Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет3/113
Дата05.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#42025
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
азык тулык китап

4
I БӨЛІМ. 
АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ: ТҮСІНІГІ, 
МƏНІ ЖƏНЕ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ
1.1 Сапаның құрамдас бөліктерінің бірі ретіндегі азық-түлік 
шикізаты жəне тағам өнімдерінің қауіпсіздігі
Азық-түлік шикізаты жəне олардан өңделген өнімдердің сапасы 
мен қауіпсіздігі мəселесін шешу проблемасы – Қазақстан халқының 
салауатты тамақтану саласындағы мемлекет саясатының концепци-
ясын іске асыру жөніндегі басым бағыттардың бірі болып табылады.
Азық-түлік тауарларының сапасын қалыптастырудың 
негізгі ұстанымдарының ішінде олардың қауіпсіздігін, адамға 
тағайындалатын тағамға сəйкес өнімнің тағамдық құндылығын 
атап кеткен жөн. Өнімнің сыртқы түріне, органолептикалық 
көрсеткіштері, қаптамасы, сапасы туралы тұтынушыға арналған 
ақпаратқа жəне өнімнің қолданылу бағытына үлкен мəн беріледі.
Экономикасы дамыған елдерде өнім сапасы: 
– өнеркəсіп кəсіпорындарының ғылыми-техникалық прог рестің 
соңғы жетістіктерін жеделдетіп қолдануға қабілеттілігі;
– ішкі жəне халықаралық нарықтың талаптарын, тұтыну-
шылардың түрлі категорияларының қажеттілігін мұқият зерттеу;
– «адам факторын» пайдалану: жұмысшылар жəне же тек шілерді 
оқыту, тəрбиелеу, біліктілігін жүйелі түрде жоғарылату, материалды 
жəне моральды ынталандыруды қолдану сияқты негізге алынатын 
факторлардың əсерімен қалыптасады.
АҚШ-та фирма жұмысшылары мен қызметкерлерін қайта даярлау 
үшін жыл сайын 25 млрд. доллар жұмсалады: кəсіби біліктілік құны 
өте қымбат. Өнім сапасына жауапты арнайы қызметкерлерді даярлауға 
үлкен көңіл бөлінеді. Ереже бойынша, олар ұйымда тиісті сапа жүйесін 
əзірлеу, енгізу жəне қызметін қамтамасыз ету жұмыстарымен айналы-
сады жəне ішкі аудитті (сапа жүйесін тексеру) жүргізеді.
Тауар нарығында ұсынылатын үлкен алуан түрлілік, ақаулы 
өнімді сатуға қатысты құқықтық жауапкершіліктің жоғарылауы, 
одаққа, қоғамға жəне ассоциацияға біріккен тұтынушылардың 
қысымы жəне қатаң бəсекелестік жағдайында «өмір сүруге» талпы-
нысы – шетел компаниялары жəне фирмаларының жоғары деңгейлі 
өнім өндіруіне итермелейтін негізгі факторлар болып табылады.


5
Отандық тағам кəсіпорындарында өнім сапасына байланысты 
сұрақтарға, жекелеп алғанда сапа жүйесін əзірлеуге қажетінше на-
зар аударылмауда.
Қазіргі уақытта сапасыз тауар өндіретін кəсіпорындар шы-
ғындарының əсерінен өнім сапасына жаңа қатынас қалыптасуда жəне 
кəсіпорынның экономикалық көрсеткіштеріне сапаның əсері өсуде. 
Сырттан əкелінген сапалы тауарлар отандық өнімдерге бəсекелестік 
тудыруда. Халықаралық стандарттардың талаптарына бағытталған 
сапаны қамтамасыз етудің қазіргі заманғы жүйелерін əзірлеген жəне 
қолданатын кəсіпорындар құрылуда.
Жоғары сапалы тағам өнімдеріне қажеттілікті қанағаттандыру 
қазіргі күннің негізгі əлеуметтік-экономикалық проблемалардың 
бірі. Осы өнімдердің қауіпсіздігі бойынша түзілген сұрақтарды 
жылдамдатып шешу қажеттілігі бойынша туындаған проблема-
лар бірнеше ондаған жылдар бойы бақылаусыз қолданылған ми-
нералды тыңайтқыштар, өсімдікті қорғайтын химиялық құралдар, 
жануарларға арналған жемдік қоспаларға байланысты ушығуда. 
Экологиялық ахуал, бақылаушы органдар мен ұйымдардың жұмысы, 
стандарттау жəне сертификаттауға қатысты кейбір сұрақтар 
шешімдерінің жетілмеуі, отандық нормативтік құжаттардың 
халықаралық жəне еуропалық стандарттарға сəйкес келмеуі тағам 
өнімдерінің сапасына ерекше əсер етеді. Болашақ тұтынушы 
нарығынан тыс қалмас үшін сапа жүйесін құру жəне оны жетілдіру 
бағытында белсенді жұмыс жүргізу қажет. Осындай бағыттардың 
біріне əлемнің экономикасы дамыған мемлекеттеріндегі тағам 
өнімдерінің сапасын бақылау жүйесінде кеңінен мақұлданған «сапа 
ілмегі» бойынша қызмет жатқызылады.
ИСО*9000 жəне 10000 стандарттары əлемнің шаруашылық 
жүйесінің нарықтық экономиканың бірыңғай қағидасына ауыса-
тын ұзақ үдірісін бейнелейтін əлемдік тəжірибені жинақтайды. 
Бұл стандарттар əлемнің 70-тен астам мемлекеттерінде əрекет ете-
ді. Қазіргі уақытта 50 мыңнан астам кəсіпорындардың сапа жүйесі 
тіркелген, ай сайын 2 мыңға жуық сапа жүйесі сертификатталады, 
бұл жаңа мыңжылдықтың басында сапа саласындағы халықаралық 
жəне ұлттық ұйымдардың ғаламдық саясатын көрсетеді.
Азық-түлік шикізаты мен тағам өнімдерінің сапасын жəне 
қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз ету жұмыстары өндірістік, 
мекемелік, мемлекеттік жəне қоғамдық деңгейлерде жүзеге асыры-
лады.


6
Сапаны бақылауды қамтамасыз етудің маңызды құралына өнімді 
таңбалау жатады, бұл тұрғыда оны Еуропа жəне халықаралық 
стандарттар талаптарына сəйкес өзгерту қажеттілігін атап кеткен 
жөн.
Қарастырылып отырған проблеманы шешуде, басыңқы 
(приоритетті) ластағыштармен олардың түсу деңгейін анықтау 
мақсатында, азық-түлік шикізаты мен тағам өнімдерінің химиялық 
жəне биологиялық текті ксенобиотиктермен ластануына байланы-
сты тұрақты тексеріс жүргізу қызметі үлкен мəнге ие болып отыр.
Толығымен алғанда жоғарыда көрсетілген іс-шаралар – 
олардың орындалу жəне бақылау тиімділігін қамтамасыз ететін 
мақсатқа бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жəне жобаларға 
біріктірілуі тиіс. Мемлекеттік жобалар шеңберінде жекелеген 
аймақтардың ерекшеліктерімен мүмкіндіктерін ескере отырып, 
тиісті бағдарламаларды əзірлеу қажет.

жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау