Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 0,72 Mb.
Pdf просмотр
бет4/26
Дата30.05.2018
өлшемі0,72 Mb.
#18458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

мамандар  мен  педагогтардың  кәсіби  қосымша  құзыреттіліктерді  меңгеруін 

қарастырады.  Қажетті  құзыреттерге:  педагогикалық  бақылау  жүргізу  білігін, 

жас  ерекшелігінің  түрлі  кезеңдеріндегі  баланың  даму  заңдылықтарын  білуді, 

командада жұмыс істеу шеберлігін, әріптестерімен педагогикалық мәселелерді 

талқылауға қатысуды және т.б. жатқызуға болады. 

Мамандар мен педагогтардың оқушы тұлғасына құрметпен қарау және кез 

келген  балаға  көмек  көрсетуге  деген  жоғары  ынта  негізінде  жатқан  бірыңғай 

құндылықтар  жолын  ұстанулары  айтарлықтай  маңызды  фактор  болып 

табылады. 

Командалық  өзара  әрекеттестік  жағдайында  түрлі  бағыт  мамандарының 

мазмұндық  міндеттері  шешімінің  арасында  –  оқыту  процесінде  балаға 

көрсетілетін көмектің қолайлы жүйелілігін және көлемін таңдау міндеті болуы 

тиіс. Мазмұнды келесі міндет – бұл, педогогтарға, олардың бірыңғай пәнаралық 

команда  жағдайында,  өздерінің  кәсіби  біліктерін  жетілдірулері  үшін  қажетті 

әдістемелік қолдау көрсету. 

Консилиумды 

психологиялық-педагогикалық 

қолдау 

қызметі 


мамандарының  және  педагогтардың  өзара  байланысының  негізгі  түрі  ретінде 

қолдану,  белгіленген  міндеттерді  ойдағыдай  шешуге  мүмкіндік  береді. 

Мамандар (психолог, логопед, дефектолог-мұғалім) оқушының мәселесі туралы 

жай ғана айтып қоймай, педагогқа сол мәселені шешу жолдарын көрсетулері де 

тиіс,  себебі  оқу  процесі  барысында  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар 

оқушыға  көмек  көрсетумен  байланысты  негізгі  жұмысты  орындаушы  мұғалім 

болып  табылады.  Арнайы  педагогиканың  әдістерін  және  тәсілдерін  меңгерген 

мұғалім, оқыту процесінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ете отырып, оларды 

сыныптың  барлық  оқушыларына  қатысты  шығармашылықпен  пайдалануға 

қабілетті. 

Осылайша,  дұрыс  ұйымдастырылған  психологиялық-педагогикалық 

консилиум,  тек  оқушыларды  психологиялық-педагогикалық  қолдау  жүйесінде 

ғана  емес,  мектептегі  білім  беру  процесінің  сапасын  арттыру  мәселелерін 

шешуде де маңызды рөл атқарары сөзсіз. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


10 

2 Мультидисциплинарлық топтың қызметі бойынша шетелдік тәжірибені 

талдау 

 

Мемлекеттік  білім  беру  процесінің  басты  мақсаты  ерекше  білім  беруге 



қажеттіліктері бар балалардың  қолжетімді білім  алу құқығын қамтамасыз ету 

болып табылады.  

Қазақстандық  білім  беру  ұйымдары  осы  құқықты  жүзеге  асыруға 

ұмтылады.  Алайда,  бүгінгі  таңда  бұл  мәселе  инновациялық  және 

дисскусиялық  түрде  қалуда.  Өйткені,  білім  алушылардың бойындағы  ерекше 

қажеттіліктері біркелкі  емес  болуы  мүмкін.  Сондықтан, инклюзивті  біліммен 

тек  эмоционалдық,  ерік-жігерлі  немесе  психоәлеуметтік  бұзылыстары  бар 

балалар  қамтамасыз    етілмей,  оған  қоса  есту,  көру,  сөйлеу,  тірек-қимыл 

аппаратында,  ақыл-ойында  т.б.  бұзылыстары  бар  балаларын  да  қамту 

мәселелері қаралуы тиіс. 

Бұл  балалардың  бұзылыстары  әр  түрлі  деңгейде  болуы  мүмкін:  жеңіл, 

орташа, ауыр. Бұдан ерекше қажеттіліктері бар балалардың даму бұзылыстары 

күрделенген  сайын  инклюзивті  білімді  жүзеге  асыратын  білім  беру  ұйымы 

педагогтарының  педагогикалық  әрекеті  мен  құзыреттілігінің  деңгейі 

жоғарлауы тиіс деген қорытынды жасауға болады. 

Әрине,  баланың  ерекше  қажеттіліктері  мен  оны  оқыту  жағдайларын  

(интеграция,  инклюзивті  оқыту  немесе  арнайы  ұйымда,  үйде  оқыту  т.б.) 

анықтауда  ПМПК  іске  асырады,  бірақ  осы  балаларды  қолдауда  көптеген 

қиындықтармен кездесіп келе жатқан білім беру  ұйымындағы педагогтардың 

ролі де аз емес. 

Мұғалімдердің қиындықтарын атап өтсек: 

1)  жалпы  білім  беру  ұйымында  ерекше  қажеттіліктері  бар  баланы 

педагогикалық  және  психологиялық  қолдауда  тиісті  кадрлық  құраммен 

қамтамасыз етумен байланысты қиындықтар; 

2)  бірнеше  диагнозды  ерекше  қажеттіліктері  бар  балаларды  тәрбиелеу 

және оқытудағы әдіснамалық базасымен байланысты қиындықтар; 

3)  балаларға  дер-кезінде  психологиялық-педагогикалық  көмек  берумен 

байланысты қиындықтар; 

4)  инклюзивті  білім  беруді  жүзеге  асыратын  педагогтар  мен  әкімшілік 

құрамының    (әсіресе  буллингтің  алдын  алу  мәселесін)  кәсіби  этикасының 

деңгейімен байланысты қиындықтар;  

5) педагог кадрларды арнайы дайындау проблемасы (ерекше балаға жеке 

тәсілдедерді пайдалану үшін мектеп, колледж және бала бақша педагогтарын 

арнайы  психология  және  түзету  педагогикасының  негіздері  бойынша  оқыту, 

олардың арнайы оқыту технологияларын меңгеруі). 

Инклюзивті  білім  беруді  еңгізу  және  дамытуда  шет  елдердің  келесі  

тәжирибесін байқауға болады: 

Швецияда  ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушылар  қажетті  қолдауды 

көрсете отырып (арнайы педагог немесе ассистенттің көмегі, арнайы көмекші 

құралдармен  қолдану)  қалыпты  сыныпқа  кіріктірілген.  Есту,  көру,  ақыл-ой 

кемістігі  немесе  бірнеше  бұзылыстыры  айқын  көрінетін  балалар  арнайы 



11 

мектептерде  білім  алады.  Қазіргі  таңда  арнайы  мектептер  жалпы  білім  беру 

мектеп  сыныптарына  кіріктірілген  балаларды  қолдау  бойынша  Ресурстық 

орталықтар  болып  табылады.  Швецияда  ерте  жастағы  балалар  аутизмі 

барларды  арнайы  оқыту  күрделі  мәселе  болып  отыр.  Бұл  балалар  қалыпты 

мектептерде  кіші  топтарда  оқиды.  Әр  3  балаға  2  мұғалім  және  1  ассистент 

қарастырылған [7].  

Дания  мектептерінде  ерекше  қажеттіліктері  бар  балалармен  жұмыс 

істеуге арнайы оқытылған мысалы, математик секілді пән мұғалімдері, мектеп 

психологы  және  әлеуметтік  қызметкерлер  қызмет  атқарады.  Оған  қоса  бұл 

жұмысқа  штаттан  тыс  педагог-кеңесшілер  немесе  басқа  мамандар  да  

тартылуы  мүмкін.  Бұл  кеңесшілердің  қызметі    оқыту    жүйесі  мен  материал 

игерімін  бақылап,  педагогтар  жұмысын  қажетті  арнаға  бағыттау  болып 

табылады.  Қиындық  туындаған  жағдайда  олар  баланы  тыныштандыруға 

көмектесіп, жеке бөлмеде оны басқамен шұғылдандырады.  

Финляндияда  ерекше  назарды  талап  ететін  80  балаға  дейін  оқитын 

сыныптардың  барлығында  осындай  мұғалімнің  көмекшілері  бекітілген. 

Педагог  оқу  процесін  ұйымдастырумен  айналысып  жатқан  кезде  көмекші-

кеңесші балаға оқу тапсырмасын орындауда және құрдастарымен тіл табысуда 

көмек беретін маңызды буын болады.  

Норвегияда  әр  апта  сайын  сынып  жетекші,  арнайы  педагог  және 

кеңесші-көмекші  ерекше  назарды  талап  ететің  оқушылардың  ағымдағы 

үлгерімі мен нәтижелері бағаланып, олармен одан әрі жұмыс жоспарланатын 

жиналыстар өткізеді. Кейде бұл жиналысқа мектеп медбикесі де шақырылады. 

Ерекше  қажеттіліктері  бар  «ауыр»  оқушылармен  жұмыс  жасау  барысында 

комиссия бөлек отырыс өткізеді, кейде бұл отырыстарда жаңа жұмыс әдістері 

әзірленеді. 

Норвегиялық 

мектептер 

мектепке 

дейінгі 

білім 


беру 

мекемелерімен,  ана  және  баланы  қорғау  орталықтарымен,  арнайы  күтімді 

қажет ететін балаларға арналған емдеу мекемелерімен белсенді жұмыс істейді 

[7].  


Литва Германияның инклюзивті білім беру моделін табысты  қабылдап 

алды.  Зияты  сақталған  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  жалпы  білім  беретін 

мектепте  5-сыныптан  бастап  оқи  алады.  Ал  мүмкіндігі  шектеулі  1-4  сынып 

оқушылары бөлек бастауыш мектептерде оқиды. 4-сыныптан кейін оқушылар 

келесі кезеңдегі мектептерге ауысады және гимназия немесе қалыпты мектеп 

типтерінен  таңдауға  құқылы  болады.  Тәжірибе  көрсеткендей,  мүмкіндігі 

шектеулі балалардың ата-аналары балаларының басқалардың қарқынымен оқу 

бағдарламасын  толық  көлемде  меңгере  алмайтындығына  көзі  жеткен  соң, 

балаларын  4-сыныптан  кейін  өз  еркімен  арнайы  мектепке  ауыстырады. 

Зиятында  бұзылыстары  бар  балалар  да  жалпы  білім  беретін  мектепте  оқуға 

құқылы,  бірақ  тек  арнайы  сыныпта  ғана  оқи  алады.  Литва  мектептерінде  2 

түрлі  арнайы  сыныптар  бар:  жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  балаларға  арналған 

«арнайы  сынып»  және  орташа  немесе  тіпті  ауыр  ақыл-ой  кемістігі  бар 

балаларға арналған  «дамыту сыныбы». Мектеп штатында жалпы білім беретін 

сынып оқушыларына қызмет көрсететін бір логопед және екі арнайы сыныпқа 

бір  логопед  қарастырылған.  Сурдопедагог,  тифлопедагог,  қозғалуды 




жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау