Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет15/53
Дата13.11.2018
өлшемі1,24 Mb.
#19259
түріМетодическое пособие
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53

Тәрбие  жүйесін  жаңартудың  негізгі  талаптары  –  білім  берудің  заманауи 
жағдайларында  ұлттық  және  жалпыадамзаттық  құндылықтар,  ғылым  және 
практиканың жетістіктері негізінде тұлғаның қалыптасуына, дамуы мен кәсіби 
тұрғыдан  кемелденуі  үшін  білім  алуға  қажетті  міндеттерін  толық  көрсететін, 
қоршаған әлемді, өз тұлғасының әлемін тануға, саналы түрде өзіндік тануы мен 
өзіндік басқару біліктерін игеруге және дамытуға қабілетті тұлға қалыптастыру.  
Заманауи 
жағдайларда 
рухани-адамгершілік 
тәрбиені 
енгізу 
проблемаларына  көп  көңіл  бөлінуде.  Рухани-адамгершілік  тәрбие  тұлғаның 
өзін-өзі  тануы  мен  өзіндік  сана  арқылы  өтеді.  Өзіндік  сана  патриотизм  мен 
еуразиялықтың  көпэтникалық,  көпмәдениетті,  көпконфессиялы  Қазақстанда 
нығайған,  бекіген  жалпыхалықтық  қазақстандық  идеясына  бағдарланады, 
рухани  келісім,  өзара  түсіністік,  бірігу  және  саяси  тұрақтылық  мемлекеттік 
саясат  деңгейінде  басым  құндылықтар  болып  табылады.  Адамзаттық 
құндылықтардың  барлығы  әр  жас  кезеңінде:  мектепалды,  мектеп,  колледж, 
жоғары оқу орны ұлғайып жатқан шеңбер принципі бойынша оқыту мазмұны 
болады.  Оқытудың  әр  жас  кезеңінде  «адам-әлем»  ара  қатынасының  мәнін 
ашатын  бірнеше  проблемалық  түйіндерді  көрсетуге  болады,  олар  қалпына 
келеді және әр жолы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жаңарып 
отырады [22]. 
Қандай  да  бір  құндылық,  егер  оны  тұлға  сезінген  және  бағалаған 
нысандарды  ұйымдастыру  және  іріктеу  бойынша  қажеттілік  туындаған 
жағдайда  мақсатты  қызмет  жүзеге  асырылады  және  тұлға  қажеттілігінің 
нысаны болады.  
Тәрбие  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  іске  қосудың  әлеуметтік 
ұйымдасқан  процесі  ретінде  қарастырылуы  мүмкін.  Жалпыадамзаттық  және 
ұлттық  құндылықтар  мен  педагогтердің  жаңашыл  тәсілдері  негізіндегі  тәрбие 
жүйесі үнемі жетілдірілуде, жаңартылуда. 
«Жаңарту» термині ( фр. moderne – заманауи) түрлі жетістіктерді енгізу 
жолдары арқылы осы заман талаптарына сәйкес өзгеруді білдіреді. Жаңғыртуға 
деген көзқарас әлеуметтік-білім беру құбылысы мен әлеуметтік-педагогикалық 
түсінік ретінде білім беру басымдықтарынан туындайтын жаңарту бағыттарын 
анықтауды ескереді.  
Сонымен,  түрлі  педагогикалық  жүйелердің  кірігуін  және  бірлесуін 
қамтамасыз  ететін  динамикалық  өзіндік  ойлау,  жалпыадамзаттық  моральдық 
құндылықтардың  басым  болуы,  жауапкершілік,  толеранттылық,  басқаларға 
қатысты бейілділік, өз құқықтарын қорғауға дайын болуы, адамгершілікке жат 
құндылықтарға  қарсы  тұру  қабілеті  үшінші  мыңжылдықтың  басты 
құрамдастары болып табылады.  
Тәрбиені  жаңа  тұрғыдан  ойластыра  отыра,  жаңартылған  «тәрбие» 
ұғымының мәнін анықтау қажет.  
«Шынайы тәрбие сырттан қондырылатын қандай да нәрсе емес, ол өмірге 
келген  әрбір  адамда  болатын  қасиеттер  мен  қабілеттердің  дамуы»  [9,  23  б.]. 
«Тәрбие  –  баланың  үнемі  рухани  баюы»  [24,  37  б.].  Тәрбие  –  тұлға  дамуы 
33 
 


процесін педагогикалық басқаруы (В. Караковский, Л. Новикова, Л. Фридман, 
Е.  Бондаревская  және  басқа  заманауи  ресейлік  ғалымдар  және  практиктер 
бойынша). 
Заманауи  жаңартылған  тәрбие  жүйесінің  мақсаты  –  шығармашылық 
біліктілігі мен дағдыларды меңгерген интеллектуалды, рухани бай, еркін, дені 
сау, мәдениетті тұлға тәрбиелеу.  
Қазіргі  әдебиеттер  талдауы  тәрбие  жүйесінде  жалпыадамзаттық  және 
ұлттық құндылықтар негізінде нақты педагогикалық ықпалдармен қоса жүретін 
белгілі процестер әрекет ететінін көрсетіп отыр.  
Тәрбие жүйесінің негізін келесі көзқарастар құрайды: 
– 
азаматтық  көзқарас  –  оқушыларда  рухани  құндылықтар  және 
дәстүрлерді тәрбиелеу, ұлттық діл қалыптастыру; 
 – 
тұлғалық-бағдарлы  (тұлғаға  бағытталған)  көзқарас  –  тәрбиелік  қызметтің 
жаппай,  топтық  және  жеке  түрлерін  қолдану,  оқушыны  тәрбие  процесінің 
қатысушысы ететін өздік даму субъектісі ретінде тану; 
 – 
іс-әрекеттік  көзқарас  –  қызығушылық  бойынша  жұмыстың  кең  таңдауы 
жағдайларындағы  өзіндік  анықтаудың  еріктілігі  және  саналылығы  (бұл  кезде 
әрбір  оқушы  адам  бойындағы  қадір-қасиеті  мен  адамгершілік  орнықтылығын 
қалыптастыратын жетістік пен өзіне деген сенімділікті сезініп, жанына жақын 
іспен айналысады);  
– 
балалармен жұмысты ұйымдастырудағы кешенді көзқарас – тәрбиелік іс-
әрекет  тұлғаға  бағытталған  білім  беру  бөлігі  және  оқу  процесінің  логикалық 
жалғасы болып табылады; 
 – 
мәденитанулық көзқарас – оқушылардың әлемдік және ұлттық мәдениеттерге 
шомуы арқылы әлеуметтікмәдени ортаға бірігуі, мәдени өзін-өзі ұйымдастыру 
және өзін-өзі іс жүзінде көрсету біліктерін қалыптастыру; 
 – 
орта  көзқарасы:  бір  жағынан  –  оқушының  құндылықты  бағдарын,  басқа 
жағынан  –  қазіргі  өмір  жағдайларына  бейімделу  –  сыртқы  ортамен  өзара 
қарым-қатынасты анықтайтын тұрмыс қалпын жасау; 
 – 
жасы.  Мектептің  барлық  іс-әрекетінде  –  оқу  және  сыныптан  тыс  білім 
мазмұны бала психикасының сензитивті кезеңдерін ескере отыра анықталады; 
 – 
шығармаластық.  Педагогтар  мен  білім  алушылардың  ынтымақтастығы,  іс-
әрекеттің неғұрлым тиімді формалары мен түрлерін бірлесе іздестіру; 
 – 
табыстылық.  Өз  күшіне  сену,  табыс  маңызды  даму  деңгейінде  қаланған 
әлеуетті ашудың негізі ретінде. 
Мектептің тәрбие жүйесі келесі қызметтерді атқарады: 
−  жобалау  қызметі мектептің  тәрбие қызметін жетілдіреді,  тәрбиелік өзара 
әрекет етудің тиімді формаларын іріктеуге ықпал етеді; 
−  дамыту  қызметі  бала,  педагог,  ата-ана  тұлғасында  болып  жатқан  оң 
өзгерістерді  үнемі  ынталандыруға  және  дер  кезінде  қолдауға,  осыған  сәйкес 
оқушы,  педагогикалық  және  ата-аналар  ұжымдарының  дамуын  қамтамасыз 
етуге бағытталған; 
34 
 


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау