Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет14/53
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17190
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53

33 
Оқыту  мерзімінің  ұлғайтылуы  балалардың  психикалық  дамуының 
тежелуімен, сөйлеу тілі бұзылуының нәтижесінде жазу мен оқуды меңгерудің 
қиындығымен,  түзету-сауықтыру  шараларын  өткізудің  қажеттігімен 
байланысты болып отыр. 
Мектепке  дейінгі  сәйкес  дайындықтан  өткен  балалар  1-ші  арнайы 
сыныпқа  қабылдануы  мүмкін.  Мектепке  дейінгі  дайындықтан  өтпеген,  1-ші 
сыныптың  бағдарламалық  материалын  меңгеру  үшін  жеткілікті  сөз  және 
ұғымдар қоры жоқ оқушылар, арнайы даярлық сыныбына қабылданады.  
Сөйлеу  тілдік  әрекеті  нормаға  сәйкестендірілген  жағдайда  оқушы 
оқытудың  кез  келген  сатысында  жалпы  білім  беретін  мектептің  кәдімгі 
сыныбына ауыстырылуы мүмкін. 
 
Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету 
Сөйлеу  қабілеті  күрделі  бұзылған  оқушыларды  арнайы  сынып 
жағдайында оқыту, тілдік дамудың бұзылуын жеңуге және оқушылардың оқу 
бағдарламалары  мазмұнын  меңгеру  мүмкіндіктерін  арттыруға  бағытталған 
түзету  компонентін  қамтитын  арнайы  Үлгілік  оқу  жоспарларына  жүзеге 
сәйкес асырылады. Оқыту жалпы білім беру бағдарламаларымен де, сондай-
ақ  арнайы  бағдарламалармен  де,  түзету  пәндерінің  бағдарламаларымен  де 
жүзеге асырылады. 
Оқу  процесінде  оқушылардың  сөйлеу  және  танымдық  ерекшеліктерін 
ескеретін  арнайы  әзірленген  дидактикалық  материалдарды,  АКТ  және  басқа 
да материалдарды қолдану қажет.  
 
Оқушылардың 
білім 
алудағы 
ерекше 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыру 
Оқытудың  түзетушілік  бағыттылығы  білім  берудің  түрлі  деңгейінде 
оқушылардың  тілдік  және  тұлғалық  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  жалпы 
білім  беру  пәндерінің  мазмұнын  оқыту  әдістемесі  саласына  бейімдеу  және 
өзгертудің  көмегімен  жүзеге  асырылады.  Түзету-дамытушылық  нәтиже 
арнайы пәндер (Айту, Тілді дамыту) және тілдік кемістіктері бар оқушыларға 
бейімделген жалпы білім беретін пәндер (Сауат ашу, Әдебиет, Ана тілі), яғни 
түзетуші  лингвистикалық  курс  арқылы  орындалады.  Аталған  курс  тұлғаның 
тілдік  әрекетінің  толық  қалыптасуының  және  қоғамға  ойдағыдай 
бейімделуінің маңызды құралы болып табылады. 
Түзету  сабағы  ретінде  оқу  жоспарына:  «Түзету  ырғағы»  және 
логопедиялық сабақтар енгізілген. 
«Түзету  ырғағы»  курсының  негізгі  мазмұнын  сөздер  мен  музыканың 
үйлесімді  ырғағындағы  қозғалыс  әрекеті  құрайды.  Сабақтар  оқушылардың 
қозғалыс жүйесін, интеллектуалдық және сенсорлық мүмкіндіктерін түзетуге 
және  дамытуға,  сөйлеудегі  кемшіліктерін  жоюға  бағытталған.  Логопед 
сабақтары сөйлеудің күрделі бұзылуларын жеңуге, сонымен қатар бастауыш 
мектепті  аяқтаған  кезде  оқушылардың  ауызша  және  жазбаша  сөйлеу  тілі 
қалыптасып, сөздерді айтудағы кемістіктерін жоюға бағытталады. Логопедтік 


34 
сабақтар  жеке  және  2-4  адамнан  тұратын  шағын  топтарда  да  өткізіледі. 
Негізгі және орта білім беру деңгейінде логопедтің жұмысы жазу, оқу, дауыс, 
сөйлеу жылдамдығы мен ырғағын түзетуді қамтамасыз етуі тиіс.  
 
Өмірлік іс-әрекеттің арнайы ортасы 
Жалпы білім беретін сабақтарға арналған бөлмелерден басқа, мектепте 
логопед  сабақтарын,  психолог  өткізетін  сабақтарға  және  түзету  ырғағын 
өткізуге арналған бөлмелер болуы тиіс. 
 
 
2.5. 
Психикалық 
дамуы 
тежелген 
балаларды 
оқытуды 
ұйымдастыру 
 
Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшеліктері 
«Психикалық  дамудың  тежелуі»  (ПДТ)  ұғымы  орталық  жүйке  жүйесі 
аздап  органикалық  немесе  функционалды  бұзылған,  сондай-ақ  ұзақ  уақыт 
депривацияға  (қолайсыз  әлеуметтік  ортада)  ұшыраған  балаларға  қатысты 
қолданылады.  Бұған  эмоционалды-ерік  саласы  жетілмеу  және  таным 
әрекетінің  дамымауы  тән  болып  табылады.  ПДТ  балаларда  танымдық 
қызығушылығының жеткіліксіз көрінуі жадысының бұзылуы, есту және көру 
түйсігінің  жетіспеушілігі,  нашар  қозғалуымен  үйлеседі.  Қол  буындары 
қозғалуының  кішкене  дифференциалдануы  жабыстыру,  сурет  салу, 
құрастыру, жазу әрекетінің нәтижесіне теріс ықпал етеді.  
Танымдық  белсенділігінің  төмендеуі  балаға  қажетті  мектептегі 
оқытудың  алғашқы  баспалдақтарында  жасына  сәйкес  қоршаған  орта, 
практикалық дағдылар туралы білім қорының шектеулілігін тудырады. 
Сөздің  өрескел  жетілмеуі  дыбыс  шығарудың  бұзылуын,  сөздіктің 
жұтаңдығы  және  жіктелуінің  жеткіліксіздігін,  логикалық-грамматикалық 
құрылымын  игерудің  қиындықтарын  тудыруы  мүмкін.  Көптеген  балаларда 
фонетикалық-фонематикалық  қабылдауының  жеткіліксіздігі,  есту,  сөйлеу 
жадысының төмендеуі байқалады. 
Психикалық  дамуы  тежелген  балалар  дамуындағы  тежелудің  көріну 
деңгейіне  және  себептерінің  әртүрлілігіне  байланысты  біртекті  топқа 
жатпайды.  Т.А.Власов,  М.С.Певзнер,  К.С.Лебединский  т.б.  жүргізген 
клиникалық  және  психологиялық  зерттеулер  балалардың  психикалық 
тежелуін төрт топқа бөлуге мүмкіндік берді: конституционалды, психогенді, 
соматогенді, церебралды-органикалық пайда болуы [7, 8]. 
Конституционалды  психикалық  дамуы  тежелуінің  пайда  болуы 
психофизикалық инфантилизм немесе психикалық синдром түрінде көрінеді. 
Психофизикалық  инфантилизм  көбіне  жеке  және  эмоционалды  жетілмеуі 
түрінде  сипатталады.  Психофизикалы  –  организмнің  бүтіндей  дамуы  және 
жетілуінің  тежелуімен  сипатталады.  Балаларда  төлқұжаттық  жасынан 
психикалық  дамуының  неғұрлым  артта  қалуы  байқалады.  Бұл  сақталған 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау