118
Қоршаған орта объектілерінің диоксинмен ластануын
төмендетуге бағытталған нақты техникалық шешімдерді əзірлеумен
қатар, осы ластағыштармен күресетін жалпы бағдарлама қажет.
Мұндай бағдарламаның келесідей негізгі кезеңдері болуы тиіс:
- қоршаған ортаның əртүрлі объектілерінде диоксин мөлшерін
талдауды жүргізу қажет;
- заттардың қоршаған ортаға таралуына мүмкіндік
бермейтін
тұйықталған технологиялық циклдерді құру;
- диоксинді заттардың түзілуін болдырмайтын жаңа технологи-
яларды, жəне күл-қоқыс жəне өндіріс қалдықтарын жоятын жаңа
əдістер құру;
- үлкен аудандарды жылдам детоксикациялау əдістерін əзірлеу;
- тазалау əдістерін жетілдіру жəне диоксиндердің ыдырау шарт-
тарын жəне катализаторларын іздеу;
- диоксин қаупі бар барлық өндіріс орындарын жабу;
- суды тазалу станцияларында хлорлау
процесін озондау немесе
УК-сəулелеу процесіне алмастыру;
- тұрақты медициналық тексерістер.
Көрсетілген проблемаларды жартылай шешу үшін:
- техногендік органикалық жəне металорганикалық суперэкоток-
сиканттардан қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мақсатқа бағытталған
мемлекеттік бағдарлама жəне іс-шаралар кешенін əзірлеу;
- табиғат жағдайында диоксин мөлшерін жəне оның негізін
салушыларды жедел бақылау критерилерін, əдістерін жəне
ұйымдастырылуын əзірлеу;
- табиғи ортадағы ультра аз ғана экотоксиканттар мөлшерін
анықтау əдістерін əзірлеу сияқты міндеттер қарастырылады.
Қоршаған орта объектілеріндегі
диоксин мөлшерін бақылау
жүйесін құру бойынша іс - шаралар жоспары:
- табиғат қоршаған ортаны жəне халықты диоксиннен қорғау кон-
цепциясын əзірлеу;
- қоршаған ортаның əртүрлі объектілеріндегі диоксиндерді
анықтаудың аналитикалық əдістерін жəне сандық анықталуын
зерттеуді əзірлеп, қадағалау мекемелерінің тəжірибелеріне енгізу;
- қоршаған ортаның əртүрлі объектілеріндегі диоксиндер
мөлшерінің экологиялық нормативтерін əзірлеу;
- экологиялық мониторингті ұйымдастыру жəне жүргізу, диоксин
қаупінің шығу көздерін жəне аймақтарын анықтау, диоксинмен ла-
стануына
байланысты аймақтарды жіктеу;
119
- диоксиндердің түсуіне байланысты табиғат қоршаған ор-
таны қорғау бойынша технологиялық сызбаларды əзірлеу жəне
өнеркəсіпте жүзеге асыру жəне диоксин қаупі бар өндірістерді
қауіпсіз технологияға ауыстыру;
- ластанған аумақтарды сауықтыру бойынша экологиялық іс-
шараларды іске асыру сияқты мəселелерді қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: