7
білімдерін емес, тұтас, бірімен тікелей байланысты, мөлшерленген және арнайы
ұйымдастырылған жүйені болжайды. Қоғамның заманауи талаптарына сәйкес
АКТ-ны қолдану білім беру қызметінің сапасын арттыруға, мектепке дейінгі
білім беру мазмұнын жаңа перспективалық мүмкіндіктерімен толықтырып,
кеңейтуге мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған ақпараттық технологиялардың
мазмұнына жаңа буын техникалық оқыту құралдары енеді:
- компьютер, проектор, экрандар, сенсорлық интерактивті тақталармен
жабдықталған мультимедиалық кабинеттер;
- компьютерлік дамытушы ойындар;
- балаларды оқытуда педагогтерге айтарлықтай мүмкіндіктерін арттыратын
анимация элементтері бар видео және фото материалдар.
Балабақшадағы сабақтардың өзіндік ерекшеліктері бар, олар дыбыс және
видеожазбаларды, үлкен иллюстрациялы материалдарды қолдана отырып,
сезімге толы болуы тиіс. Бұның бәрін мультимедиалық мүмкіндіктері бар
компьютрлік техника қамтамасыз ете алады. Бұл жерде компьютер тәрбиешіні
ауыстырмай, тек толықтырып тұруы тиіс. Сондықтан компьютерлік
технологияны білім беруге ендіру – қисынды және заманауи ақпараттық әлемді
тұтастай дамытуға қажетті адым. Сонымен, есту және көру арқылы әсер ете
отырып, мультимедиалық технологиялар жаңа мүмкіндіктер мен ақпараттар
алуға жағдайлар жасайды. Бірақ, дидактикалық құрал ретінде қолданылатын
заманауи ақпараттық технологиялар сабақта балаларды қоршаған ортамен
таныстыру барысында оң нәтижеге тек жасына сәйкес жұмыс түрлері мен
әдістерін тапқанда ғана қол жеткізеді.
Проблемалық оқыту технологиясы
Проблемалық оқыту технологиясы – баланы өз бетімен ізденуге үйрету,
танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Яғни, балалардың
белсенділігін арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе
тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды,
білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды
өмірмен және еңбегімен байланыстырады.
Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін балаларға ұсынатын
өзекті сұрақтар жүйесін жасап ұсыну қажет. Және де кез-келген сұрақ өзекті
бола алмайды. Өзекті сұрақтың жауабы дайын емес немесе жоқ, оны бала өзі
іздеп табуы қажет. Пайда болған мәселе баланы ойлануға оның жауабын іздеуге
итермелеуі қажет. Бұл жерде балаға шешуге берілген өзекті сұрақ балаға шешуі
қиын болуы, екінші жағынан баланың жасына оның сана-сезіміне, біліміне
лайықты болуы қажет. Осындай өзекті жағдай туғызып, сұрақ қою –
проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі болып табылады.
Келесі кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға
жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Ал,
үшінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді
меңгереді. «Мен білдім!» деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде
8
дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім
мен білікті қорытындылайды, жинақтайды.
Проблемалық оқытудың жақсы жақтары:
-
балалардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
-
білім
алуға қызығушылығын арттырады;
-
оларды өздігінен саналы ізденуге үйретеді;
-
білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне қол жеткізеді.
Өздігінен даму технологиясы – бұл баланы жан-жақты дамыту, дербестікке
тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Мұнда
оқыту бала дамуына сәйкес табиғи болуы керек, сонда ғана бала өзін дамыта
алады.
Бұл технологияның ерекшелігі оқытудың бірыңғай бағдарламасы
болмайды, әркім табиғат берген даму жолымен жүреді. Балабақшада сабақ
болмайды әр күн жалпы жиыннан басталады және жиыннан кейін әркім өз
еркімен қалаған жұмысымен айналысады. Әр баланың іс-әрекеті өз еңбегіне орай
үлкендердің басқа бала тарапынан бағаланады. Мұндағы басты мәселе бала өзін-
өзі бағалайды.
Ынтымақтастық педагогикасы – педагогтың талап ету педагогикасынан
қарым-қатынас педагогикасына көшуі. Балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту
мен тәрбиенің ажырамас бірлігі: тәрбиеші-бала, бала-тәрбиеші, бала-бала, яғни
бала да тәрбиеші де субъектілер болып табылады. Сонымен қатар, баланың жеке
басына ізгілік қарым-қатынас, бала мен тәрбиеші арасындағы өзара түсінушілік,
ынтымақтастық қарым-қатынас жасау.
Бұл технологияның негізгі мақсаты − баланы азамат етіп тәрбиелеу,
олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен
жүрегіне жылылық ұялату.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы – білім, білік, дағдыны меңгерту
болып табылады. Әр баланы қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту,
балалардың әр түрлі топ ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды бейімдеу, ыңғайлау.
Модульдік оқыту технологиясы − оқытудың тұтас технологиясын
жобалау, алға қойған мақстқа жетуді көздейтін педагогикалық процесті
ұйымдастыру, тәрбиешіге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені
таңдау және құру. Балалармен жүргізілетін жұмыстарда кездесетін
қиыншылықтардың алдын-алу және түзету жұмыстарының жүйесін құру.
Дамыта оқыту технологиясы – баланы оқыта отырып, дамыту. Бала
бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік,
адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту.
Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар
балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін, әр сатыға балалардың қабылдау
мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі
балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді.
Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес,