Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет48/113
Дата05.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#42025
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   113
азык тулык китап

3.2.4. Мышьяк, оның уыттылығы жəне ластану көздері
Мышьяк қоршаған ортада кеңінен таралған. Ол дерлік барлық 
топырақтарда кездеседі. Мышьяктың тотығу деңгейі -3, 0, +3, +5. 
Мышьяктың кеңінен таралған бейорганикалық қосылыстарына мы-
шьяк оксиді (III) Аs
2
О

жəне (V) Аs
2
О

жатады. Мышьяктың басқа 
да маңызды қосылыстарына мышьяк хлориді (III), қорғасын арсена-
ты, мыс ацетарсенаты сияқты түрлі тұздар, сонымен қатар арсиннің 
газтəріздес сутекті қосылыстары (АsН
3
) жатады. Уыттылық деңгейі 
бойынша мышьяк келесі қатарға топтастырылады: 
АsН
3
> Аs
3+
> Аs
5+
> RАsХ.
Қоршаған ортада кеңінен таралғандықтан жəне ауылшаруа-
шылығында қолданылғандықтан мышьяк көптеген тағам 
өнімдерінде болады. Əдетте, оның мөлшері тағам өнімдерінде 
аз (0,5 мг/кг – нан төмен), 1 мг/кг – нан сирек асады, ал кейбір 


82
теңіз микроағзалары осы элементті жинақтайды. Айтарлықтай 
ластану болмаған жағдайда мышьяк мөлшері нан өнімдерінде – 
2,4 мг/кг дейін, жемістерде – 0,17 дейін, сусындарда – 1,3 дейін, 
етте – 1,4 дейін, сүт өнімдерінде 0,23 мг/кг-ға дейін болады. Теңіз 
өнімдерінде мышьяк мөлшері көп болады, əдетте, ол 1,5-15,3 мг/
кг құрайды. Мышьяк дерлік барлық тұщы суларда болады. Əртүрлі 
көздердегі ауыз судағы мышьяк мөлшері терең жыныстардың 
табиғаты бойынша анықталады. Кейбір геологиялық формациялар-
да арсеноприт жатады, ол тұщы судағы мышьяктың көзі болып та-
былады жəне оның концентрациясын 0,5-1,3 мг/л дейін ұлғайтуға 
əкеп соқтырады.
Мыс балқыту зауыты, түсті металдарды өңдейтін, қоңыр көмірді 
жағатын кəсіпорындар айналасындағы мышьяк қосылыстары 
қоршаған ортаның техногенді ластануының негізгі қаупін тудырады. 
Мұндай кəсіпорындардың жұмыс орындарында мышьяк тəріздес 
ангидрид жəне мышьяктың басқа да қосылыстарының жоғары кон-
центрациясы түзіледі, олар суда, топырақта, өсімдікте жиналып, 
ластанған жеммен қоректенетін жануарлардың ағзасына, солардан 
алынатын сүт жəне етке таралады.
Медицина мамандары аз мөлшердегі мышьяктың адам ағзасына 
пайдалы əсер ететінін анықтаған, бұл металл қантүзуді жақсартып, 
азот жəне фосфордың сіңуін жоғарылатады, белоктардың ыды-
рауын шектейді, тотығу процестерін əлсіретеді. Мышьяктың бұл 
қасиеттері емдік мақсатта мышьяк препараттарын тағайындауға 
қолданылады. Бейорганикалық препараттарды (натрий арсенатының 
ерітіндісі (III), мышьяк ангидриді жəне т.б.) жүдеп əлсіреу кезінде, 
қан аздық, кейбір тері ауруларын емдеуге тағайындайды. Тіс емдеу 
тəжірибесінде мышьяк ангидридінің пастасын қолданады («ақ мы-
шьяк»). Мышьяктың органикалық препараттары қайтымды тиф, ма-
лярия жəне бірқатар жұқпалы ауруларды емдеуге қолданылады.
Бірақ емдік мышьяк препараттарын малшаруашылығында ұзақ 
уақыт жəне үлкен дозаларда қолдану, жануардан алынатын ет 
жəне сүтте, қышымаға қарсы емдеу барысында жүнде мышьяктың 
жинақталуына алып келуі мүмкін.
ААҰ жəне БДСҰ сарапшыларының мəліметтері бойынша, ересек 
адамдар үшін мышьяктың тəуліктік дозасы орташа алғанда 0,05-0,42 
мг құрайды. Құрамында мышьяк концентрациясы жоғары өнімдерді 
қолданғанда уытталу қауіптілігі жəне кері зардаптар туындайды.
Үш жəне бес валентті мышьяк формалары асқазан – ішек жол-


83
дарына тез сіңеді. Нақты жұтылған мышьяк мөлшері мышьяктың 
химиялық қосылыстарының түріне жəне тағам құрамына байланы-
сты болады. Жұтылған мышьяк А-глобулинмен қосылып протеинді 
кешен түрінде барлық органдармен тіндерге тез таралады. Ағзаға 24 
сағаттан кейін түскеннен кейін оның концентрациясы органдардың 
көпшілігінде азая бастайды. Ағзаға түскеннен кейін терідегі мышьяк 
мөлшері бірнеше күндерден кейін ұлғаюы мүмкін. Мышьяктың 
теріде, аяқта, шашта, сонымен қатар сүйек жəне бұлшықетте жина-
латыны байқалған. Мышьяк белоктың сульфгидрильді топтарымен 
байланысып, жасушалы метаболизм жəне тыныс алу процестеріне 
қатысатын көптеген ферменттердің əрекетін тежейді.
Мышьякпен созылмалы улану тəбеттің жоғалуын жəне салмақтың 
төмендеуін, ішектік бұзылыстар, перифериялық невроз, конъюн-
ктивит, гиперкератоз жəне тері меланомасын тудырады. Мелано-
ма мышьяктың ұзақ əсер етуі барысында пайда болады жəне тері 
рагының дамуына алып келуі мүмкін. ААҰ жəне БДСҰ сарапшыла-
ры мышьяктың 1 кг дене массасына РЕТД -сын 0,05 мг деп бекіткен, 
ол ересек адам үшін 3 мг/тəул. құрайды.
3.2.5. Мыс, стронций, мырыш, темір, сурьма, қалайы, никель, 
хром жəне алюминийдің уытты қасиеттері
Мыс 
адамзат таза күйінде қолданған бірінші металдардың бірі. 
Мыстың едəуір көп мөлшері электротехника өнеркəсібі, суөткізгіш 
жəне жылыту жүйелерін дайындау үшін, ауылшаруашылығы жəне 
фармакологияда қолданылады.
Мыс дерлік барлық өнімдерде болады. Ересек адамның мысқа 
тəуліктік қажеттілігі – 2,0-2,5 мг, яғни 35-40 мкг/кг, балалар 
үшін – 80 мкг/кг-ды құрайды. Тағамда мыстың физиологиялық 
антагонистері – молибден жəне мырыш мөлшері қалыпты болса, ААҰ 
сарапшыларының бағалауы бойынша мыстың тəуліктік қажеттілігі 
0,5 мг/кг-нан артық болмауы мүмкін (рационда 30 мг дейін).

жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау