тілінің  грамматикалық  мағынасымен  де  балалар  мектепке  дейін  танысады. 

Тілді  ұғыну  дегеніміз  –  ана  тілінің  фонологиялық,  грамматикалық  және 

лексикалық фактілерімен балалардың тіл байлығын арттыру. 

Әдістемелік принцип төмендегі әдістемелік ережелерді ақтауды талап етеді. 

1.  Балаларда орфоэпиялық дағды қалыптастыру

2.  Грамматикаға үйрету барысында логикаға үйрету; 

3.  Қазақ тілін басқа пәндермен байланыстыру; 

Екінші 

заңдылық 

Тілді ұғыну үшін орасан зор сезімталдық керек. Мұндай қасиет балада тіпті 

сәби  кезінен  болатынын  зерттеушілер  айтып  жүр.  Бұл  принцип  төмендегі 

ережелерді сақтауды талап етеді. 

1.  Балалардың бұрыннан білетін сөздерін тәртіпке келтіру. 

2.  Балалар өздеріне таныс грамматикалық көріністерді белгісіз көріністермен 

салыстыра алатындай материалдар іріктеу.  

3.  Тілдік фактілерді жинақтауға негізделген әдістерді кеңінен пайдалану. 



Үшінші 

заңдылық 

Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналармен қатар сөйлеу 

мәнері  сезімге  бөлене  сөйлеуді  меңгереді.  Мұндағы  әдістемелік  принцип: 

сөйлеу мәнеріне назар аудару. 



Төртіші 

заңдылық 

Жазбаша  сөйлеу  ауызекі  сөйлеудің  таңбалау  жүйесіне  аудару  ретінде 

ұғынылады. Ана тілін оқытуда жазбаша сөйлеудің ауызшамен салыстырылуы 

мынадай әдістемелік принципке негізделеді: 

1.  Ауызекі сөздегі дыбыстармен жазғандағы әріптерді салыстырып отыру

2.  Дауыс ырғағы мен тыныс белгісін салыстырып отыру; 

3.  Ауызша және жазбаша жаттығуларды ұштастыру. 

Бесінші 

заңдылық 

    Фонетикалық  грамматикалық  және  лексикалық  мағыналардың  барлығы 

және тиісті жазбаша таңабалар ұғыну барысында меңгеріледі. 

Бұл принципті іске асыру ережесі мынадай: 

1.  Көрнекілікті пайдалану; 

2.  Есту құралдарын пайдалану; 

3.  Оқу құралдары, көркем мәтіндер, газеттер, журналдар

4.  Балалардың  басқа  пәндерді  өту  барысындағы  сөйлеу  практикасы 

пайдаланылады.  

     Бала әуелі көру не есту арқылы қабылдайды, ал оның мәнін сонан соң ғана 

аңғарады. 

Алтыншы 

заңдылық 

Тілге  үйрену  сөйлеу  органдарының,  жазатын  қолдың  жаттығулары,  қимыл 

қозғалыстарының  тәртіптелуі,  дағдының  қалыптасуы  арқылы  іске  асады. 

Мұғалімнің айтқанын естіп қана тіл үйренуге болмайды. Әрбір бала өзі оқып 




20 

 

жазып  сөйлемдер  құрастырып,  сөйлемдерді  сан  салаға  өзгертіп,  өзі  әрекет 



еткенде ғана нәтижеге жетеді. 

Жетінші 

заңдылық 

Тілге  жүйелі  түрде  сатылап  үйрету.  Тіл  лексика  және  грамматикалық 

формалар  арқылы  ғана  дамиды,  ал  екінші  тіл  неғұрлым  бай  болса,  тілдік 

деректер  де  соғұрлым  ұғынады.  Сондықтан  балалар  үйренгендерін  ұмытып 

қалмау  үшін  тілдік  материалдарды  көбірек  беріп,  сөйлегенде  қолданып 

отыруына  жағдай  жасалады.  Мұнда  қайталаудың  алатын  орны  ерекше  және 

бала есінде саналы түрде, түсініп сақтауы үшін ойлау операцияларын қолдану 

қажет: 


Салыстыру,  анализ,  синтез,  жалпылау,  нақтылау,  дедуктивтік  ой 

қорытындыларын жасай алатындай болуы тиіс. 

 

 

Балалар  тіліндегі  ерекшеліктер  –  сөздің  дыбысталу  жағын  дұрыс  айтуға 



қабілетті бола бастайды. Олардың фонетикалық есту сезімі жетіле бастайды. Бұл 

жағдайда жеке сөздердің дыбыстық жағын дұрыс айтуына негіз болады. 

Екінші  ерекшелігі  –  олар  өзінің  сөйлеу  тіліндегі  мүкістікті  байқамайды, 

сөйлеу  органдарын  дұрыс  пайдалану  керектігін  ескермейді,  артикуляциялық 

аппараттары дыбыстау жағынан әлі толық жетілмегендіктен, кейбір дыбыстарды 

қате  айтады.  Сондықтан,  оларды  сөздің  дыбыстық  жағынан  дұрыс  айтуға 

жаттықтыру жұмысы – тіл дамыту ісінің негізгі бір бөлігі болып табылады. Ол 

үшін  педагог  өзі  жұмыс  істейтін  топтағы  балалардың  сөйлеу  дәрежесін,  әр 

баланың өз қолдану ерекшелігін бақылап, күнделік жүргізуге тисті. Бұл жұмыс 

тілді  үйретудің  алғаш  күнінен  басталады.  Сабақ  үстінде,  сабақтан  тыс 

уақыттарда  педагог  түрлі  суреттер  мен  ойыншықтарды  пайдалана  отырып,  әр 

баламен жеке сөйлесіп, сөйлеу дағдысындағы кемшіліктерді анықтайды. Баланы 

толық зерттеу мақсатында түрліше жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Балаларға 

күрделі дыбыстар жиі қатысатын сөздер, суреттер, өлең, тақпақ, ойын түрлерін 

әзірлеп беруге болады. 

Баланың тіл мүкістігін түзету үшін өтілетін сабақтар бір мазмұнды бірнеше 

бөлімнен  құралады.  Сабақтың  бірінші  бөлімінде  үйрету  мақсаты  қойылады. 

Педагог мысалы, «Ү дыбысын дұрыс айтып үйренеміз» - деп түсіндіреді. Сонан 

соң,  жеке  дыбыстарды  айтқанда  сөйлеу  мүшелерінің  қандай  жағдайда 

болатынын көрсетеді. Сабақтың екінші бөлімінде сол дыбыс қатысатын сөздерді 

айтқызып  жаттықтырады.  Педагог  өзі  бірнеше  суретті  (р  не  л  дыбысы 

қатысатын)  көрсетеді,  балалар  ондағы  затты  айтады.  Балаларға  өз  ойларынан 

бірнеше мысал айту ұсынылады. Олар жауап береді.(шар, тор, кино т.б.) сабақ 

соңында сол дыбыстар жиі қатысатын өлең, тақпақ не жаңылтпаш оқылады. Ал 

сабақтың екінші бөлімінде дидактикалық ойын ойнатып, сахналау, драматизация 

жасатуға болады. 

Түрлі  жаттығу  жұмыстарын  бағдарлама  талабын  ескере  отырып,  басқа 

сабақтарға  қосымша  жоспарлауға  болады.  Күнделікті  тәрбие  жұмысы  кезінде 

таңертең  сабаққа  дейін  яғни  режимдік  сәттерде  түскі  ұйқыдан  соң  әртүрлі 

жұмыспен байланыстыра өткізуге де болады. 

Балаларды сөздің дыбыстық құрамына талдау жасай білуге үйрету үшін де 

жаттығу жұмыстары өтіледі. Балаларды түрлі дыбыстарды айта білуге, әдеби тіл 




жүктеу 287,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау